Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет191/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

таршыланып  кеткен  жерлерінен  тазартылып,  қазақтың  таза  әдеби 

тілінде жазылған» – деп жазды фольклортанушы О.Нұрмағамбетова 

(Едіге  батыр.  -  Алматы,  1996.  -  353-354-беттер).  Бұл  түсіндірмеде 

«татар сөздері», «татаршыланып кеткен жерлер» деген мәлімет сәл 

жаңсақтау,  өйткені  мұндағы  көне  сөздер  –  татардікі  емес,  ноғай 

тілінікі  не  көне  түркі  мен  Алтын  Ордаға  кірген  өзге  туыс  түркі 

тілдерінікі  екендігін  төмендегі  талдау-түсіндірмелеріміз  көрсетеді. 

Ал  емлесіндегі  «татаршаланған  жерлері»  дегенді  де  ортаазиялық  

түркі  емле  жүйесі  деп  білу  керек  болады.  Шоқан  мен  Қаныш  нұс- 

қаларының  жақындығы  тек  жырдың  композициялық  құрылымы 

мен жалпы мазмұнында ғана емес, 1927 жылғы вариантта да Шоқан 

нұсқасында  кездесетін  ескіліктердің  біразы  бар.  Мысалы,  айлану,  



сұб аяқты сұб бөрікті, екі түгей торыша ат, торылы жылқы то- 

быншақ, суға шомып кетті, атан екенінде, бота екенінде, тобыншақ, 

қыдыру, қыдыр, ал қара кіс тон, үкем, алғаштан, өкіліне түспеді, ал 

елдігін солдырып, қара кіске бөлеттім, бала кіске бөлеттім, ыбын-

сыбын екі нақ, ұйлықты/ойлықты, жыйлықты/сылықты. 

Ал  «Едіге»  жырының  бұл  екі  нұсқасына  қатысты  түсініктеме 

берушілердің екінші Қ.Сәтбаев вариантында «татар сөздері» қазақ- 

шаға өзгертіліп берілген дегені – мұнда қазақ тіліне тән емес морфо- 

логиялық тұлғалардың (йақын йеткеш – жақын келгенде; бас терісін 

алдына  алып  тарап  олтұр  –  тарап  отыр,  нешік  үлкен  боласың  – 

қалайша  үлкен  боласың;  менден  артық  –  менен  артық;  баршала-



ры жыладылар – бәрі де жылады) қазақшаға көшіріліп берілген-ді.  

Әрине,  бұл  –  жырдың  ноғай  тіліндегі  нұсқасының  қазақ  тіліне 

ыңғайланған үлгісі екенін көрсетеді. Мұндай адаптациялар «Едіге» 

жырының өзге нұсқаларында да бар, бірақ «Едіге» жырының Сәтбаев 




285

нұсқасынан басқалары Шоқан нұсқасының қазақша варианты емес 

екендігі, олардың сюжеті де, кейіпкерлері де, оқиғалары да көп тұста 

өзгеше  болып  келетіндігін  фольклортанушылар  әбден  нақтылап 

дәлелдеген болатын. Бір ескертетін жайт – «Едіге» тақырыпты жыр-

лар Шоқан мен Қаныш нұсқаларынан өзгелерінің барлығында дерлік 

лексика-морфологиялық ескіліктер (ескі сөздер мен өзге түркі тілдік 

морфологиялық көрсеткіштер) мүлде аз, тіпті жоққа тән деуге бола-

ды. Мұрын жыраудың (XX ғасыр) «Қырымның қырық батыры» атты 

жырларындағы «Едіге» нұсқасында да ескі сөздер кемде-кем. Мұнда 

біз алғаным (жұбайым), тоғысу (айқасу, ұрысу, соғысу), астана де-

ген 3-4 ескі сөзді ғана таптық. Жырдың XX ғасырдың II жартысында, 

яғни біздің заманымызда жырланғаны анық байқалады. Мұнда тіпті 

сүрегі біткен күніміз деген жыр жолында орыстың срок сөзі де кіріп 

кеткен. Кейінгі ғасырларға тән әскер, мылтық сияқты сөздер бар. Де-

генмен біз төмендегі тізіп алып, түсіндірмесін жасап отырған мате-

риалдарда  Едігеге  қатысты  қазақ  жырларының  мәтіндерін  біршама 

сүзіп шықтық. Бұл тұста байқалғаны – Ә.Диваев нұсқасы негізінен 

қара сөзбен айтылған, өлеңмен келген мәтін 4 жерде, бірақ олар да өте 

қысқа: 1-рет келгені – 12 жол, 2-ретте – 8 жол, 3-ретте – 28 жол, соңғы 

үзік  –  9  жол.  Эпостың  өлеңмен  берілген  тұстарының  поэтикалық 

сындарлығы  жоқ,  тым  қарапайым  баяндау  стилімен  келген.  Жыр 

нұсқасы кейінгі кезеңдерде пайда болған, мұнда отты қару құралдары 



мылтық, бердеңке болып келеді, ілгері ХV-XVII ғасырлардағы өлең-

жырлардағы толғамалы ақ найза, қылыш, сүңгілер жоқ. Жыр тілінде 

жиналған ортаның ізі байқалады: Ташкентте қызмет еткен Ә.Диваевқа 

жырды жинап бергендердің ауқат шегу, қандай қылайын, һәм, нешік, 



ауға кеткенде, қандай қылып жұмсайын сияқты өзбек тілінің (сірә, 

өзбек арасындағы қазақтардың) ізі (сөзқолданыс машығы) байқалады. 

Ә.Диваев нұсқасында лексикалық ескіліктер мүлде жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет