Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Жұрт.  Аса  Жұрт.  Асра  жұрт.  Астана  жұрт.  Ауыр  жұрт



Pdf көрінісі
бет162/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Жұрт.  Аса  Жұрт.  Асра  жұрт.  Астана  жұрт.  Ауыр  жұрт. 

Байтақ  жұрт.  Ескі  өлең-жырларда  жұрт  сөзі  де  жиі  кездеседі. 

Бұларда жұрт – терминдік қызметте, яғни «ел, белгілі бір этникалық 

құрам және оның көшіп-қонып жүретін мекені, белгілі атымен ата-

латын  халық».  Демек,  жұрт  –  осы  күнгі  халық  сөзінің  синонимі. 

Мағынасын  айқындай  түсуде  ел  сөзімен  қосарланып  та  келеді:  ел-

жұрт.  Мұнда  жұрт-тың  таза  синонимі  –  ел.  Соңғы  варианттың 

өте  ескі  синонимі  тағы  бар,  ол  –  күн  сөзі.  Ол  қазақ  тілінде  жеке 

қолданыстан әлдеқашан айрылған, тек ел-күн тіркесінде сақталған.

Аса жұрт деп бабаларымыз туысқан адамдар қауымын, өз жұр- 

тын  атаса  керек.  Аша  (қазақша  аса)  сөзі  көне  түркі  тілдерінде 

«туысқан»  дегенді  білдірген  (ДТС,  4-бет).  Атақты  түркітанушы 

К.К.Юдахин қырғыз тілінің солтүстік диалектісінде «туысқан адам, 

отбасы мүшесі» дегенді білдіретін араб тілінен келген сөз деп табады 

(Киргизско-русский словарь», 1965, 74-б.). Қазақ тілінде аса жұрт, 



аса ру деген тіркестерде ғана келеді:

Асудан келген қоңыр қаз 



Аса жұрттың елінде...


243

Аса жұртқа барғанда,

Елдің көркі мал дейді...

Баласы аса жұрттың мейман келді («Қыз Жібек», «Айман-Шол-

пан» лиро-эпостарында). 



Аса жұрт тіркесін көрсетілген мағынада Махамбет те қолданған:

Аламанға жол бердік,



Аса жұртты меңгердік.

Аса жұрт тұрақты құрылымындағы аса сөзі түркі тілдеріне ен-

ген араб сөзі ме, әлде араб тіліне өте ертеде түркі тілдерінен ауысқан 

сөз бе – ол жағын әлі де этимологиялық ізденістермен анықтай түсу 

керек, ал бұл сөз қазақ жырларында «туысқан жұрт, өз жұрты» де-

ген мәнде келеді. Бұл сөздің мағынасы заман өткен сайын ұмытыла 

келіп асра жұрт, астана жұрт, байтақ жұрт деген тіркестердің 

қатарын  түзіп  тұрғаны  сезіледі.  Бірақ  бұлар  тепе-тең  синонимдер 

емес.  Асра  (асыра)  сөзі  көне  түркі  тілінде  «бағынышты»  дегенді 

білдіреді (ДТС, 61-б.). Қазақ жырларында қолданылған асра (асыра) 

жұрт «бағынған, бас иген жұрт, ел» мағынасында келетін сияқты. 

Асыра қыпшақ баласы,

Жатқаннан соң байлауда («Қобыланды батыр»).

Ал  кейбір  жырларда  мәнмәтінге  қарап  бұл  тіркесті  аса  жұрт 

дегеннің синонимі түрінде қолданылған ба деп те ойлауға болады.

Арыстан туған екен деп,

Асыра жұрты қуанды («Қобыланды батыр»).

Осы  жырлардан  келтірілген  «бағынышты,  қыпшақ  елі»  деген 

мағынадағы қолданыс деп отырғанымызды да «өз елі» деп тануға бо-

лады. Сондықтан көне түркі тілдерінде екеуі екі түрлі мағына беретін 



аса  және  асра  (асыра)  сөздерінің  о  бастағы  көне  мағынасы  қазақ 

тілінде ұмытылып, жаңа «туысқан» мағынасында жұмсалып кеткен 

деп топшылауға да мүмкіндік бар.

Ал  астана  жұрт  тіркесінің  түсіндірмесі  бұл  екі  тіркестің  та-

нымынан  бөлектеу  түседі.  Астана  жұрт  дегеннің  мағынасы 

парсы  тіліндегі  астан/астана  сөзінің  «табалдырық,  есік»  деген 

мағынасынан «әміршінің сарайы» деп ауысқан алғашқы семантикасы 

деривацияланып, «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт», яғни белгілі 

бір әміршінің (ханның, сұлтанның, патшаның, бектің) қоластындағы 

(«табалдырығындағы») ел, жұрт дегенді білдірсе керек. XIX ғасыр- 

дағы кейбір екі тілдік сөздіктерде (мысалы, А.Старчевскийдің 1878, 

1897  жылғы  «Спутник  русского  человека  в  Средней  Азии»,  СПб., 

1878  атты  сөздігінде)  қазақ  тіліндегі  астана  жұрт  деген  тіркесті 

«көп, сансыз көп халық» деп түсіндіруі – жаңсақтық.

Қазіргі  қазақ  тілінде  астана  сөзі  жұрт,  халық  сөздерімен  тір- 

кеспей жеке қолданылып, «мемлекеттің, яғни елдің орталық қаласы, 




244

орталығы» деген мағына беретіні белгілі. Бұл мағынасы осы сөздің 

парсы  тіліндегі  «сарай,  әміршінің  сарайы,  резиденциясы»  деген 

мағынасын иемденген.

В.В.Радлов  көрсеткендей,  астана  жұрт  дегенде  «сарай  қыз- 

метіндегі адамдар (придворный штат)» деген ұғым бар, соған қара- 

ғанда,  қазақтың  ертедегі  өлең-жырларында  астана  сөзі  жеке  қол- 

данылмаған, тек астана жұрт тіркесімен келіп, «сарайға (хан орда-

сына) қараған ел-жұрт», яғни «әмірші сарайының табалдырығындағы 

ел-жұрт» дегенді білдірген. Астана сөзінің ең түпкі «табалдырық» 

мағынасы  қазіргі  жергілікті  сөздердің  бірі  ретінде  Жамбыл  (Тараз) 

жері  тұрғындарының  жергілікті  сөйлеу  тіліндегі  диалектизм  бо-

лып  сақталған  (ҚТАС,  2005).  Бұл  сөз  тағы  бір  өлкелерде  (Атырау, 

Түрікменстан қазақтарында) жеке тұрып та, халық сөзімен тіркесіп 

те «халық, ел, жиын» мағынасында қолданылады екен (ҚТАС, 2006). 

Демек, астана жұрт тіркесі бүгінгі әдеби тіл үшін ескі элемент бо-

лып табылады.

Ал  ауыр  жұрт-тың  мағынасы  алдыңғы  «жұрттардан»  мүлде 

бөлек:  әуелде  «үлкен,  көп,  сансыз  көп»  деген  мағынаны  білдірген 

сындық мәні бар қолданыс болған. Сондықтан ауыр сөзі ауыр әскер 



қол, ауыр қол, ауыр дәулет сияқты тіркестермен де келеді. Бұларда да 

ауыр – «көп, сансыз көп, үлкен» деген мағынадағы сөз.

«Едіге» жырында және ноғайлы цикліндегі өзге жырлар мен жы-

раулар тілінде ноғайлының ауыр жұрт(ы) немесе ауыр ноғай жұрты 

тіркесі жиі қолданылған.

Тебірлерге қалғанда,

Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз (Шалкиіз, XVI ғ.).



Ноғайлының ауыр жұрт,

Баяу жатқан қайран жұрт («Едіге»).

Шоқан  проф.  Н.И.Березиннің  Тоқтамыс  хан  жарлықтарындағы 

кейбір  сөздердің  қазақ  тілінде  бар-жоғын  сұрап  жазған  хатына 

жауабында:  қазақтар  өзінің  батырлар  жырында  Алтын  Орданы 

ноғайлының ауыр жұрт(ы) деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов. Собра-

ние сочинений в пяти томах. - Том I. - Алма- Ата, 1961. - С.61).

Сөйтіп, ескі өлең-жырлардағы ауыр сөзінің ауыр жұрт тіркесімен 

келгендегі «үлкен» деген мағынасы бұл күнде ескірген, жаңадан осы 

мағынада тіркес құрамайды.

Байтақ немесе аса жұрт (өз жұрты) сөздеріне синоним сияқты 

етіп жалқы есімді – өзен атын атау да орын алған. Қазтуған жырау 

(XVI ғ.) атамекенін, байтағының (Ноғай ордасының) мекенін тастап 

кетіп жатқанда:

Сөйткен менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың, – дейді. 




245

Мұнда екі ескілік бар: бірі – Еділ – «отаным, елім» деген мағы- 

нада,  ал  салу  етістігі  «қалдыру,  тастау»  деген  өте  көне  мағынада 

жұмсалған  тұлға  («сен  тастап  бара  жатқан  жоқсың,  Еділім  –  елім, 

жұртым, байтағым, мен тастап кетуге мәжбүрмін», – деп тұр). Еділ 

сөзінің жұрт сөзіне синоним екендігі келесі екі жолда тіпті айқын 

көрініп тұр:

Қайырлы болсын сіздерге 

Менен қалған мынау Еділ-жұрт!

Бұл өлең тармағындағы Еділ жұрт тіркесі – жиі қолданылатын 

«ел-жұрт»  дегеннің  бір  варианты.  Ноғайлы  дәуіріндегі  өлең-тол- 

ғауларда  келетін  Еділ,  Жайық  екі  су  –  деген  сияқты  қолданыстағы 



Еділ-Жайық-ты  Шоқан  Уәлиханов  «Алтын  Орданың»  бір  атауы 

дейді, екінші бір атауы Ноғайлының ауыр жұрт тіркесі екенін де ай-

тады. Әрине, өз жұртын, атамекенін бейнелеп атау да, өзгеше түрде 

атау да – тарихта бола беретін құбылыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет