Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет98/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   284
Сары алтынға малдырған (Махамбет).

Мұндағы  сары  сөзі,  сырт  қарағанда,  солай  сияқты  болып 

көрінетінімен, шындығында, түске байланысты емес, яғни алтынның 

сары түсіне қатысты қалыптасқан тіркес емес. Сары алтын дегендегі 



сары – парсыша сара сөзі, ол – «таза, қоспасыз, пробасы жоғары (ал-

тын,  күміс  жөнінде)»  деген  мағынаны  береді.  (Перс.-русск.  сл.,  II, 

435). Бұл ұғымда саф алтын деп те айтылатыны мәлім (саф деген 

– арабша «таза» деген сөз). Абай тіпті самородный сары алтын деп 




147

сол мағынадағы орыс сөзін қосып айтқаны белгілі. Сонда сары, саф, 



самородный сөздері – бір мағынадағы үш тілдің сөздері. Демек, сары 

алтын – таза, қоспасыз алтын.

Сары сөзінің бұдан басқа да тіркестерде түстен өзге мәндегі сөз 

болып келетін жерлері бар. Мысалы, сары уайым тіркесіндегі сары 

да – парсы сөзі, парсыша сар сөзінің бір мағынасы – «уайым, қайғы» 

(Перс.-русск.  сл.,  II,  435).  Сонда  сары  уайым  тіркесі  –  уайым-уай-



ым  болып,  бір  мағынадағы  екі  сөздің  қабаттаса  айтылуынан  пайда 

болған плеонастық тіркес. «Уайым, қайғы» ұғымындағы сар сөзінің 

қазақ  тілінде  жеке  (яғни  еркін  тіркесте)  қолданылмайтындығынан, 

қазақ  құлағына  кәнігі  (үйреншікті)  сары  тұлғасына  ауыстырылып 

қалыптасып кеткен.

Сар сөзінің түске қатыссыз қолданылатын үшінші жері – сары бел, 

сары адыр, сары жота, сары дала, сары арқа, сары жал, сары бұлақ, 

сары тау деген сияқты тіркестерде. Бұлардағы сары (көбінесе дұрысы 

– сар) сөзі жер-су аттарын арнайы зерттеген ғалым Е.Қойшыбаевтың 

көрсетуінше, «кең», «басты», «негізгі» және «айқын, анық көрінген» 

деген мағыналарды білдіреді (Е.Койчубаев. Краткий толковый сло-

варь топонимов Казахстана. Алма-Ата, 1974, 89).

САУДАСауда сөзін бұл күнде затты сату не сатып алу әрекеті 

мағынасында  ғана  түсінеміз.  Ал  қазақ  тілінде  бұл  сөздің  өзге  де 

мағынада  келіп,  жалғыздықтың  саудасы,  ғашықтықтың  саудасы 

сияқты  тіркестер  құрап  жұмсалатын  сәттері  бар.  Жауына  жалғыз 

шапқан Алпамыс батыр туралы:

Жалғыздықтың саудасы 

Түсті ерге бір күнде, – 

деп келсе, Жібектің аулына екінші рет аттанғалы тұрған Төлеген:

Басыма менің түсіп тұр 



Ғашықтықтың саудасы, – 

деп шынын айтады. Қамбар батыр қарсыласы қалмақ ханына:

Қан ағызып көзіңнен 

Басына сауда салайын, – 

дейді.  Мұндағы  ғашықтықтың  саудасы  деген  тіркес  «ғашықтық 

оты, өлердей ғашықтық» деген мағынаны білдірсе, жалғыздықтың 



саудасы немесе басына сауда салу дегендердегі сауда сөзі «қиындық, 

ауыртпалық» деген мәнде жұмсалып тұр.



Сауда  сөзінің  араб  тіліндегі  мағынасы  «ыза,  меланхолия»,  пар-

сы  тіліндегі  мағыналарының  бірі  –  «қатты  құмарту,  махаббат  және 

ызаланушылық, ыза», ал орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріндегі 

мағынасы – «қатты құмарту, сүю, махаббат және құмарлық, әуейілік» 




148

(Фазылов,  II.  238).  Сауда  сөзінің  қазақ  топырағында  пайда  болған 

мағынасы  одан  әрі  құбылып,  жалпы  «ауыртпалық,  қиындық»  де-

генге көшкені байқалады, өйткені жалғыздықтың саудасы дегенде 

сөз ұғымы махаббатқа, әуейілікке жуыспайды, бұл жердегі сауда – 

«ауыртпалық, шарасыздық». Сауда сөзін дәл осы мағынада қазақтың 

өткендегі ақын-жыраулары да пайдаланған:

Басыңа сауда болады

Жолдас қылсаң жаманды (Майлықожа).

Сауда  сөзінің  осы  көрсетілген  мағыналарда  бұл  күнде  актив 

қолданылмағанымен,  бір  кезде  еркіндеу  жұмсалғандығын  жоғары- 

дағы  мысалдар  дәлелдейді,  бірақ  қазақ  тіліндегі  араб-парсы  сөз- 

дерінің арнайы түзілген сөздіктері (Н.Оңдасьнов. Парсыша-қазақша 

түсіндірме  сөздік.  Алматы,  1974,  Е.Бекмұхаметов.  Қазақ  тіліндегі 

араб-парсы  сөздері.  Алматы,  1977)  бұл  сияқты  сөздерді  бермейді, 

көбінесе қалың жұртшылыққа түсінікті, талайдан арабтікі, парсынікі 

екені көрсетіліп жүрген сөздер түсіндіріледі.

Сөйтіп, түбі арабтық сауда сөзі қазақ тілінде тек «сауда-саттық» 

ұғымында  ғана  емес,  араб-парсы  тілдеріндегідей,  сезімге,  ақыл-

еске, адам мінезінің сипатына қатысты мағынада да жұмсалған екен. 

Орнын тауып қолданса (ғашықтықтың саудасы деген қалыпта), бұл 

сөздің қазірде де кәдеге асатыны сөзсіз.

САУДАЙЫ. Абайдың:

Саудайы-ай, сауды алмадың, сырқауды алып

Бір пәлеге жолықтың шырқау барып. 

Ала жаздай көгалды бір көрмедің

Сары жұртқа қондың ба ірге аударып, – 

деген өлең шумағындағы саудайы сөзі де – «құмарлық, сүйіспеншілік, 

әуейілік» мағынасындағы жоғарыда талданған сауда сөзімен түбір- 

лес,  атап  айтқанда,  саудауи  немесе  сауда-и  сөзін  Абай  «есі  дұрыс 

емес, әйелге есі ауған» деген мәнде қолданған. Ақын жинағында бұл 

сөзге  «істеген  ісін  абайламау,  байқамай  істеу»  деп  жалпы  нобайы 

келетін түсіндірме берілсе (Абай Құнанбаев, I том, 1957, 209), «Абай 

тілі сөздігі» «алаңғасар, нақұрыс» деп анықтайды. Ал бұл сөзді Абай 

Дүйсенқұл деген ауылдасына айтқан. Дүйсенқұл бірнеше рет әйелін 

тастап  жесір  қатындарға  үйленген  адам  екен,  ол  тағы  бірде  әйелін 

тастап, Жақып дегеннің күйеуден шыққан ауру қызын алады. Абай 

бұл шумақты сонда жазған. Демек, ақын Дүйсенқұлды саудайы десе, 

оған «әйел дегенде есі ауып кеткен, есі дұрыс емес» деген баға беріп 

тұр.



149

Саудайы  сөзінің  «есі  дұрыс  емес»  деген  мағынасы  «Екі  тентек 

қосылса,  саудайы  болар,  екі  мақұл  қосылса,  таудай  болар»  деген 

мақалда да байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет