Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет200/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Бұғай/боғай.  Бұл  сөз  тек  қана  «Едіге»  жырының  Шоқан  нұс- 

қасында  кездеседі:  Қырқада  біткен  қырық  адыр  Қырық  басып 



жүрер-ді  боғай  құбаша  ұғыл.  Осы  тұлғамен  Сыпыра  жыраудың 

Едігенің қауіпті батыр екенін Тоқтамысқа суреттеген сөзінде 14 рет 

келген сөйлемдер түйдегі (блогы) бар, 14-інші блок:



297

Есен-аман кетсе сол,

Еділден арман өтсе сол,

Сәтемір ханға жетсе сол,

Осы өшін, сірә да,

Сенен алмай қалмас-ты боғай құбаша ұғыл! – деп аяқталады. 

Бұл тұлға мүлде бейтаныс, ешбір сөздікте жоқ және боғай/бұғай 

сөзімен келген сөйлемнің өзін анық түсіну қиын: боғай – анықтауыш 

па  (боғай  құбаша  ұғыл),  жағымсыз  мәнді  атау  сөз  бе,  етістік  пе? 

Мұны  проф.  П.М.Мелиоранский  сусымалы,  әлсіз  л  дыбысы  түсіп 

қалған болғай деген етістік тұлғасы деп түсіндіріпті, -ғай жұрнақты 

етістік келер шақты білдіреді дейді.

Бұт сауырлы күреңше ат,

Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл – 

деген жолдарын егер ондағы мінер-ді боғай дегенді мінер болғай 

деп  танысақ,  қазіргі  қазақ  тілінше  айтса,  жырау  бұтқа  тартып 



мінетін болар деп толғар еді. 

Сөйлем  мағынасының  түсініктілігін  қуаласақ,  П.М.Мелиоранс- 

кийдің  талдауының  дұрыстығына  ойлануға  тура  келеді.  Кәмілдікті 

көрсететін  -ды/-ді  аффиксі  күрделі  етістіктің  неге  ортасында  тұр. 

Дұрысы – бұл қосымша күрделі етістіктің ең соңғы сөзіне жалғануы 

керек  сияқты.  Демек,  талданып  отырған  боғай/бұғай  тұлғасын 

әрі  қарай  іздестіру  керек,  ол  –  мағынасы  бар  жеке  сөздердің  бірі 

ме,  етістіктің  құрамдас  компоненті  ме?  Шоқан  нұсқасындағы  бұл 

сөйлемдер  Қ.Сәтбаев  вариантында  қазақша  берілген,  7-8  буынды 

өлең өлшемі де сақталған, сөйлемнің мағынасы да түсінікті: Сауыр-



лы бұт күреңше ат, Бұтқа тартып мінер ол. Ал Шоқан нұсқасында 

өлең  өлшемі  де  бұзылып  тұр:  Бұт  сауырлы  күреңше  ат  (7  буын) 



Бұтқа  тартып  мінер-ді  боғай  құбаша  ұғыл  (11  буын).  Қ.Сәтбаев 

нұсқасында жоғарғыдай сөйлемдердің бірінде боғай сөзі жалғыз де-

ген сөзбен алмастырылған: Сонау бір жалғыз құбаша ұл, Әлі де ұзап 

кеткен  жоқ.  И.Н.Березин  жинағында  бұл  жолдар:  Кешегі  кеткен 

еңсегей бойлы құбаша ұл, тағы бір жерінде: Кешегі кеткен жалғыз 

ұл деп жазылған (Едіге батыр. - Алматы: Ғылым, 1996. - 360-361-бет-

тер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет