Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


қару-жарақ,  сауыт-сайман  атаулары



Pdf көрінісі
бет167/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   284
қару-жарақ,  сауыт-сайман  атаулары.  Олардың  ішінде  жақ/жай 

сияқты  қарапайым  қарумен  қатар  мылтық,  зеңбірек  сияқты  отты 

қарулардың  да  бүгінде  көпшілік  оқырманға  бейтаныс,  қолданыста 

жоқ сөздерді талдауға болады.



Жақ  (оны  қазақтар  садақ  деп  те  атайды),  оның  «детальдары»: 

кіріс, адырна және оғы мен сауыттарының аталулары бүгінгі оқыр- 

мандарға  біршама  таныс,  біріншіден,  батырлар  жырлары  сияқты 

эпостарды мектептен бастап танып, оқып жүрген адамдар жай/жа, 

садақ,  сай  кез  оқ,  қозыжаурын,  сауытбұзар  деген  сөздерді  біледі, 

екіншіден,  жай  тарту  –  бүгінгі  спорттың  бір  түрі  екендігі  де  бұл 




252

саладағы  сөздерді  ескілік  деп  танытпайтын  сияқты.  Ал  мылтық 

деген отты қарудың жалпылық атауы таныс болғанмен, оның қазақ 

қауымы  XVIІ-ХІХ  ғасырларда  пайдаланған  түрлерінің  атаулары 

ескіліктер  қатарына  жатады.  Жоғарыда  айтылды,  бүгінгі  ғылыми 

еңбектер мен көркем әдебиеттен мылтықтың қозыкөш, күлдірмамай/



құлдырмамай,  шамғал/самқал,  жекеауыз,  бірауыз,  қандыауыз, 

желдіауыз, шиті, берен деген түрлері болғанын біле аламыз. Әрине, 

олардың  әрқайсысының  құрылымын,  қасиетін  (сын,  сапасын)  дәл 

түгел  айтып  бере  алмауымыз  мүмкін.  Дегенмен  кейбіреулерінің 

өзгелер берген түсіндірмелерін келтіруге болады.



Жезайыр.  «Қазақтың  батырлар  жыры»  деп  аталатын  үлкенді-

кішілі жыр үлгілерінде ұрыс-соғыс, шабуыл-шайқастар суреттелетіні 

мәлім.  Демек,  бұларда  ертеректе  қолданылған  қару-жарақ,  сауыт-

сайман, құрал-жабдық, қорған-пана атаулары мен ұрыс-соғыс семан-

тикасын  қамтитын  қимыл-әрекет,  сын-сипат  атаулары  –  етістіктер, 

сын есім мен үстеу едәуір мол болған. Олардың көпшілігі – бұл күнде 

ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмыт болған сөздер. Мысалы, ба-

тырлар жырлары мен тарихи көркем шығармаларда кездесетін отты 

қарудың, айталық, мылтықтың қозыкөш, күлдірмамай/құлдырмамай, 

шамғал/самқал,  қандыауыз  деген  атаулары  бар. Солардың  бірі же-

зайыр  –  қарапайым  мылтық.  «Ер  Тарғын»  жырында:  жезайырдың 

оғы өтпес деген өлең жолы бар. Аталған мылтықтардың құрылысын, 

түр-түсін,  кімдер  жасайтынын  арнайы  зерттеу  еңбектерінде  айты-

лып  жүрген  болар.  Мысалы,  Шоқан  Уәлиханов:  «күлдірмамай  деп 

аталатын мылтықты қазақтар өздері жасайды, оны құлдырмамай деп 

те атайды, сөз түбірі – құлдырау», – дейді (Ч.Ч.Валиханов, 1-т., 460-

бет), ал шамғалды (самқалды) «ұзын, ауыр мылтық» деп түсіндіреді 

(сонда).  Сондай-ақ  қара  мылтық  –  ружье  без  насечки.  Қозыкөш  – 

самқалдың бейнелі атауы. Тіпті кейініректе жиналған жырларда, мы-

салы, Ә.Диваев нұсқасындағы «Едіге» жырында орыс тілінен ауысқан 

бердеңке (бердянка) атауы да бар: «Дию... үйге жүгіріп кіре бергенде 

ордың түбінде жатып [Едіге оны] бердеңкемен қақ жүректен басып 

кеп қалады» (Едіге батыр, 1996, 129-бет). Бердеңке сөзі де бүгінгі жас 

ұрпаққа түсініксіз, ескірген атаудың бірінен саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет