298
сөздік «кіс – орман-тоғайларда тіршілік ететін, терісі бағалы аң,
бұлғын» деп береді (ҚТТС, 5-том). Демек, кіс пен бұлғын – бір аңның
екі түрлі атауы болып шыққан. Қазіргі ноғай тілінде кіс – соболь.
Қырғыз тіліндегі бұлғын сөзін тек эпос жырларында кездесетін сөз
деп ескертеді де, орысша соболь деп береді: «Ақ көрпесү булғундай
Арғымағы дүлдүлдей» деген мысал келтіріледі (Киргизско-руский
словарь. Под редакцией К.К. Юдахина. - М., 1965). Кіс, ақ кіс – гор-
ностай (Казахско-русский словарь. Алматы: Дайк-Пресс, 2001). Осы
сөздікте бұлғын – соболь. Орыс тілінде біреуі – соболь, екіншісі – гор-
ностай деп аталатын терісі бағалы екеуі – екі түрлі аң. Собольдің терісі
қоңыр, горностайдікі ақ болады деп көрсетілген (Словарь русского
языка. Под редакцией С.Н.Ожегова. - М., 1952). Татар тілінде кеш
(оқылуы – кіш) – соболь. Зоолог маман С.Арзымбетов горностайдың
қазақша ақ кіс, ақтышқан, арыс деп аталатынын көрсетеді. Ертедегі
ата-бабаларымыз тек малшы, егінші ғана емес, аңшы да болған.
Сондықтан мал, аң терілерін әдемі өңдеп, төсек жабдығы сияқты
бұйымдарға пайдаланғанын ескі өлең- жырлардан білеміз. «Едіге»
жырының Шоқан нұсқасында Едіге баласы – Нұралын туғанда, оны
қара кіске бөлетті, қара кіс батар деп, бала кіске бөлетті дейді.
Сондай-ақ өкпелеп кетіп қалған Едігеге Тоқтамыс хан жіберген
«парламентер» Кең Жанбай қайт дейді: «Хан саған, Жауырындары
жақталы, Түйме бауы тартпалы Ал қара кіс тон береді, Үстіңе оны
ки-сәна» дейді ғой. Демек, бұл жерде кіс – бағалы аң терісі. Біздіңше,
«соболь», өйткені қара кіс, ал қара кіс дегендерге қарағанда, терісі
қоңыр аң (бұлғынның терісі ақ болады), Кістің иленген, өңделген
жұқа, жұмсақ терісіне жаңа туған баланы орау – әуелде өмірде
болған, кейін көркем образға айналған сөз үлгісі. Өте ертедегі баба-
ларымыз да аң, мал терілерін илеп өңдеп әртүрлі киімге жаратқанға
ұқсайды. Қазіргі жамылғының көрпе деген атауы – жаңа туғай
қозының иленген терісі ғой. XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың
I жартысында араб жазуымен сақталған көне түркі ескерткішінде
(ғылымда QBN деп көрсетілетін) көне түрікше берілген бір сөйлем
бар, оны біз қазіргі жазуымызға транскрипцияласақ: «бу тұл тоны
сучлуб үчун кейтім ас», орысша аудармасы – «вдовье платье с меня
спало и я оделась в белый горностай» (ДТС. - Л., 1969. - С. 59) деген
мысалды оқысақ, мұнда «жесір әйелдің киімін (белгілі мерзім өткен
соң) тастағаннан кейін сәнді киімді (бұлғын терісін салған не теріден
тігілген) кидім» деп тұр. Дәл осындай мысалды қазақ тіліндегі жыр-
лардан да табамыз. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосында: Қозы мен
Баян «бір жатыпты қара кіс жамылысып» дейді.
Кіс сөзі бұл күнде соболь деген аңды ғана емес, жергілікті жерде
сусарды «кіс» деп атайды екен.
299
Сөйтіп, жырлардағы кіс сөзі – көненің көзі, келе-келе ал қара кіс
тон беру, қара кіс жамылып бір жату, қара кіске бөлеу, бала кіске
бөлеу сияқты поэтизмге – бейнелі тұрақты тіркестерге айналған.
Сөздің қолданыстағы көнелігін сыртқы тұлғасының өзгеріп
отыратындығы да көрсетеді. Мысалы, «Едіге» жырының Қ.Сәтбаев
нұсқасында бұл атау кес деп берілген (жазылған). Кейбір жырларда
кес түрінде де жазылған варианты бар.
Қоллық. «Едіге» жырының Шоқан, Сәтбаев нұсқаларында бала
Едігенің досы Аңғысын оның үйінің тұсына келіп, айтқан сөзінде:
«Үстіндегі қамқа тон Төрде отырған билерге Қоллық шықпаққа бол-
са игі», – дейді. Қ.Сәтбаев нұсқасында жырдың дәл осы тұсы, яғни
Аңғысын баланың Едігені қауіптен сақтандырып айтқан сөзі былай-
ша берілген: «Тақта отырған қамқа тон Төрде отырған билерге Қулық
шақпай бұл сана»
.
Бұл мәтінде араб жазуынан қазіргі жазуға көшіргенде бірнеше
тұсының қате оқылғаны көрінеді. Қоллық тұлғасы қулуқ болып, болса
игі деген сөздер бұл сана болып кеткен. Жоғарыда да айтқанымыздай,
ескі өлең-жырлардың мәтінін араб жазуынан латынға немесе осы
күнгі қазақ жазуына (кириллицаға) көшіргенде дұрыс оқылмаған
транскрипция айтарлықтай орын алған және бұл ағаттық жыр мәтінін
түсінуде немесе жеке сөздерді тануда үлкен зиянын тигізеді. Бұл жер-
де келтірілген жыр жолдары екі нұсқада да түсініксіздеу, оның ішінде
қоллық шықпақ немесе
қулық шағу дегендер не?
Қоллық сөзін қазақ,
ноғай, қарақалпақ, түркімен сөздіктерінен таба алмадық. Белгілі
түркітанушы К.Мусаев қоллық сөзі татар тілінде «жұмыс, шаруа»
деген мағынаны білдіреді дейді (К.Мусаев. Лексикология тюркских
языков. - М.: Наука, 1984). Бірақ «Едіге» жырындағы мәтінге кел-
генде, бұл мағынаны жанастыру қиын: Үстіндегі қамқа тон төрде
отырған билерге қалайша жұмыс (қоллық) болып шығады? Сондай-ақ
қулық шағу деген де бұл мәтінде мүлде ешбір мағынаға жуыспайды.
Мұны түсініксіз сөз деп Мелиоранский де көрсетпепті. Біз де әзірге
«Едіге» жырындағы қоллық сөзінің түсіндірмесі мен түптөркінін таба
алмадық.
Достарыңызбен бөлісу: