280
жақша ішіне сұрау белгісі қойылған тіркестердің мағынасын әзірге
таба алмадық.
«Едіге» жырының Шоқан нұсқасында кездесетін бір алуан
тұлғалық өзгешеліктер (қазіргі қазақ тіліне тән емес) және бар. Бұл
жердегі «тұлғалық» дегеніміз – фонетикалық бітімі мен морфо-
логиялық тұлғалануы (септелуі, жекеше-көпше тұлғалануы, шылау-
лардың меңгерілуі т.т.) қазақ тілінен өзгеше берілген сөздер мен
тіркестер. Олар: қазақ тілінде сусымалы л, ң, р дыбыстары түсіп
қалған сөздерде сақталған тұлғалары: қоңғыр қаз, олтұрды, ерді
(қазіргі қазақ тіліндегі қоңыр қаз, отырды, еді), бұл – көне түркі
тілдері мен қазіргі кейбір түркі тілдеріне тән тұлғалар болғандықтан,
жыр мәтініндегі ескіліктің көрінісі деп санаймыз. Сол сияқты ол
есімдігінің септелгенде, аны (оны), андан (одан), аның үшін (ол үшін/
аның үшін) болып келуі, етістіктің жіктелгенде III жақ көпше түрінде
-лар жалғауының қосылып отыруы да (жыладылар, келділер)
өзге түркі тілдерінің, оның ішінде ноғай тілінің, яғни жырдың
түпнұсқасы тілінің қалдығы, көрінісі екендігі байқалады. Жырдың
XIX ғасырдың ортасында қазақша жазылып отырған қолжазбасында
жоғарыда көрсетілген тұлғалық ерекшеліктерді сол кезеңдегі және
одан көп бұрынғы, біраз кейінгі кезеңдерде Орта Азия мен Орталық
Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ деп тапқан «шағатай
жазба (емле) дәстүрінің» тікелей көрінісі, орын алуы деп танимыз.
Ортаазиялық түркі жазба әдеби тілінің (Еуропа ғалымдары «шағатай
тілі» деп атаған) жазудағы орфографиялық дәстүрі (ережелері,
тәртібі) сақталып келгендігі белгілі. Бұдан қазақ жазбалары да қалыс
қала алмады. XIX ғасырдың II жартысындағы кейбір қазақ тіліндегі
жазба дүниелердің көбінде (мысалы, эпистолярлық жазбалар – жеке
адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарында да), XIX ғасырдың II
жартысындағы қазақ газеттері беттерінде берік сақталғанын көреміз.
Ал ертеден қолжазбалары бар болып келген «Едіге» жырының
мәтінін XIX ғасырдың I жартысындағы қазақтар көшірген кезде
«ортақ емле» дәстүрінен көп шығып кете алмаған. Жырдағы кейбір
сөздердің жазылуын әңгіме еткен екенбіз, енді қолжазбаның өн
бойының емлесін, жазу сауаттылығына да тоқталуға тура келеді.
Қолжазбаны ешбір түзетусіз (редакциясыз) баспаға ұсынып отырған
ғалым – П.М.Мелиоранский Шоқанның қолына тиген жазбалардың
орфографиясы өте нашар болғандығын ескертеді (оны Шоқанның
өзі де айтқан екен). П.М.Мелиоранский әсіресе өзі «бірен-саран
кездеседі» деп таныған араб, парсы сөздерінің өзгертіліп, қате
жазылғанын айтады. Бір қызығы – Шоқан бұл жырдың ертерек-
те пайда болғанын оның тілінде араб-парсы сөздері жоқтығымен
281
дәлелдесе, П.М.Мелиоранский араб, парсы сөздері адам танығысыз
болып қате жазылған дейді. Сірә, біздіңше, екі ғалым да сәл ағаттау
пікір айтқан сияқты. Мұнда әулие, әулиелік қылу, жұпар, ғажайып,
Достарыңызбен бөлісу: