Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет160/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   284
құрал-жабдық,  сауыт-сайман  атауларына,  жорыққа  мінетін  ат 

атауларына,  ұрыс-соғыста  қолға  түсетін  тұтқындар  мен  олардың 

қамайтын (ұстайтын) орындарға, әр алуан іс-қарекеттер атаулары-

на,  киім-кешек  атауларына  қатысты  сөздер  мен  тұрақты  тіркестер 

деуге болады. Бұлардан тыс сөздер де ретіне қарай талдана береді.

Отан, ел-жұрт, мемлекет ұғымдарына 

қатысты атаулар

«Отан»  деп  отырғанымыз  –  қазіргі  ұғым  атауы.  Адамдар  қай 

кезеңде де, әсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге көшкен 

ерте, кейінгі орта ғасырларда, айталық, XIII-XVII ғасырларда белгілі 

бір  этникалық,  территориялық  тұтастықтарға  (бірліктерге)  бөлініп 

өмір сүрген, оның ірі- ірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал 

ертеректегі  ата-бабаларымыз  бұл  ұғымды  отан,  мемлекет,  хандық 

деп  атамай,  ел,  жұрт,  байтақ,  ел-жұрт,  ел-күн  деген  сөздермен 

білдірген.  Бұлардың  ішінде  байтақ,  ел-жұрт,  ел-күн  варианттары 

XV  ғасырда  туған  «Едіге»  жырынан  бастап,  XIX  ғасырда  дүниеге 

келген өлең-жырларда жиірек кездеседі. 

Байтақ.  «Едіге»  жырында,  сондай-ақ  ноғайлы-қазақ  цикліндегі 

жырлардың барлығында дерлік жыр тақырыбының тірек сөздерінің 

бірі –байтақ. Бұл күнде қазақ әдеби тіліндегі байтақ сөзінің негізгі 

мағынасы – «ұшы-қиыры жоқ кең» (ҚТТС, 2-т., 41-бет). Он томдық 

түсіндірме  сөздікте  байтақ-тың  бір  ғана  мағынасы  көрсетілген, 

соңғы кезде түзіліп жатқан 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» 



байтақ сөзі үш омонимдік тұлға ретінде ұсынылған. Байтақ I. парсы 

тілінен енген сөз: «1) астана, бас қала; 2) көне мағынасы: мемлекет-

қала,  полис,  кішігірім  хандық;  3)  ауыспалы  мағынасы  «ел-жұрт» 

деп  түсіндірілген.  Қалған  екі  омонимдік  байтақ  сөзінің  біреуінің 

мағынасы географиялық термин – ерекшеленетін жер қабаты, ланд-

шафт,  екіншісінің  беретін  мағынасы  «ұшы-қиыры  жоқ  кең»  деп 

көрсетілген (ҚӘТС, 2-т., 2006, 604-605-беттер).



240

«Едігеден»  бастап,  батырлар  жырларында,  сондай-ақ  XV-XIX 

ғасырларда жасап өткен бірқатар Бұхар, Махамбет, Шернияз, Мұрат 

сияқты  сөз  зергерлерінде,  XVIII-XIX  ғасырда  Қазақстанның  батыс 

өлкелерінде  жасап  өткен  бірқатар  жыраулардың  тілдерінде  байтақ 

сөзінің  негізгі  мағынасы  –  «территориялық-этникалық  тұтастық, 

елдік құрылым, хандық». Тоқтамыс хан «Едіге» жырының бірқатар 

нұсқасында:

Хан Тоқтамыс қарланып,

Байтағым деп зарлайды, яғни иелігімдегі ел-жұртым, хандығым 

деп  толғайды.  «Әй,  байтағым,  байтағым,  Бастатып  сені  алдырт-

тым»  дегенінде,  «Қол  астымдағы  ел-жұртымды,  хандығымды,  ең 

алдымен,  жауға  бердім»  (алдырттым  –  қарсыласым  алып  қойды) 

дейді. Содан соң байтағының құрамындағы ел-жұртты атайды, олар: 

Байтағымның ішінде он сан елім ноғайлы, «он сан ноғай ішінде 360 

отау қазақ» болып ауызға ілінеді. Өкпелеп кеткен Едігені қайтаруға 

келген «парламентер» Кеңестің ұлы Кенженбай – Тоқтамыс хан саған 

(Едігеге):



Байтақ бөліп береді,

Падысалық  сүр-сана,  –  дейді,  яғни  жеке  хандық  құратын  ел-

жұртты бөліп береді, – деп бітімге шақырады. Бұл жолдарда да байтақ 

–  хандық,  белгілі  бір  мекендегі  белгілі  бір  құрамды  ел,  терминдеп 

айтсақ,  этникалық-территориялық  бірлік.  Батырлар  жырларының 

кейбірінде  бұл  ұғым  нақтылана  түседі.  «Ер  Тарғын»  жырында  да, 

сюзерініне  (хан  иесіне)  өкпелеп  кеткен  Тарғынды  да  кері  қайтара 

келген мәмілегер:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет