Арап пен сарап. Шоқан нұсқасындағы «Едіге» жырының мәті-
нінде бірнеше рет кездесетін арап пенен сарап сөздерінің мағынасын
мәнмәтінге (контекске) қарап оңай айыруға болады:
Арап пенен сарапқа
Сонда жаман тойған жұрт;
Жалғызыма алғыс тисін деп,
Арап пенен сарапқа
Сонда бір жұртты тойдыртты.
Бұл – арақ-шарап дегеннің фонетикалық варианты сияқты. Хатқа
түскен жыр мәтінінде ш-с дыбыс алмасуы жиі кездеседі. Мысалы,
төс(і) аршынды [ару] тіркесі осы жырдың екінші бір жерінде төс
арсынды деп жазылған. Сол сияқты шербет сөзі сербет вариантын-
да да кездеседі. Бұл алмасулар ш-с таңбаларының араб жазуындағы
әріптердің асты-үстілеріндегі нүктелердің түсіп қалуында не
сақталуында болмас (өйткені с дыбысы көбінесе екі түрлі әріп
таңбасымен келеді). Ерте кездерде түркі тілдерінде с-ш алмасуы
жиірек орын алып келгені байқалады (мысалы, қазақша бойшаң де-
ген сөз қазіргі ноғай тілінде бойсаң деп айтылады).
Арап-сарап тұлғасы Атырау өңірінде күні бүгінге дейін сақта-
лыпты (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, 2005, 67-б.), сірә, ертеректе
291
ноғайлылықтармен жақын жүріп-тұрған батыс өңірі тұрғындарының
тілінде сақталған болса керек. Ал арақ сөзіндегі қ дыбысының п-мен
алмасуы –табиғи фонетикалық құбылыс емес, қосарлана айтылатын
екінші сөз шарап дегеннің ұйқасына қарай болған ауызекі тілінің
құбылысы (әрекеті) болар.
Достарыңызбен бөлісу: |