Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет100/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   284
СИМИЯ: ХИМИЯ-СИМИЯ (ҚИМИЕ-СИМИЕ). XIX ғасырдың 

II жартысында жасап өткен Шәңгерей ақын Америка ғалымы Эдисон 

туралы өлеңінде:

Пәндерден қимие-симие ғылыми хикмет, 

Көп сырлар ашты хикмет дүниеден, – 

дейді.  Мұндағы  қимие-симие  сөзіне  берілген  түсініктемеде  «хи-

мия  ғылымын  айтып  отыр»  деп  қана  беріледі  (XVIII-XIX  ғ.  қазақ 

ақындары... 416). Бұл тіркестегі симие компонентін ат-мат, жігіт-



мігіт дегендердегі сияқты қос сөздің мәнсіз сыңары болар деп ой-

лаймыз. Ал, шындығында, қимие – «химия», симие – парсы тілінде 

«магия, көз бояушылық, керемет іс» деген мағынаны білдіретін сөз. 

Ол қимие (химия) сөзімен қатар айтылғанда, «алхимия» ұғымын да 

береді.  Демек,  Шәңгерей  Бөкеевтің  қимие-симие  деп  отырғаны  – 

«химиядан да, алхимиядан да, яғни барлық ғылымнан хабары бар» 

ғалым дегені.

Сірә,  өткендегі  әдеби  мұраларда  кездесетін  бейтаныс  сөздерді 

түсіндіруде  мейлінше  дәл,  толық  мағлұмат  берілсе,  ол  текстерді 

түсініп, тұшынып оқуға көмектесер еді. Біздің осы кітаптағы барлық 

талдауларымыз  айтылған  талап-тілекке  септігіп  тигізу  мақсатын 

көздейді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет