295
де жайылған жылқысы жоқ деп тұр. Біздіңше, мұндағы баттауық
сөзін «батпақ жер» дегеннен гөрі «батпақ жерде өсетін өсімдік ата-
уы» деп таныған дұрыс болар. Ал өсімдік атауы П.М.Мелиоранский
дұрыс көрсеткендей, бату – батпақ сөздерімен түбірлес болуы әбден
қисынды.
Баттауық өсімдігі барлық жерде өспейтіндіктен, атаудың өзі
түсіндірме сөздіктер арқылы белгілі болғанымен, оның баттауығы
– жүректей немесе «Едіге» жырындағы
баттауық толған жылқы
деген бейнелі тіркестер – поэтизм ретінде сақталған ескіліктердің
бірі деп талданып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: