Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Аршын төс. Төс аршынды/Төс арсынды. Аршындау



Pdf көрінісі
бет195/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Аршын төс. Төс аршынды/Төс арсынды. Аршындау. Қазақтың 

эпостарында,  ертеректегі  ақын-жырауларында  (өлең-жырларында) 



аршын  төс,  төсі  аршынды  түрінде  келетін  бейнелі  поэтикалық 

тіркес ең ертедегі «Едіге» жырының мәтінінде де бар:

Алтыннан соққан ақ ордаң,

Күмістен соққан ақ есік,

Түсі суық шың болат 

Ұшыменен ашар-ды құбаша ұғыл.




292

Төрге төсек салар-ды боғай құбаша ұғыл.



Төс аршынды сұлудың 

Сұлулығын аямай

Төс астына алар-ды (Қ.Сәтбаев нұсқасында). 

Шоқан  Уәлиханов  «Едіге»  жырын  орыс  тіліне  аударғанда,  бұл 

тіркесті «полногрудая» деп берген. П.М.Мелиоранскийге бұл эпитетті 

1904,1905 жылдары Санкт-Петербург университетінде оқып жүрген 

қазақ  жасы,  төре  әулетінің  ұрпағы  –  Жиһанша  (Жанша)  Сейдалин 

«тұрмысқа шыққан әйелге қарата айтылады және байдың қызын төс 

арсынды» дейді деп түсіндірген (Сказание об Едигее и Тохтамыше. 

Киргизский  текст  по  рукописи,  принадлежащей  Ч.Ч.Валиханову. 

Издал  проф.  П.М.Мелиоранский.  СПб,  1905.  -  С.  6).  Бұл  тіркестің 

мағынасын  қазіргі  зерттеушілер  «төсі  аршынды  сұлу  (ару)»  деп 

қалыптасқан  бейнелі  эпитет  ретінде  түсіндіреді  де  әйелзаттың 

сұлулығына қатысты қолданылады деп таниды.

Бұл  күнде  аршын  сөзі  тіркестен  тыс  қолданылады,  ол  0,71  см-

лік  өлшем  атауы  және  ауыспалы  мағынада  жұмсалуы  да  бар:  «1) 

екпін, қарқын, 2) кең, ашық кеуделі адам» және «адым» мағынасында 

жергілікті сөз ретінде қолданылады.



Аршын/арсын тұлғасын Шоқан да, Мелиоранский де өз кездерін- 

дегі қазақ тілі үшін бейтаныс сөз деп тауып, түсіндірмесін іздейді. 

«Едігенің» ілгеріректе хатқа түскен нұсқаларында аршындану деген 

етістік түрі де бар: «Аязды күндер аршындап Арасат оты жанғанда» 

деген  жолдардағы  мәнмәтінге  қарағанда  аршындану  –  «лапылдау, 

жоғары көтерілу» деген мағынаға жақын. Төс аршынды немесе ар-



шын төс тіркестерінде де, аршындану етістігінде де аршын сөзінің 

семантикалық  «ұйытқысы»,  сірә,  «көтеріңкілік,  биіктік,  ілгерілеу» 

деген семалар (мағыналық реңктер) болар деп ойлаймыз: аршын төс 

–  көтеріңкі  төс,  аршынданып  жану  –  жоғары  көтеріліп,  лапылдап 

жану.

Алма мойын, аршын төс, төсі аршынды сұлу сияқты жыр жол-

дары  кейінгі  XVI-XX  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  тілінде  де  жиі 

кездеседі. Мысалы, Бұхар жырауда (XVIII ғ.): 

Төсі аршынды сұлуың 

Сілкіп төсек сала алмас малдан соң.

XX ғасырдың ақыны Бернияз Күлеевте:

Жалғанда жұмағым – ар-иманым,

Албыраған арудың аршын төсі

Бұл  –  жеке  тұрғандағы  нақты  мағынасы  күңгірттенген  аршын 

сияқты  ескіліктің  қазақтың  поэтикалық  мектептерінің  дәстүрлілік, 

жалғастылық үрдісін танытады.




293

Аршын  сөзіндегі  жоғарыда  біз  шамалаған  мағыналық  реңктері  

(семалары) бұл күнде қолданылатын аршындау, аршындату, аршын- 



ды  сөздерінің  ауыспалы  мағыналары  ретінде  көрсетілген  мағына- 

ларына негіз болғаны байқалады: Аршында – 2. ауыс. Адымдай басу, 

аяғын кең басу. 3. ауыс. Екпіндеу, шарықтау, қарыштау. 4. өрлеу, алға 

басу. Аршындат- екпіндету, күшейту. Аршынды. 2. ауыс. Қарқынды, 

пәрменді, екпінді (ҚӘТС, 2006, т. I., 674-675-беттер).

Осы сөзге қатысты тағы бір қызық түсіндірмені кездестірдік. Түркі 

тілдерінің  салыстырмалы  сөздігінде:  аршын  ноғай  тілінде  «күміс 

және күміс әшекей» дегенді білдіреді деп анықтайды да, «төсі аршын-

ды бай қызы», яғни «омырауы қымбат әшекейге толы байдың қызы» 

дегенді  мысалға  келтіреді.  Ж.Сейдалиннің  П.М.Мелиоранскийге 

берген түсіндірмесі осыған сәйкес келеді. Бірақ бұл – аршын сөзінің 

тек  бір  ғана  тіркестегі  қолданысына  берілген  түсіндірме  болып 

шығады, өйткені қазақ жырларында аршын басты бурыл (ат) неме-

се: Омырауын аршындап, мінген атын қамшылап деп келетін жыр 

жолдарындағы  аршын,  аршындау  сөздерінің  мағынасы  ешқандай 

әшекейге,  алтын-күміске  жанаспайды.  Керісінше,  бұларда  «Едіге» 

жырларындағыдай  оттың  аршынданып  жануы  сияқты  «жоғары 

көтерілуі, биіктеу, ілгері созылу» деген семантикалық реңктерге ие 

қолданыстарды көреміз.

Сөйтіп, нақты ұзындық өлшеміне қатысы жоқ аршын сөзі тұрақты 

тіркестерде  және  етістік  тұлғасында  ертеректегі  казақ-ноғай  өлең-

жырларында лексикалық ескіліктердің бірі болып кездеседі.

«Едіге» жырының Шоқан, Қаныш нұсқаларында бұл сөз арсын- 

деп те хатқа түскен. Бұл вариант араб жазуындағы (ш) әрпінің қаракет 

белгісі – үш нүктесі не түсіп қалып (с) болып қате жазылғанының  

салдары, я болмаса нақты денотаттық (негізгі) мағынасы түсініксіз 

сөздің тұлғасы тұрақсыз болып келуінің көрінісі шығар деп топшы- 

лауға да болар ма еді? Бірақ бұл да – күмәнді таным. Өйткені ш-с ды-

быс алмасуы «Едіге» жырының ертеректегі қолжазбаларында басқа 

сөздер де ұшырасады: шарап – сарап, шербет – сербет қатарларына 

қарағанда  ХІV-XV-XVІ  ғасырлардағы  ноғай-қазақ  тілдерінде  с-ш 

алмасулары орын алған құбылыс болуы мүмкін, өйткені арап-сарап 

деген  параллель  қазақ  тілінің  батыс  өңірінің  аймақтық  сөздігіндегі 

тіркеліпті,  демек,  сарап,  сербет,  арсын  тұлғалары  тілде  сақталып 

қалғанын  көрсетеді.  Сондықтан  «Едіге»  жырының  алғашқы  жазба-

ларында орын алған арсын, сербет, сарап тұлғалы сөздерді емлелік 

(графикалық) қателіктер деп емес, ескіліктің бір көрінісі деп таныған 

дұрыс сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет