253
Топ атауы жеке де келеді: Әскерге
топ арттырып, керней қойды
(Қамбар).
Күнделікті тұрмыста болсын, үлкенді-кішілі кикілжің ұрыс-
төбелесте не ұрыс-шайқаста болсын қолдануға болатын қарапайым
қару ретіндегі құралдар да болған. Солардың бірі – келте/келтек
сөздері.
Жан
басына тоғайдан
Кесіп алды бір келте («Қобыланды батыр»).
Қолына ұстап бір келтек,
Айқайлайды жерді өртеп («Қамбар батыр»).
Бұл сөздің «қару» мағынасы мәнмәтіннен де, сөз семантикасы-
нан да аңғарылады: «қолға ұстайтындай шағын (келте) етіп кесіп
алған ағаш бұтағы». Келте (қысқа) сын ссіміне зат есім тудыратын -к
жұрнағы жалғанып келтек болып қолданылуы дұрысы болса керек.
Өлең шартына (ұйқас, өлшем деген сияқты) қарай келте варианты да
қолданыла берген.
Себіл де – ескірген сөз. Оны Ә.Марғұлан қару-жарақтың аты
деп түсіндіреді, бірақ қандай қару екені айтылмайды (Ә.Марғұлан.
Көкетайдың ертегісі. - Алматы: Жазушы, 1973. - 73-бет).
Кертартар – шоқпар сияқты қарудың аты болса керек.
Шауып келіп Қараман
Безеу тісті кертартар,
Тас төбеге салады («Ер Қосай»).
Кертартар – кәдімгі шоқпар емес, арнайы жасалған тістері бар
шоқпардың түрі деп түсіну керек шығар.
Достарыңызбен бөлісу: