белгілі. Мысалы:
күтушілер.
259
Жетім сөзінің «тұтқын» мағынасын күні кеше (XIX ғасырдың
I жартысында) өткен Махамбет ақыннан да табамыз. Махамбет
көтеріліс жеңілгеннен кейін Баймағамбет сұлтанның алдына келу-
ге мәжбүр болады. Ол өзін Баймағамбет сұлтанның қолына түскен
тұтқын, бірақ ұрыс-шайқаста қолға түскен емес, өз аяғымен өзі келіп
түскен тұтқын деп атайды:
Ұрмай-соқпай келтірген,
Арманың бар ма Құдайға
Мынау Махамбет сында жетімді-ай, – дейді.
Мұндағы жетім сөзінің ертедегі тағы бір мағынасын білмеген
баспагерлер (редактор, корректорлар) бұл сөзді тырнақшаға алып
жазып келеді. Бұл өлең жолдарындағы жетім – әке-шешесі
(қорғаушысы, қолдаушысы) жоқ Махамбетпін деген сөз емес, өзі де
ашып айтқандай, «ұрмай-соқпай» қолға түскен тұтқынмын деп тұр,
демек, тырнақшасыз жазылуы керек.
Жесір сөзінің қазіргі мағынасынан басқа тағы екі мағынасы
болған: бірі – «соғыста қолға түскен тұтқын», екіншісі – «қалыңмалы
төленген әйел заты» (оның ішінде ұзатылмаған қыз да). Жесір сөзінің
бұл мағынасы XX ғасырдың басына дейін, әсіресе «жер дауы, жесір
дауы» сияқты дау-дамай, сот істері жүріп тұрған кезде де сақталған.
Жетім, жесір сөздерінің түптөркінін зерттеушілер йетим, йәтім,
йәсир/йесер/есир – «қолға түскен тұтқын» деген араб сөзі деп жүр.
Жесір/йасир/йесир сөзінің «тұтқын» мағынасында сақталуы түркі
ескерткіштері тілінде жиі кездеседі. Бұл мағынада сирек болса да,
қазақ жырларында да орын алған тұстары бар. Мәселен, «Айман-
Шолпанда» (XIX ғ.) Көтібар батыр Маман ауылын шауып алғанда
оның екі қызы – Айман мен Шолпан: «Жесірді қолға түскен аясын
ба, Қорқады кетеміз деп нарға мініп». Көтібардың ерке тоқалы –
Теңге «жесірді жұрт мақтаған көрейін деп» Айман қыздың алдынан
шығады. Бұл жырда қолға түскен деген анықтауыш жесір сөзінің
«тұтқын» деген семантикасын меңзеп тұрғанмен, Айман сияқты
бай қызының бойжеткенше айттырылмай, басы бос болуы мүмкін
емес, демек, қалыңмалы төленген қалыңдық кезінде қолға түсіп
отыр. Осы жерде қазақ тіліндегі жесір сөзінің 3-мағынасы және
болғаны байқалады. Ол – айттырылған, әсіресе қалыңы берілген
қыз, «тұтқын», болашақ күйеуінің «меншігіндегі» адам. Күні кеше-
ге дейін орын алып келген «жесір дауы» әрдайым күйеуі өлген тұл
(жесір әйел) туралы ғана емес, айттырылған, көбінесе қалыңмалы
төленген, құдалар «құйрық-бауыр жескен» қалыңдыққа қатысты дау
болғандығы белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: