түсіндіреді (Л.Будагов, 128-бет).
түрі болса керек.
Ойынды болды қоюы.
254
Мінгенде аты ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды («Қобыланды батыр»).
Ерлер мінер алаға,
Қас батыр шабар қалаға («Алпамыс батыр»).
Мінген аты ала-ды,
Алаға тоқым салады («Қамбар батыр»).
Ала сөзінің осы күнгі түр-түске қатысты сындық мағыналары
түсінікті. Ал оның жылқы ішінде «көрнекті жүйрік ат» деген
мағынадағы қолданысы бұл күнде актив емес, бұл мағынадағы ала
сөзі түсіндірме сөздіктерде көне деген белгімен берілген. Сірә, ала
– тек қана көрнекті, жүйрік ат емес, азбан дегеннің синонимі бо-
лар. Ал азбан – ақтатылған (піштірілген) еркек мал, орысша мерин
деп аталады, мерин – монғол тілінен келген, мерин сөзінің қалмақ
тіліндегі мағынасы «ақтатылған (тарттырылған) айғыр» (Толковый
словарь русского языка. Под редакцией Д.Н.Ушакова. - Т. І-ІV. - М.,
1935-1940). Ала деп жылқы малының азбанын атаса, азбан – жай ғана
піштірілген еркек мал емес, үйірге түсіп жүрген, яғни әбден есейіп
күш жиған жануардың ақтатылған кездегісі, ол «ертеңнен шапса
– кешке озған, ылдидан шапса – төске озған томаға көзді қасқа аз-
бан» болып суреттелетін мықты жылқы, көбінесе батырлар мінген
ат. Демек, ала мен азбан – синонимдер екен. Қазақ жырларында
ала варианты жиірек кездесетіндігінің бір себебі
ала – тек жылқы
малының азбаны, ал азбан деп қой, түйе малына қарата да айтылады.
Ала – қазақ жырларында мықтылықтың символы. Осыған қарағанда,
ала және осымен түбірлес
алаша (ат) көрсетілген мағынада түркі
тілдерінің қыпшақ тобына тән болса керек. Татар тілінде алаша (ме-
рин) варианты тіркелген.
Қазақтың ертедегі өлең-жырларында алаша тұлғасы бар. Бірақ
қазақ жырларында алаша, алаша ат варианттары ала сөзіне
қарағанда, сирек кездеседі. «Ер Тарғын» жырында қалмақтың «алты
құлаш ала аты» алаша ат деп жырланады: Тарғын батыр: «Алаша
аттың басы деп, Қалмақы ердің қасы деп» қарсыласына садағын
кезейді. Мүмкін, бұл жерде ала дегеннен гөрі өлең өлшемі үшін
алаша варианты дұрыс келіп тұрған болар, өйткені
ала мен
алаша
тепе-тең қатар түземейді: «батырлар мінген ала-ды» («батырлар
мінген алаша» демейді) немесе жылқы ішінде алашамын деген жол-
дарды кездестірмейміз, өйткені, біріншіден, алаша – үш буынды
сөз, өлең өлшеміне тура келмейді, екіншіден, мықтылықтың симво-
лы ретінде алаша, азбан, ақта синонимдері емес, тек ала варианты
қалыптасқанға ұқсайды. Алпамыстың астындағы аты Шұбар ала деп
аталады:
255
Жалынады жас бала
Астында Шұбар алаға («Алпамыс батыр»).
Бұл сөздердің тағы бір синонимдік қатары бар. Ол – ақта, ақта
ат. Мұны XVI ғасырдағы қазақ жазбасының ескерткіші тарақ
таңбалы жалайыр руының биі – Қадырғали Қосымұлының «Жами’ат-
тауарих» атты шежіресінен табамыз: «Ечкілі оғлы Хасан Едіге би нің
ахта атын алып тұрұр ерді». Бұл жазбада ахтачы деген сөз де бар,
ол – атбегі дегеннің варианты. Қазіргі қазақ тілі үшін бұл да – ескі
сөз. Ақта сөзі Атырау, Маңғыстау өлкелерінде диалектизм ретінде
көрсетілген мағынада сақталған.
Сөйтіп, азбан сөзінің синонимі ала сөзі қазақтың ертеректегі
әдеби тілінде мықты, жүйрік жылқының атауы болып, поэтикалық
бірлікке айналған, сондықтан батыр өзінің батырлығын танытқысы
келгенде, «жылқы ішінде аламын» дейді немесе «мінгенде атым ала-
ды» деп бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: