Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет198/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Бұжғын/божғын. Бұл сөзді әзірге біз «Едіге» жырынан (Шоқан 

нұсқасындағы) кездестірдік. 1905 жылы П.М.Мелиоранский жария- 

лаған  бұл  нұсқада  бұжғын  (немесе  божғын)  болып  жазылған 

бұл  сөзді  осы  нұсқаны  1996  жылы  қазіргі  қазақ  жазуымен  жария- 

лағанда, араб қарпімен божыған деп оқып транскрипциялапты. Ал 

бұл  сөзді  (бұжғын,  божғын)  Шоқан  да  өз  кезінде  (XIX  ғасырдың 

орта тұсында), П.М.Мелиоранский де (XX ғасырдың басында) қазақ 

тілі  үшін  түсініксіз  сөз  деп  танып,  Шоқан  оны  «полынь»  (жусан) 

деп  түсіндірсе,  П.М.Мелиоранский  «нам  это  слово  неизвестно» 

деп  көрсетеді  (Сказание  об  Идегее...,  20-бет).  Сірә,  араб  қарпімен 

берілген тұлғасы (бұғжын) дұрыс болар. Бұлар не ерте кезде, «Едіге» 

жырлана бастаған XV-XVI ғасырда ноғай, қазақ тілдерінде «сүттен 

ашытып жасалған, яғни ашы, ашулы, ашуы күшті» ішімдікті атаған 

болар.  Сусын  емес,  ішімдік  болар  деп  отырғанымыз  –  жырда  Мен 



божғыннан ащымын, сербет құйсаң түщымын дейді дұшпанына өз 

күшін  танытқысы  келген  кейіпкер  (Тоқтамыс).  Бұл  жерде  божғын 

мен  сербет  (шербет/шарбат)  сияқты  қарама-қарсы  қойылған  об-

раздар осыны көрсетеді. Егер сөз түбірі бож/божы/бұж/бұжы болар 

деп тапсақ, бұжы сөзі – қазірде де қолданыста бар тұлға, оның бір 

мағынасы – «қымыз, айран сияқты тағамдардың қатты ашып кетуі» 

деп көрсетеді қазіргі түсіндірме сөздіктер.

Бұжғын/божғын  деп,  сірә,  ертеректегі  ноғай,  қазақ  тілдерінде 

сүттен жасалған ашуы күшті ішімдік аталған болар. Қазіргі қырғыз, 

қазақ  тілдеріндегі  ішімдіктің  бір  түрі  –  боза  атауы  да  божғын/

бұжғын дегенмен түбірлес болуы мүмкін (түркі тілдерінде ж-з ды-

быс алмасуы – кездесетін құбылыс). Бірақ бұл – жорамалымыз ғана. 

Қайткенде  де  «ішімдік»  мағынасында  қазірде  қолданыста  жоқ  сөз. 

Сондықтан тұлғасы жағынан да, мағынасы жағынан да ескіліктердің 

бірі ретіндегі қолданыс деп табамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет