Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет30/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

АШ  ҚҰЛАҚ  «Аш  құлақтан  тыныш  құлақ»  деген  мәтелдің 

мағынасы түсінікті, ол «бір нәрсеге араласпай тыныш жүру», «қаш- 

қалақтау»,  «жан  тыныштығын  сақтау»  деген  мәндерде  жұмсалады. 

Мәтелдің  соңғы  бөлігінің  де  (тыныш  құлақ)  мағынасы  мен 

лексикалық құрамы айқын, ал аш құлақ дегендегі компоненттердің 

тіркесу  қабілеті,  мағыналық  қисындылығы  күмәнді,  түсініксіз: 

әдетте  құлақ  сөзі  сақ  құлақ,  ұзын  құлақ  деген  тіркестерде  келеді, 

ал  аш  болу  құлақтың  қасиетіне  жатпайды.  Ислам  дініне  қатысты 

әдебиеттерді оқығанда, арабша аш қуллаһ деген тіркесті кездестірдік. 

Ол «Аллаға деген шынайы махаббат» дегенді білдіреді екен. Бұл – 

Ясауи  ағымының  постулаты.  Ясауи  діни  ағымы  орта  ғасырлардан 

бастап  (ХІІ-ХІІІ  ғасырлардан)  қазақ  халқын  құраған  тайпалардың 

арасында кеңінен таралғаны мәлім. Бұл ағымның негізін, жолдарын, 

қағидаларын  терең  түсінбесе  де,  ислам  дінін  уағыздайтын,  қалың 

жұртшылықты  осы  дінге  тартатын  жолдардың  (ағымдардың  )  бірі 

деп санаған қара халық осы кезеңдерде (әрине, бұдан да бұрын) ис-

лам  дініне  қатысты  сөздерді,  араб  тілінде  ұсынылатын  уағыздарды 

да  жиірек  ести  бастаған.  Сірә,  алғашқы  кезеңдерде  қара  халықта 

дінге деген фанатизм күшті болмаған болу керек, яғни ислам дінінің 

қағидаларын  жергілікті  халық  тілінде  (түркі  тілінде)  тәптіштеп 

түсіндіру,  арабша  айтылған  әрбір  сөздің,  әрбір  сөйлемнің,  тіпті 

әрбір  уағыздың  мағынасын  дәлме-дәл  айқындап  түсіндіру  қарекеті 

де күшті болмағаны белгілі, яғни ерте орта ғасырларда мұндай діни 

үгіт-насихат жүргізудің мықты базасы да (негізгі құралдары, жолда-

ры, әдістері де) болмағандығы аян. Сондықтан арабша жиірек айты-

латын сөздер мен фраземаларды қара халық өзінше түсініп, мақал-

мәтелдерінің компоненті (сөзі) етулері де әбден мүмкін. Сондықтан 

аш қуллаһаш қуллаһ деп жиірек естіген сөздердің мән-мағынасын 



52

жақсы білмей, аш қуллаһ (аш құлақ) деп айта бергеннен гөрі тыныш 

жүргенім артық деген өз философиясын ұсынса керек. 

Сірә, жалғыз бұл мәтел емес, қазақтардың тілінде «Алладан ой-

байым тыныш», «Ұра берсе, Құдай да өледі» деген сияқты мәтелдер 

де бар, бұларда да дінге деген фанатизм жоқ, керісінше, таза праг-

матизм  байқалады.  «Аш  құлақтан  тыныш  құлақ»  та,  мүмкін,  осы 

қатардан  табылар.  Әрине,  бұл  –  әзірге  жорамалымыз,  әлі  де  «аш 

құлақтың» сырын іздестіре түсу керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет