Қарағымның ешкісі-ай (Алпамыс батыр).
256
еңбегінде нақты мысалымен көрсеткен болатын. Оның мағынасын
«жүйрік ат» деп түсіндірген-ді. Және бұл тіркес бедеу бие, бедеу болу,
бедеу ықылас дегендердегі бедеу сөзінен басқаша екенін де ескерткен
еді.
Ноғай тілінде
бедеу жүйрік ат, ал «құлындамайтын, қысыр» деген
мағынада бөде, бөдеу сөздері бар деп көрсетеді (Қазіргі ноғай-орыс
тілінің сөздігі). К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі бедөө сөзін «скаковой
конь» (жүйрік ат) деп аудара отырып, «бұл сөз араб тілінен келген»
деп көрсетеді. Қырғыз тілінде де мысал фольклорлық шығармадан
келтірілген. Бедеу ат әзірбайжан тілінде де бар, ол арабы ат, яғни
бәдәуилер (бедуиндер) шығарған, араб тұқымдас жылқы тұқымы
деген де түсінік-танымдар бар. Қазақтың ескі өлең-жырларында
мұндай жылқыны арабы ат деп атайды:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан ат сайлап мінбен-ді.
Алп, алп, алп басқан,
Арабы торым өзіңсің (Шалкиіз).
Ал бедеу – араб сөзі болса, ол «жүйрік (ат)» мағынасында парсы
мен түркі тілдерінде арабтан келген болып шығады.
Бедеу сөзінің парсы тілінде синонимі эхта деп тіркепті парсы,
қазақ тілдерінің білгір маманы Ислам Жеменей (Парсыша-қазақша
және қазақша-парсыша сөздік. - Алматы: Санат, 1994. - 221-бет).
Бедеу ат – қазақтың ескі өлең-жырларында жай мықты, жараған
ат қана емес, тіпті бәйгі аты да емес, көбінесе хандар, бектер, батыр-
лар мінетін сұлу, мықты ат, бағалы жылқы:
Жібектей жалын төгілтіп,
Ерні төмен салынған,
Құйрығы гүлдей малынған.
Күдері бел, күпшек сан
Бедеу атқа мінген жер (Мұрат Мөңкеұлы, XIX ғ.).
Бектер мінген бедеу ат,
Темірменен тағалар («Қамбар батыр»).
Наз бедеу деген тіркес – қазақ жырларында тұрақты поэтизм,
мұнда наз – парсы сөзі, мағынасы – «грациозный». Демек, наз бедеу
– сұлу ат.
Қарағай менен бітер тал,
Кімге келмес керімсал,
Наз бедеу атқа бітер жал («Қобыланды батыр»).
Бедеу сөзі жеке келіп те, ат сөзімен тіркесіп те қолданыла берген.
Бұлар ертедегі ноғайлы дәуірінен келе жатқан қолданыс болса керек.
«Қарайдар мен Қызылгүл» деген ноғай жырының қазақша аудар-
масында:
257
Бір бедеу ат мінгенім,
Аруымды іздерге, – деген жолдар бар (Қарайдар мен Қызылгүл,
48-бет). Жыр мәтіні аударма болғанмен, ноғай тілі мен қазақ тілінің
ұқсастығына қарай көп қолданыстар (жыр жолдары) түпнұсқадан
сақталған деуге болады. Осы жырда: «бедеуден бедеу сайлап ат
мінген» деген өлең жолдары да бар. Бедеу (ат) сөзінің «жүйрік ат,
Достарыңызбен бөлісу: