жарау ат, сұлу ат» мағынасы қазақ тілінде ХІХ-ХХ ғасырларда да
сақталғанын Мұрат Мөңкеұлы (XIX ғ.), Ақан сері (XIX ғ.) сияқты
ақындардан да көреміз:
Құйрығы гүлдей малынған,
Күдері бел, күпшек сан
Бедеу атқа мінген жер (Мұрат Мөңкеұлы).
Шапса да қанша жүйрік, бедеу озар (Ақан сері).
Қайткен күнде де қазақ тілінде бедеу ат тіркесі де, жылқы малы-
ның еркегіне қатысты жеке айтылатын бедеу атауы да бар екендігі
даусыз.
Бедеу сөзі кірме тұлға ма (араб тілінен) әлде «үйірге түспейтін,
ұрпақ бермейтін қысыр жылқы малы» деген мағынада қолданылған
түркінің (қазақтың) өз сөзі ме? «Бұл күнде Қызылорда, Арал, Атырау,
Маңғыстау қазақтары бедеу ат деп түрікменнің жүйрік жылқысының
тұқымынан шыққан атты атайды», – деп көрсетеді диалектолог ма-
мандар (ҚТАС, 136-б.)
Бұл күнде бедеу сөзі әйел затына және ұрғашы мал баласына
айтылатындықтан, кейбір сыншылардың бедеу ат деген болмайды
деп тіл мамандарын сынауы – мүлде қате, сауатсыздық.
Бедеу ат деген атаудың ескіліктер қатарында талданып отырған
себебі, біріншіден, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен ілгергі ғасырларда
жасап өткен ақын-жыраулар тілінде жиі қолданылатындығы, екін-
шіден, бейнелі поэтизмге айналған тұрақты тіркес болып қалып-
тасқандығы. Ал, жоғарыда айтылды, лексикалық ескіліктер сақталған
орындардың бірі – бейнелі тұрақты тіркестер.
Тобышақ. «Едіге» жырында:
Торылы жылқы тобышақ,
Топтап жиып алар-ды, – деген жолдар бар.
Тобыршақ сөзі қырғыз тілінде «жақсы ат, жорық аты» дегенді
білдіреді (К.К.Юдахин, 740), бұл сөздің қырғызша түсіндірмесі –
«тобурчақ – чоң жақшы ат, соғушқа минүүгө жаракту ат». Тобышақ
сөзі қазіргі қазақ, қарақалпақ тілдерінің сөздіктеріне енбегенмен, ерте
кездерде қолданылғаны даусыз. Қазақ тілінің аймақтық сөздігінің
көрсетуі бойынша тобышақ/тобыршақ – Жамбыл, Шу өңірлерінде,
Қытай қазақтары тілінде «жылқының жүйрігі, таза арғымақтың бір
258
түрі» «(Айғыр салсақ қазанат, содан туар тобышақ»). Тобыршақ
тұлғасындағы р дыбысы түсіріліп, тобышақ болып жұмсалуы – заңды
құбылыс: р дыбысы түркі тілдерінде әлсіз, сусымалы дыбыстардың
бірі екендігі белгілі. Жылқы малына келгенде, бұл кезде ұмыт болған
не ұмытыла бастаған эпитеттер, теңеулер, қимыл атаулары қазақ
тілінің ертеректегі өлең-жырларында едәуір мол екендігін көрсететін
фактілердің бірі – торылы жылқы тобышақ сияқты тіркестер деп
ойлаймыз.
Батырлар жырларының негізгі тақырыбы ұрыс-соғыс болған-
дықтан, осы ұрыс-шайқастарда қолға түсетін тұтқындар мен олардың
өздерін және «бедеу аттарын» қамайтын орындардың атауларының
біразы көне сөздер мен ескірген бірліктер болып келеді. Бұл күнде
тұтқын сөзі – әбден түсінікті және әдеби нормадағы қолданыс. Ал
жырларда тұтқынға түскендер жетім және жесір деп аталған. Бұл
екі сөздің қазіргі қолданыстағы мағыналары түсінікті: жетім –
«әке-шешесі жоқ бала, жесір – «ері (күйеуі) өлген әйел». XV-XIX
ғасырларда жетім мен жесір сөздерінің бұл көрсетілген мағы-
наларынан басқа мағыналары да болған: жетім – «тұтқынға түскен,
еркінен айрылған, құлдыққа жегетін адам». Шоқан Уәлиханов:
«Қазақтар құлдарды екіге бөлген: соғыста қолға түскен құлды
Достарыңызбен бөлісу: |