Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет73/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ҚАЗАҚ ШЫҒЫП КЕТУ. ҚАЗАҚТЫҚ. Ғылыми әдебиетте қазақ 

сөзінің бір кездерде берген мағынасы мен түптөркіні жөнінде көптен 

бері және көп айтылып келеді. Пікірлер алуан түрлі. Қазақ сөзінің 

этимологиясын тап басып, бір түйінге тоқайласқан таным жоқ, тіпті 

оның  қай  тілдің  немесе  тілдер  тобының  сөзі  екендігі  де  күңгірт, 

түбір тұлға екендігі де даулы. Сын көтермейтін халықтық этимоло-

гияларды, әрине, есепке алуға болмайды. Ал ғылыми талдаулардың 

ішінде  бұл  атауды  қас/қай+сақ  деген  этнонимдерден  құралған  бо-

луы  керек  деген  де,  Енисей  ескерткіштерінде  кездесетін  қазғақ 

(«бала етіп алған», орысша «приобретенный; усыновленный» деген 

мағынаны білдіретін) деген бір сөз болуы мүмкін деген де және осы 

сияқты ондаған жорамал бары белгілі. Бірақ әлі күнге дейін бірде-

біреуі  даусыз  деп  танылып  орныққан  емес.  Біз  бұл  кітапта  қазақ 

сөзінің  этимологиясын  айқындау  (зерделеу)  мақсатын  көздемейміз. 

Бізге  керегі  –  осы  сөздің  және  оның  қатысуымен  жасалған  қазақ 

шығу,  қазақ  шығып  кету,  қазақтық  сөздерінің  өте  ертеден  келе 

жатқан өлең-жырларымыздағы, ақын-жыраулар тіліндегі ертелі-кеш 

қолданысында білдірген мағынасын талдап таныту.

  ХV-ХVІІ  ғасырлардағы  (мүмкін,  бұл  кезеңнен  әлдеқайда  бұ- 

рынырақ және кейіндеу де) қыпшақ тобындағы түркі тілдерінде қазақ 

деп әміршісіне (ханға, бекке т.б.). ренжіп немесе кінәлі болып одан 

алшақтап шетке (өзге хандыққа, өзге жерге) шығып кеткен адамды 

не адамдар тобын (ауыл, туыстар, рулы ел сияқты) атаған деген пікір 

біршама дәлелді көрінеді. Ертеректегі өлең-жырларымызда қазақ сөзі 

нақты халықтың атауы ретінде емес, «шетке шыққан, бөлініп жүрген 

адам немесе жұрт» деген мағынада жиірек кездеседі. Мысалы, ХVІ ғ. 

жырауы Шалкиізде:

Жазыда мал іздеген қазақтың

Басы қайда қалмаған? 




114

Бұл жерде қазақ – халық атауы да емес, бір халықтың өкілі де емес, 

«жазыда  (яғни  кең  далада,  аулақта,  шетте)  жүрген  және  жай  жүр- 

меген,  «мал  іздеген,  яғни  тәуелсіз,  еркін  күн  кешуді  көздеген  жеке 

адам» дегенге меңзейді.

Қазақтың  батырлар  жырлары  мен  ХV-ХVІІ  ғасырдағы  ақын-

жырауларында  қазақ  сөзі  көбінесе  «шетке  шыққан,  іргелі  жұрттан 

бөлініп жүрген адам немесе адамдар тобы» деген мағынаны білдіреді. 

Сірә,  ХV-ХVІ  ғасырларда  ноғайлы-қазақ  одақтастығы  кезінде 

ноғайлардан бөлектене бастаған ру-тайпаларды қазақ деп атағандары 

байқалады. Мысалы, «Едіге» жырында: 

Он сан ноғай ішінде

Үш жүз алпыс отау қазағым

Сені тағы алдырттым, – 

деген  жолдарды  оқимыз.  Сондай-ақ  ноғайлы-қазаққа  ортақ  жырау 

деп саналатын Қазтуған (ХVғ.) бір жырда:

Қазақтың ұлы Қазтуған

Бір оралмай еліне

Тайлақты қуып кетер ме? – деп аталады.

Ертедегі қазақ өлең-жырларында да, ноғай жырларында да қазақ 

деген  жеке  сөзден  гөрі  қазақ  шығу,  қазақ  шығып  кету  тіркесі  мен 

қазақтық  деген  жинақтау  ұғым  беретін  абстракт  есім  сөз  жиірек 

кездеседі. Бұлардағы қазақ шығу тіркесі белгілі бір терминдік мәнде 

жұмсалған, ол мән (мағына) – «іргелі ұлыстан бөлініп кету, көбінесе 

сюзереніне (әміршісіне) өкпелі, наразы болып бағынбай кетіп қалу 

немесе кінәлі болып, бас еркіндігін ойлап қашып кету».

Ноғайлы-қазақ жұртына ортақ «Шора батыр» жырында: Шора кісі 

өлтіріп  қайда  барам  деп  жүргенде,  бір  түс  көреді.  Түсінде  Қазанға 

барған болады. Содан соң Шора Қырымнан қашып, бас сауғалаған 

Қазанға кетпекші болады. Сол ойын әкесіне былай жеткізеді:

Ал, ал атам, ал атам,

Саулықпенен қал, атам.

Ақтәжінің Әлібиін өлтірдік,

Басымызға кетпес пәле келтірдік,

Қазан деген ел бар деп,

Бой тасалар жер бар деп.

Қазыналы Қырымды қалдырып,





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет