Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет172/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

олжаласқан құл немесе жесір деп, ал сатып алған немесе өзге жолмен 

(соғыста емес) келген құлды жетім деп атаған дейді (Ч.Ч.Валиханов 

Собрание сочинений в 5-томах. - Т.I, - 1961. - С.127). Мұны қазақтың 

эпостық  жырларындағы  қолданысы  дәлелдейді.  «Қобыланды»  жы-

рында қалмақтың ханы Көбікті қызына:

Екі пәнде әкелдім,

Берсем сені күйеуге

Бас жетімің еткендей, – дейді.

Мұндағы  екі  пәнде  деп  тұрғаны  –  қапыда  (ұйықтап  жатқанда) 

қолға түскен батырлар – Қобыланды мен Қараман. Көбікті қызына 

сені күйеуге бергенде осы екеуін құл етіп, яғни бас жетім етіп беремін 

дейді. 


Ертедегі қазақ салтында ұзатылған қызға зат-мал-мүлік жасаудан 

басқа малшы-жалшы, күтушілерді қоса беретін салт дәстүрі болғаны 

белгілі. Мысалы:

Қырық құл мен қырық күң

Қосып берді қызына («Қобыланды батыр»). 

«Қыз Жібек» жырында Жібекті іздеп келіп, қалмақ ханынан жеңіп 

алған Сансызбайға қайын жұрты «Сексен нарды толтырып жасау ар-

тып, Бес жетім, алтын отау берді» дейді. Мұндағы бес (әлде бас?) 



жетім – ұзатылған Жібектің жасауына қосып берген құл, күң сияқты 

күтушілер.




259

Жетім  сөзінің  «тұтқын»  мағынасын  күні  кеше  (XIX  ғасырдың 

I  жартысында)  өткен  Махамбет  ақыннан  да  табамыз.  Махамбет 

көтеріліс  жеңілгеннен  кейін  Баймағамбет  сұлтанның  алдына  келу-

ге мәжбүр болады. Ол өзін Баймағамбет сұлтанның қолына түскен 

тұтқын, бірақ ұрыс-шайқаста қолға түскен емес, өз аяғымен өзі келіп 

түскен тұтқын деп атайды:

Ұрмай-соқпай келтірген,

Арманың бар ма Құдайға

Мынау Махамбет сында жетімді-ай, – дейді.

Мұндағы  жетім  сөзінің  ертедегі  тағы  бір  мағынасын  білмеген 

баспагерлер  (редактор,  корректорлар)  бұл  сөзді  тырнақшаға  алып 

жазып  келеді.  Бұл  өлең  жолдарындағы  жетім  –  әке-шешесі 

(қорғаушысы, қолдаушысы) жоқ Махамбетпін деген сөз емес, өзі де 

ашып айтқандай, «ұрмай-соқпай» қолға түскен тұтқынмын деп тұр, 

демек, тырнақшасыз жазылуы керек.

Жесір  сөзінің  қазіргі  мағынасынан  басқа  тағы  екі  мағынасы 

болған: бірі – «соғыста қолға түскен тұтқын», екіншісі – «қалыңмалы 

төленген әйел заты» (оның ішінде ұзатылмаған қыз да). Жесір сөзінің 

бұл мағынасы XX ғасырдың басына дейін, әсіресе «жер дауы, жесір 

дауы» сияқты дау-дамай, сот істері жүріп тұрған кезде де сақталған. 

Жетім,  жесір  сөздерінің  түптөркінін  зерттеушілер  йетим,  йәтім, 

йәсир/йесер/есир – «қолға түскен тұтқын» деген араб сөзі деп жүр. 

Жесір/йасир/йесир  сөзінің  «тұтқын»  мағынасында  сақталуы  түркі 

ескерткіштері  тілінде  жиі  кездеседі.  Бұл  мағынада  сирек  болса  да, 

қазақ  жырларында  да  орын  алған  тұстары  бар.  Мәселен,  «Айман-

Шолпанда»  (XIX  ғ.)  Көтібар  батыр  Маман  ауылын  шауып  алғанда 

оның екі қызы – Айман мен Шолпан: «Жесірді қолға түскен аясын 

ба,  Қорқады  кетеміз  деп  нарға  мініп».  Көтібардың  ерке  тоқалы  – 

Теңге «жесірді жұрт мақтаған көрейін деп» Айман қыздың алдынан 

шығады.  Бұл  жырда  қолға  түскен  деген  анықтауыш  жесір  сөзінің 

«тұтқын»  деген  семантикасын  меңзеп  тұрғанмен,  Айман  сияқты 

бай  қызының  бойжеткенше  айттырылмай,  басы  бос  болуы  мүмкін 

емес,  демек,  қалыңмалы  төленген  қалыңдық  кезінде  қолға  түсіп 

отыр.  Осы  жерде  қазақ  тіліндегі  жесір  сөзінің  3-мағынасы  және 

болғаны  байқалады.  Ол  –  айттырылған,  әсіресе  қалыңы  берілген 

қыз, «тұтқын», болашақ күйеуінің «меншігіндегі» адам. Күні кеше-

ге дейін орын алып келген «жесір дауы» әрдайым күйеуі өлген тұл 

(жесір  әйел)  туралы  ғана  емес,  айттырылған,  көбінесе  қалыңмалы 

төленген, құдалар «құйрық-бауыр жескен» қалыңдыққа қатысты дау 

болғандығы белгілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет