Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет70/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   284
КҮДЕРІ/КӨДІРЕ. Махамбет ақын бір өлеңінде:

Көдіреден бау тағып, 

Сауыт киер күн қайда? – 

дейді, Осы жолдар ақын шығармаларының 1974 жылғы басылымын-

да  күдеріден  бау  тағып  болып  жазылған.  Енді  бір  кітаптарда  осы 

тіркес  күдіре  бау,  күдіреден  бау  тағып  болып  келеді.  Тіпті  мұның 

көдере  варианты  да  кездеседі.  «XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ 

ақындарының шығармалары» атты жинақты бастырушылар бұл сөзді 



көдіре деп жазады да, оған «көдіре – төзімді нәрседен жасаған бау» 

деп түсінік береді (XVIII-XIX ғ. ақындары..., 394). Ал, дұрысында, 



күдері  сөзі  «төзімді  нәрсе»  дегенді  емес,  «жұмсақ  иленген  тері» 

дегенді  білдіреді.  Н.И.Ильминскийдің  сөздігінде  күдері  –  иленген 

түйе терісінен жасалған портупея (ал портупея дегеніміз – қару асыну 

үшін иықтан асыра тағып жүретін немесе белге байлап жүретін аспа 

не тартпа бау)». Сірә, бұл сөздің ХІХ ғасырдағы дәл мағынасы осы 

болар, өйткені Ильминский бұл анықтаманы сол кездегі қазақтардан 

ауызба-ауыз сұрап, жазып алған материалдары бойынша беріп отыр.

Бұл сөз қырғыз тілінде де бар: күдөрү – жұмсақ иленген қайыс 

(Юдахин,  458).  Күдері  –  сирек  қолданылатын,  көбінесе  күдеріден 

бау тағу, күдері бау тіркестерінде келетін сөз. Мағынасы ұмыт бола 

бастағандықтан, қате түсіндіріліп, оның үстіне екі-үш (тіпті одап да 

көп) түрлі етіп жазылып жүргені байқалады.

Кудрага  (күдері)  сөзі  монғол  тілінде  де  бар,  қазіргі  беретін 

мағынасы – «шілейке, өмілдірік». Сөйтіп, өткен кезеңдердегі қазақ 

әдебиеті текстерінде кездесетін күдері бау тіркесі «жұмсақ иленген 

теріден  жасалған  бау»,  тіпті  дәлірегі  «түйе  терісінен  иленген  бау» 

деген  мағынаны  білдіреді.  Ертедегі  жырлардың  бірінде  «күдіредей 

бойы созылып» деген сөйлем кездеседі («Шайыр», 1910). Мұнда да 



күдіре – «икемге көнгіш, созылған нәрсе» дегенді білдіреді. Қырғыз 

тілінде  өте  жұмсақ  нәрсені  күдөрүдөй  деп  айту  бар,  тіпті  аяғын 

жұмсақ  басатын  сұлуды  суреттегенде,  күдөрүдей  былқылдап  деп 



108

бейнелеу бар. Бұл жоғарыдағы қазақша күдерідей созылып дегенмен 

әуендес. Екеуінде де күдері (күдөру) сөзі «жұмсақ, иілгіш» (демек, 

«жұмсақ иленген») деген мағынаны қамтиды.



КҮДІРЕ.  Жоғарыда  талданған  күдері  сөзімен  сыртқы  тұлғасы 

ұқсас  күдіре  сөзі  және  бар.  Бұл  да  сирек  қолданылады,  бұл  да 



күдіре бел, күдіре жылқы деген тәрізді тұрақты тіркестерде келеді. 

Бұл  жердегі  күдіре  сөзінің  жоғарыдағы  «жұмсақ  иленген  тері  бау» 

мағынасындағы күдері сөзіне қатысы жоқ. Жырларда кездесетін:

Күдіре бел, күпшек сан 

Бедеу атқа мінгер жер, – 

дегенде  қолданылған  күдіре  сөзі  «мықты,  төзімді»  деген  мәнде 

жұмсалған.  Бұл,  сірә,  ауыспалы  мағына  болу  керек.  Қазақ  тілінде 



күдірею етістігі бар, мағынасы – «бір нәрсенің көтеріліп, күжірейіп, 

қоржиып  шығуы».  Мысалы,  желкесі  күдірейген  өгіз.  Кейбір 

диалектологтер күдері мен күдіре сөздерін бір деп табады да күдері 

«берік,  мықты»  деген  ескі  сөз  және  ол  Шығыс  Қазақстан  өлкесіне 

тән диалектизм деп санайды, оған күдері қайыс (берік қайыс), күдері 

жылқы (мықты жылқы) деген мысалдар келтіріледі.

Күдері  сөзі  қазақ  ауыз  әдебиетінде  «күдерінің  терісі»  (демек, 

«жылқының  терісі»)  деген  ұғымды  білдіреді  (Досқараев,  11,  71). 

М.Әуезов тіліндегі этнографиялық сөздерді зерттеген Е.Жанпейісов 

те  күдері,  күдіре  сөздерін  бір  сөз  деп  табады  да  олар  «дөңес, 

шығыңқы»  деген  мағынаны  білдіреді  дейді.  Күдері  бау  дегенде, 

баудың шығыңқылау, дөңес келген белдің терісінен жасалғандығынан 

осылай  аталған  болу  керек  дейді  (Жанпейісов,  23-27).  Біздіңше, 

күдері бау мен күдіре жылқы дегендегі күдері, күдіре сөздері – бір 

сөз  емес,  екі  басқа  сөздер,  бірақ  екеуі  де  түптөркіні  беймағлұмдау, 

мағыналары  күңгірт,  сирек  қолданылатын  сөздер  болғандықтан, 

көбінесе қате түсіндіріліп келе жатыр. Тіпті бұларды Қазақстанның 

тек шығыс өлкесіне тән жергілікті сөз деп танудың өзі – жаңсақтық, 

өйткені  бұл  сөзді  материалдарды  қазақ  жерінің  батыс  өлкесінен 

жинаған Н.И.Ильминскийден де, Махамбет ақыннан да, ауыз әдебиеті 

үлгілерінен  де  табамыз.  Күдіре  сөзі  жал  сөзімен  де  келеді:  күдіре 



жал.  Бұл  сөздің  мағынасының  беймағлұмданғаны  оның  тұлғасын 

өзгертіп  айтуға  (жазуға)  әкеп  соққан:  бірде  күдері,  бірде  көдіре  /



кедіре, бірде қыдыра деп те жазылып жүр.

Сөйтіп, күдері – «жұмсақ иленген теріден жасалған бау» деген, 



күдіре – «мықты, күшті» деген мағынада қолданылған екеуі екі бөлек 

сөздер деп тану керек.




109



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет