Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Топ.  Орта  ғасырлардағы  ұрыс-соғыстарда  түркі,  монғол  әскер-  лері  мылтықпен  қатар  зеңбірек



Pdf көрінісі
бет168/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Топ.  Орта  ғасырлардағы  ұрыс-соғыстарда  түркі,  монғол  әскер- 

лері  мылтықпен  қатар  зеңбірек  сияқты  отты  қаруларды  да  пайда- 

ланғанын  эпостық  жырлар  мен  жыраулар  шығармаларының  тілі 

көрсетеді.  Топ  деп  түркі,  ноғай  тілдерінде  зеңбіректі  атайды,  яғни 



зеңбірекпен топ сөздері – варианттар, сондықтан топ-зеңбірек деп 

қатар  да  қолданылған:  «Керней-сырнай  тарттырып,  топ-зеңбірек 

арттырып»  (Алпамыс,  1957,  51).  «Қалмақтар  келіп  топ  атты» 

(Қамбар, 1957, 30). 




253

Топ атауы жеке де келеді: Әскерге топ арттырып, керней қойды 

(Қамбар).

Күнделікті  тұрмыста  болсын,  үлкенді-кішілі  кикілжің  ұрыс-

төбелесте не ұрыс-шайқаста болсын қолдануға болатын қарапайым 

қару  ретіндегі  құралдар  да  болған.  Солардың  бірі  –  келте/келтек 

сөздері.


Жан басына тоғайдан

Кесіп алды бір келте («Қобыланды батыр»).

Қолына ұстап бір келтек,

Айқайлайды жерді өртеп («Қамбар батыр»).

Бұл  сөздің  «қару»  мағынасы  мәнмәтіннен  де,  сөз  семантикасы-

нан  да  аңғарылады:  «қолға  ұстайтындай  шағын  (келте)  етіп  кесіп 

алған ағаш бұтағы». Келте (қысқа) сын ссіміне зат есім тудыратын -к 

жұрнағы жалғанып келтек болып қолданылуы дұрысы болса керек. 

Өлең шартына (ұйқас, өлшем деген сияқты) қарай келте варианты да 

қолданыла берген.



Себіл  де  –  ескірген  сөз.  Оны  Ә.Марғұлан  қару-жарақтың  аты 

деп түсіндіреді, бірақ қандай қару екені айтылмайды (Ә.Марғұлан. 

Көкетайдың ертегісі. - Алматы: Жазушы, 1973. - 73-бет).

Кертартар – шоқпар сияқты қарудың аты болса керек. 

Шауып келіп Қараман 

Безеу тісті кертартар,

Тас төбеге салады («Ер Қосай»).



Кертартар – кәдімгі шоқпар емес, арнайы жасалған тістері бар 

шоқпардың түрі деп түсіну керек шығар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет