Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет97/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

санаменен жүзі сары немесе Қайда барып төгемін ішімдегі сананы 

деген  жолдарда  сана  сөзінің  «қинаған,  толғантқан,  уайым  жегізген 

ой» деген мағыналық реңкі айқын көрінеді.

Сана сөзінің «ой, ойлау» мағынасы монғол тілінде де бар. Сана 

сөзінің ой сөзіне синоним болып келетіндігін «Алпамыстағы»:

Қой дегенде қоймасаң,

Түсіремін ой-сана, – 

деп  плеонастық  қатар  (яғни  бір  мағынадағы  екі  сөздің  қосарлана 

қолданылуын) түзіп тұрғанынан да көрінеді. Ойды айтатын, төгетін, 

салатыны сияқты сананы да салады, төгеді, айтады,

Әрине, қазақ тілінде бұл – кірме сөз емес, біздіңше, сірә, түркі-

монғол  тілдеріне  ортақ  сөздердің  бірі.  Оның  қазақтың  ескі  өлең-

жырларындағы  мағынасы  қазіргі  философиялық,  психологиялық 

термин  ретіндегі  (орысша  «сознание»)  мағынасынан  едәуір  өзгеше 

болғаны көрінеді.



САНДЫҚ. ХVІ ғасырдағы қазақ тарихшысы жалайыр Қадырғали 

би  Қосымұлының  атақты  «Жамит`  ат-тауарих»  атты  шежіресінде 

Шыңғыс  ханның  өлерінде  балаларына  айтқан  өсиетінде:  «Мәнің 

сүңгәгімні  (ң)  турған  сандуқты  алыб,  өз  уалайатларыңызға  йүз 

уруңуз» (Қадырғали би… 171) дейді. Мұндағы сандуқ сөзі – әрине, 

бұл күнде біз білетін сандық (ішіне зат, бұйым, киім-кешек салатын) 

емес.  Орта  Азияның  отырықшы  халықтарының  (өзбек,  тәжік  т.б.) 

өлікті жер қойнына беру салт-дәстүрінде орын алған сағана деген-

дерге өлікті салып қоятын жәшікті (саркофагты) сандық деп атаған 



146

(Г.П.Снесарев. Реликты домусульманских верований и обрядов у уз-

беков Хорезма. - М., 1969. - Стр. 148-149). Сандық негізінен тақталар 

мен кішігірім бөрене сияқты ағаштан қиюластырып жасалған. Сірә, 

мұндай саркофаг жәшіктер тек сағаналарға қоюда ғана емес, жорықта 

өлгендердің  мәйітін  белгілі  жерге  апаруға  да  қолайлы  болған  болу 

керек. Шыңғыс ханның мәйіті белгілі бір орынға жерленбегені, оны 

жәшігімен жер асты сағанасына жайғастырып, үстінен сан мың салт 

аттылар мен жүздеген жылқы үйірін жүргізіп, адам таба алмайтын-

дай жермен жексен еткендігі тарихтан белгілі, бұл – Шыңғыс ханның 

өз  тілек-бұйрығы  болды  дегенді  айтады  тарихшылар.  Демек,  ХІІ-

ХІІІ  ғасырларда  монғолдарда  сағаналап  жерлеу  дәстүрі  болды  ма, 

болмады  ма  –  оны  арнайы  анықтауды  көздегеніміз  жоқ.  Тіпті  бұл 

дәстүр  болмаған  күннің  өзінде  Шыңғыс  ханның  өзі  де,  қалың  ар-

миясы  да  Орта  Азияны,  Индияны,  Қытайды  жаулап,  халықтарын 

бағындырған  шақтарда  олардың  өмір-салттарын  біле  жүрсе  керек, 

бұл  салт-дәстүрлердің  ішінде  өзіне,  әскеріне,  жорықтарына  пайда-

сы  болатындарын  көріп,  кәдеге  асырып  отырғаны  және  түсінікті. 

Сондықтан  Рашид  ад-дин  мен  Қадырғали  би  мәйітті  салатын 

сандық  сөзін  қолданған.  Қазақ  халқын  құраған  ру-тайпалардың 

соңғы 4-5 ғасырлық өмір салтында өлікті сандыққа салып, жер асты 

не  жер  үстіне  сағана  (склеп)  орнатып,  сонда  жерлеу  дәстүрі  етек 

алмаған болар. Сондықтан қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлардағы ақын-

жырауларында  да,  ауыз  әдебиетінде  де  саркофаг  мағынасындағы 

сандық сөзі жоқ. 

САРЫ. Түсті білдіретін сары сөзі – бұл күнде әбден түсінікті, жиі 

жұмсалатын сөздердің бірі. Бірақ осы сөз келген жердің бәрінде де 

түс атауы бола бермейтіні бар. Мысалы, бәрімізге белгілі сары ал-

тын тіркесі бар. Бұл өзі – тұрақты тіркес. Ертедегі өлең-жырларда да, 

қазірде де қолданылатын сөздер. Мысалы:

Дүние деген сары алтын 

Әркімдерді алдаған (Нұрым жырау). 

Садағының кірісін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет