Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет192/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   284
Мәшһүр  Жүсіп  нұсқасының  өлеңмен  келген  тұстары  көп  және 

өлең  тілі  көркем,  қазақтың  поэтикалық  тілінің  табы  байқалады, 

мұнда  да  Шоқан  мен  Қаныш  нұсқаларында  кездесетін  ескіліктер 

жоқ. Алдыңғы варианттарға қолданылған Үкім, сен тұра тұр деген 

жол  Ботам,  сен  тұра  тұр  деп  берілген.  Демек,  жыр  қазақ  тілінде 

туған. Араб, парсы сөздерінің көбі түпнұсқаға жуық орфограммамен 

келеді (ғақыл, ғәзіз т.б.).

Нұртуған  Кенжеғұлұлының  XIX  ғасырдың  II  жартысында 

жырлаған «Мәулімнияз Едіге» дастаны – тілі жағынан Едіге туралы 

жырлардың  өзге  нұсқаларынан  ерекшеленіп  тұрады,  жыр  көлемді, 

таза қазақ тілінде нағыз ақын жырлаған. Мәтінде араб, парсы тілінің 

ислам  дініне  қатысты  сөздері  баршылық.  Дастан  мұсылманшылық 



286

идеясын ұстанған, оның өзінде де Сыр бойында, Қазақстанның батыс 

өлкелерінде ұзақ уақыт күшін жоймаған Ясауи мектебінің (діни оку 

мен  поэзияда)  үлгісі  байқалады:  мұндағы  шайх,  шарапат,  мүрит, 



зікір айту деген сөздер басқа жырларда мүлде кездеспейді.

Қорыта  келгенде,  «Едіге»  цикліндегі  жыр,  дастандардың  ең 

әрідегі қазақша нұсқалары – Шоқан Уәлиханов пен Қаныш Сәтбаев 

жинап,  жариялаған  варианттарында  лексикалық,  морфологиялық, 

орфограммалық ескі бірліктер арнайы сөз ететін, зерттейтін, талдай-

тын, түсіндіретін материал деп табамыз.

«Едіге»  жырының  Шоқан  жинаған  нұсқасында  орын  алған 

төгерек (шеңбер, дөңгелек, айнала, төңірек), жазы/йазы (дала), шому 

(сүңгу, суға түсу), сөзлесу (сөйлесу), бота екенінде (бота кезінде), су 

(өзен),  ноғайлының  ауыр  жұрт,  айлану,  кеше  (түн),  алдырту  (жау 

қолына  беру)  сияқты  сөздер  –  сірә,  сол  кезеңдегі  ноғай  тіліне  тән 

бірліктер болар. Бұл қатарға арап-сарап (арақ-шарап), үкем (қарағым, 

айналайын) сияқты 5-10 сөзді де қосуға болар, мұны күмәнмен айтып 

отырған себебіміз – олар қазіргі ноғай тілі сөздіктерінде тіркелмеген 

(қазақ  тілі  сөздіктерінде  де  күні  бүгінге  дейін  жүздеген  ескіліктер 

орын алмай келе жатқаны белгілі, сол сияқты қазіргі түркі тілдерінде 

«ескілік» болып табылатын көне, ескі сөздерді таба алмаймыз).

Ал жырдағы қалған ескіліктер түптөркінін іздеуге тура келетін өте 

көне тұлғалар болуы мүмкін. Мысалы, сұп/сұб, суб, ұшан/учан [теңіз], 



ел-күн  дегендегі  күн,  қоллық,  өкіліне  түспеу,  қосалықтап  үй  тігу, 

бұгай/боғай, [төсі] артынды/арсындыал иіндік, қасқайлау, ібін-сібін 

екі  нақ,  тоғысу,  қыдыра/қыдырау,  шәуілжі,  толықсу  (толықсыма 

тұнық су) ойлығу т.б. сөздерді бүгінгі қазақ оқырмаңдарына түсіндіріп 

беру қажет деп отырмыз.

Аға. Жырдың Шоқан нұсқасында «Төбеге шыққан төртеуге Төре 

берер  күндер  туғай  ма?  Арқада  тұрған  алтауға  Аға  болар  күндер 

туғай ма?» деген жолдар бар. Аға сөзі бүгінде әбден түсінікті, қазіргі 

кезеңдегі  қолданыста  негізгі  номинатив  мағынасы  –  «туыстас  ер 

адамдардың  жас  жағынан  үлкені»  (ҚӘТС,  I  т.,  2006,  58-б.)  Бұдан 

басқа  да  «ер  адамның  өзінен  кішілерге  қарата  айтылғанда  жасы 

үлкені,  сондай-ақ  «үлкендік»  семасы  (мағыналық  реңкі)  сақталған 

«қызмет дәрежесі үлкен адам» (аға жылқышы, колхоздың басқарма 



ағасы деген сияқты) қосымша мағыналары бар сөз. Ал ертеректе аға 

сөзі «белгілі бір қауымның: ошақтың (отбасының), әр алуан қостың, 

ауылдың, рудың, әкімшілік не әскери топтың басшысы, бас адамы» 

деген  терминдік  (нақты  атауыштық)  мағынада  да  қолданылған. 

Жоғарыда  «Едіге»  жырындағы  жолдарда  «арқада  тұрған  алтауға 

аға  болу»,  «белгілі  бір  топқа  басшы  болу»  деген  идеяны  бейнелеп 




287

айту: алтау – көп адам, топ және жай топ емес, белгілі мақсатпен 

ұйымдасқан топ.

Аға  сөзінің  «басшы,  жетекші»  мағынасы  отағасы,  қосағасы, 

тетағасы деген біріккен атаулардың өте ертеде жасалғанын көрсетеді. 

Бұлардың  отағасы  (отбасының  басшысы,  үйдің  иесі),  қосағасы 

– жорыққа, аң аулауға, басқа бір жерге белгілі бір шаруамен жолға 

шығуға жиналған топ – қостың басшысы, ал тетеағасы>тетағасы 

–  Н.И.Ильминскийдің  көрсетуі  бойынша,  «қосағасынан  кейінгі 

басшы». Бұл күнде бұл үш сөздің үшеуінің де алғашқы номинатив 

(атауыштық)  мағынасы  ескіре  түскен:  отағасы  –  көбінесе  қаратпа 

сөз  қызметінде  жасы  үлкен  (ересек,  егделеу)  ер  адамға  айтылады 

не  әйелі  өзінің  күйеуі  (ері,  шаңырақ  иесі)  туралы  әңгіме  айтқанда 

қолданады (отағасым жол жүріп кетті дегендегі сияқты), қосағасы 

сөзінің мағынасын қос және аға сөздеріне қарап, әйтеуір топшылауға 

мүмкіндік бар, ал тетағасы деген сөздің болғандығын XIX ғасырдың 

II  жартысында  жиналған  (Н.И.Ильминскийдің)  материалдарынан 

біліп отырмыз.

Демек, аға сөзінің қазақ тілінде, кейбір өзге де түркі тілдеріндегі- 

дей және «басшы, бастаушы» деген бір нақты атауыштық (номина-

тив) мағынасы болғанын айтамыз. Мұны XV-XVI ғасырларда жасап 

өткен Қазтуған, Шалкиіз (Шәлгез), Доспамбет жыраулардың тілінен 

табамыз: Азаулыда аға болған ерлер көп еді (Доспамбет). Батыр жігіт 

жау бастар, Аға жігіт қол бастар (Шалкиіз). 



Аға – әскери термин іспетті, яғни жаугершілікте қолды (сарбаз-

дарды)  бастайтын  адам  (ер,  батыр).  Аға-ның  «басшы,  бастаушы» 

мағынасы  болғанын  күні  кеше  (XIX  ғасырда)  жырлап  өткен  Сүгір, 

Махамбет,  Шернияз,  Мұрат  және  басқа  ақындардың  тілі  дәлелдей 

түседі: «Кешегі өткен Ер Сырым Кіші жүздің ағасы» (Сүгір); «Рулы 

елге жарасар Үлгі айтатын ағасы» (Байдалы би); «Исатай деген ағам 

бар, Ақ кіреуке жағам бар» (Махамбет). Бұл жерде Махамбет ақын 

сардар Исатайды аға деп жасы үлкендігіне қарап атап отырған жоқ, 

көтеріліске шыққан қарулы «топтың басшысы» деп танып отыр.

Аға  сөзінің  «бас,  басшы»  мағынасы  оғыз  тілдерінде  де  айқын 

көрінеді. Бұл атаудың әскери титул ретінде жұмсалуы түрк янычар- 

ларының  коменданттардың  аттарына  тіркесіп  айтылған.  «Шейба-

ни-наме»  ескерткішін  зерттеген  орыс  ғалымы  –  И.Березин:  Осман 

түріктері  аға  сөзіне  «әскери  мырза  (әмірші),  бастық  мырза  (госпо-

дин)» деген мағына берген», – деп жазады

7

.

Аға сөзінің ноғайлы-қазақ одағында да әскери-әкімшілік титулы 



ретінде қолданылғандығын оның жалқы есімнен (адам атынан) кейін 

7

 Библиотека восточных историков, изд. И.Березиным. - Т.І. - СПб, 1849. - С. 212.




288

келіп айтылатындығы дәлелдейді. Мысалы, «Ер Доспамбет ағаның 

Хан ұлынан несі кем?» Бұл жерде жалқы есімнен бұрын келген ер 

сөзі – кісінің (Доспамбеттің) қасиетін көрсететін эпитет (Ер Тарғын, 



Ер Сайын деген сияқты). Ал жалқы есімнің соңынан келіп тіркескен 

сөздер эпитеттен гөрі белгілі бір атақты, дәрежені білдіретін сияқты. 

Демек, «Ер Доспамбет басшы» деп атап тұр.

Аға  сөзінің  бұдан  4-5  ғасыр  бұрынғы  қазақ  қоғамының  тек 

ауыз  әдебиеті  («Едіге»,  «Ер  Тарғын»  сияқты  батырлар  жырла-

ры)  үлгілерінде  ғана  емес,  жазба  үлгілерінде  де  орын  алғанын 

XVI  ғасырдың  соң  кезінде  жасап  өткен  тарақ  таңбалы  жалайыр 

руының  биі  –  Қадырғали  Қосымұлының  «Жами’ат-тауарих»  атты 

жылнамасының  мәтіні  көрсетеді.  Мұнда  белгілі  бір  өлкені,  әскери 

бөліктерді, рулар мен тайпа басшыларын үш сөзбен (терминмен) бер-

ген: әмір, бек (би), аға. Бұл үш атау тепе-тең синоним ретінде бірінің 

орнына бірі айтыла берген: мыңбегі, мыңағасы: «Уа Мүгеті баһадур 

мық кішінің бегі ерді, йа’ни мың ағасы». Бұл орайда әмір/ әмірші – 

парсы тілінің, бек – түркі тілдерінің, аға – қазақ, ноғай, қарақалпақ 

тілдерінің баламалары деуге болады. Бұл қазақ жазбасында бек сөзі 

сияқты аға сөзі «әмірші, билеуші, басшы» деген титул ретінде жалқы 

есімнің  соңынан  келіп  жұмсалғаны  тіпті  көп  ұшырасады:  Бүйінчік 



аға, Абдулла аға, Булад аға т.б.

8

 



Сөйтіп, бүгінгі оқырмандар сүйіп оқитын батырлар жырлары деп 

аталатын эпостарда да, жазба түрде сақталған жылнамаларда да, ХV-

ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жырауларда да кездесетін аға сөзі 

«бас,  басшы,  әмірші»  мағынасындағы  семантикалық  ескілік  болып 

танылады. Аға сөзінің «басшы» деген ескі мағынасын XV ғасыр ту-

ындысы  –  «Едіге»  жырынан  бастап  танимыз.  Бұл  –  семантикалық 

ескілік.

Айлану.  Бұл  сөз  ескі  жырларда  жиі  кездеседі.  Мұны  көбінесе 

метатезаға  ұшыраған  айналу  сөзі  деп  танушылық  басым,  өйткені 

мәнмәтінге  қарағанда,  бұл  таным  (түсіндірме)  дұрыс  келетін 

сәттері бар. Ал кейбір тұстарда, мысалы, «Едіге» жырының Шоқан 

мен  Қаныш  Сәтбаев  нұсқаларында  «айналу»  мағынасынан  гөрі, 

«жәбірлену, қорлану» деген семантикалық реңкі бар сөзге ұқсайды.

Тоқтамыс хан айналасындағы жақсылардан Едігені қолға түсіру- 

дің айла-амалын сұрағанда, ешқайсысының берген ақылының байы- 

бына  бармайды,  өкіліне  түспейді  (ақылына  қонбайды),  сонда 

«ноғайлының ауыр жұрты абдырады, айланды, Айланып кеңес тап-

пады» дейді. Мұндағы айлану – «айналу» мағынасындағы сөз емес. 

Біз  бұл  тұлғаны  бұрынырақ  бір  талдағанда,  айла-  етістігі  көне 

түркі  тілдерінде  «жәбірлену,  қорлану,  кемсіну»  мағынасын  беретін 

8

 Сыздыкова Р.Г. Язык «Жами´ат-тауарих» Джалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989.




289

айығла- сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты болу ке-

рек дегенбіз, яғни айығла- сөзіндегі әлсіз, сусымалы ғ дыбысы түсіп 

қалып  айыла->айла-  болуы  мүмкін.  Оған  ырықсыз  етіс  жұрнағы 

жалғанып, айлан- тұлғасы жасалғанда «жәбірлену, қорлану, кемсіну» 

мағынасына  ие  болады.  Сонда  мәтінді  «абдырады»,  «қорланды» 

деп түсінуге болады. Екінші бір жорамалымыз – бұл жердегі айлану 

«басы айналу» (амалы құру, абыржу) дегеннің ықшамдалған вариан-

ты болу да мүмкін. Ал жырдың екінші бір тұсында айлану – айналу 

етістігінің  метатезалық  сыңары.  Мүмкін  «бастары  айналды»  деген 

тіркестің қысқарған түрі болар деп топшылауға келер. Бірақ айланып, 



кеңес таппады деген келесі жолдарда айлану тұлғасы – ойлану неме-

се «абыржу, қиналу» (алдыңғы абдырады дегенмен қатар келгеніне 

қарасақ)  деген  мағыналық  реңкі  қамтылған  сөз  сияқты.  Айлану 

тұлғасы жырдың екіншісі бір тұсында дыбыс орындары ауысқан ай-



налу сөзі болуы да мүмкін. Мысалы, үзеңгіні айландырып қиып қойды 

немесе көшті айланды дегендерде.

«Едігенің  бала  досы  Аңдысын  Тоқтамыстың  Едігені  андытқан 

адамдарының аттарының үзеңгі бауын айландырып қияды» («Едіге 

батыр»).  Бұл  сөздің  түптөркіні  ай(ығ)ла->айла-  болған  сияқты.  Ал 

оғыз тілдерінің бірі – түркімен тілінде айлану- «айнала қоршау» де-

ген  мағынаны  береді.  Мүмкін,  айлан-  етістігінің  бұл  мағынасы  да 

«Едіге» жырының тіліне келіп қалар.

Түркі тілдерінде метатеза – дыбыстардың орын алмастыруы жиі 

кездесетін құбылыс екендігін ескерсек, «Едіге» жырының екінші бір 

тұсында айлану тұлғасы қазіргі айналу тұлғасының варианты болып 

танылады да бүгінгі мағынасында келеді. Мысалы, Көшкенде көшіп 



айланған, Өткір семсер байланған деген жолдарды «көшін айналған» 

деп түсіну керек.

Сөздің түптөркінін іздесек, Э.В.Севортянның көрсетуі бойынша, 

айла-  етістігінің  өздік  етіс  тұлғасы  айлан-  дегеннің  бір  мағынасы 

«долго говорить с кем-либо о деле, подробно излагать просьбу» де-

ген екен (Э.В.Севортян. Этимологический словарь тюркских языков. 

- М.: Наука, 1974. - Т. І. - С.110). Едігені қайтарудың амалын іздеген 

ноғайлының  ауыр  жұртының  ханы  «абыржиды,  айланды»  дегенді 

айналасындағылармен  «ұзақ  ақылдасты»  деп  түсінуге  болады. 

Қайткенде  де  айлану/айналу  етістігінің  бір  мағынасы  осы  күнгідей 

анық. Көшкенде көшін айланған немесе Едігенің бала досы Аңдысын 



Тоқтамыстың  Едігені  аңдытқан  адамдарының  аттарының  үзеңгі 

бауын  айандырып  қиды  деген  сөйлем  бар  (Едіге  батыр.  -  Алматы: 

Ғылым, 1996. - 56- бет). Мұнда айандырып сөзі – қате, л әрпін түсіріп 

жазылған,  өйткені  осы  сөйлем  Қ.Сәтбаев  нұсқасында  және  өзге 

нұсқаларда айналдырып деп жазылған (сонда, 88-бет).




290

Алдырту.  Бұл  сөз  «дұшпанынан  жеңіліп,  билеп  отырған  ел-

жұртынан  айрылып  қалу,  елін  жауға  алдыру»  дегенді  білдіреді. 

«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында:

Әй, байтағым, байтағым,

Бастатып сені алдырттым.

Байтағымның ішінде 

Он сан менің ноғайым,

Сені тағы алдырттым.

Он сан ноғай ішінде 

Үш жүз алпыс отау қазағым,

Сені тағы алдырттым, – деген жыр жолдары бар. 

Бұл – Тоқтамыс ханның жеңіліп, ел-жұртынан айрылғанда қош- 

тасып  айтқан  сөзі.  Мұнда  бірнеше  көненің  көзі  бар.  Олар:  байтақ 

(«қол  астындағы  ел-жұрт,  хандық»),  сан  (бұл  жерде  он  сан  ноғай 

–  «өте  көп,  қалың  ел»),  тағы  –  қазіргі  да/  де,  та/те  шылауының 

қызметін  атқарып  тұр)  және  талданып  отырған  –  алдырту  етістігі. 

Соңғы сөз бүгінгі қазақ тілінде де қолданылады, бірақ ол негізінен бір 

нәрсені ұрлатып, жоғалтып алғанда айтылады. Бұл тұлғаны біз әзірге 

«Едіге» жырынан және тек Тоқтамыстың монологінен (толғауынан) 

кездестірдік.  Сөз  түбірі  (алдыр-),  мағынасы  түсінікті  болғанмен, 

«билеп отырған елімді жауға беріп қойдым» деген нақты мағынада 

қолданылуы – эпостар тіліндегі ескіліктің бірі болып танылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет