сөз болар деп ойлаймыз.
теуші Е.Жұбанов көрсетеді. Ондағы:
144
Сол Баянды Қодар құл көзден салмас...
Садағыңды беліңнен салма деген...
Шырағым, мені есіңнен салма дейді, –
деген өлең жолдарында қолданылған салма- етістігі «тастама,
қалдырма, есіңнен шығарма» деген мағыналарды береді. Киімді сал-
мастан киді дегендегі
салмастан етістігі де «тастамастан» деген
мағынада екенін осы зерттеуші қоса көрсетеді.
Сөз төркінін қуаласақ, бұл – көне түркі-монғол сөзі болуы ке-
рек. Сала(х) сөзі – монғол тілінде «1) бір нәрседен құтылу, тастау,
қалдырып кету, арылу, 2) бөліну, айырылу, 3) жоғалту, айырылып
қалу» мағыналарын беретін етістік. Қазақ тілінде бұл сөзді тіркестер
құрамында (дүние салу, салмастан кию) немесе ертедегі үлгілер
тілінде қолданылған көненің көзі ретінде сақталған әлемент деп та-
бамыз.
САН. Батырлар жырларында:
Он екі жасқа келгенде,
Он сан қолға бас болдым, –
деген жолдардағы сан сөзі немесе Махамбеттегі:
Алты сан алаш ат бөліп,
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке...
Сол онымыз жүргенде,
Мың сан әскер қол едік...
Сан шерулі қол болса,
Батырлар болар ағасы –
дегендеріндегі сан сөзін бұл күндегі «есеп» мағынасындағы
қолданысынан бөлек тану қажет. Өткен ғасырда қазақша-орысша
сөздік түзген Н.И.Ильминский сан сөзінің бір мағынасын «есепсіз
көп сан» («большое, неопределенное, впрочем, число») деп көрсетеді.
Бұл мәнде осы күні сансыз, сансыз көп сөздері жұмсалады. Ал о ба-
ста сан деген сөз «өте көп, мөлшерсіз көп» деген ұғымды білдірген.
Жалпы өлең жолдарындағы сан сөзі осы мағынада жұмсалып тұр. Ол
он сан, алты сан, мың сан деген тұрақты тіркестердегі он, алты, мың
деген сан есімдер де өздерінің номинатив (тура) мағынасын таныт-
пайды, олар да – «көп, белгісіз мөлшердегі көп» деген ұғымда келген
сөздер.
Сөйтіп,
сан сөзі бір кездерде тілімізде «көп, сансыз көп» деген
мағынаны сан есімдермен тіркесте келгенде, тұтас тіркес болып біл-
дірген. Алты сан алаш – «қаумалаған қарындас», яғни қалың елі,
ағайыны, артынан ерген қалың жұртшылық, мың сан әскер де –
«есепсіз көп әскер».
145
САНА. «Алпамыс» жырында:
Маған да әсер қылып тұр
Зарланып айтқан санаңыз...
Қайда барып төгемін
Ішімдегі сананы, –
деген жолдар бар. Сана сөзі қатысқан өлең жолдарын өзге жырлардан
да жиі кездестіреміз. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Ол бір сана көңіліме салды дейді.
«Айман-Шолпанда»:
Айманның көңілі кең, ақылы дана,
Ішінде Арыстанның болар сана.
Бұлардағы сана – «сана-сезім» мағынасындағы сана сөзінен де,
«есептеу» мағынасындағы сана- етістігінен де өзгеше мәнде қолда-
нылған сөз. Келтірілген өлең жолдарындағы сана – «ой» және жай
ой емес, «толғантатын ой» мағынасында келген. Әсіресе, Сарғайып
Достарыңызбен бөлісу: