143
дартты берік ұстау, яғни дәстүрлі амалмен көпшілікке тікелей
үлгі-өнеге, өсиет-ақыл айту немесе айтпақ идеясын өмірден
білген-түйгендерін (дүние танымы мен философиясын) баян-
дау арқылы жанамалап білдіру. Ал дәстүрлі амал – өмір мен
табиғат құбылыстарына
қоғам мен адамдардың іс-әрекет,
мінез-құлқын шендестіре отырып, параллельдер түзу және
ол параллельдерді тұжырым етіп ұсыну. Мысалы, «Еділден
шыққан сызашық мен көргенде, Тебінгіге жетер-жетпес су еді.
Телегейдей сайқалтып, Жарқыраған беренді Теңіз етсе – Тәңірі
етті» деген табиғат суретін Шалкиіз жырау өз әміршісі – Би
Темірге «көп керіле берме, айтқан ақылымды ал», өйткені «сен
де менімен тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе, Тәңірі
етті» деу үшін беріп отыр.
«Жаманмен істес болма, жақсымен дос бол» деген ақылды
айту үшін, яғни: «Бір жақсымен дос болсаң, Азбас-тозбас мүлкі
етер. Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда, Жүмле
ғаламға күлкі етер» деген сентенцияны (нақыл сөзді) ұсынар
алдында «шағырмақ бұлт жай тастайтынын, ағытқан қойды
жол бастайтынын»... айтып алады.
Осындай өмір шындығы
бар екендігіне тыңдарманның басын изеткеннен кейін, оған
жақсымен ғана дос болу керектігін мойындатады. Мұндай па-
раллельдер халыққа таныс суреттер арқылы беріледі. Ол үшін
тек қана айналаны қоршаған өмір, табиғат, қоғам тіршілігінен
алынған образдар көркемдеу қажетін өтейді. Өзіне дейінгі
әдеби тілдің бұл стилін Бұхар да жақсы пайдаланады. Мысалы
(біз мысалдарды даусыз Бұхардікі деп танылуға тиісті өлең-
толғауларынан ғана келтірдік): «Құрсағы
құшақ байлардан
дәулет таймас демеңіз, өйткені дүние өтпелі, соны да ескер»
деген ақылды айту үшін: «Айналасын жер тұтқан Айды батпас
демеңіз. Айнала ішсе, таусылып, Көл суалмас демеңіз»
деген
сияқты шеңдестіруге барады.
Бұхардың теңеулері де өзіне дейінгі әдеби тіл қоймасын-
дағыдай: Ұ
рғашының жақсысы Әбжыландай есіліп... Боз
жорғадай бұлғаңы. Байырғы қазақ поэзиясында және халық
ауыз әдебиетінде
әбжыландай бұралу (толғану, есілу) –
әдеміліктің, сиқырлы
көз тартарлықтың символы, жорғаның
жүрісі де – қазақ үшін әсемдіктің көрінісі. Әрбір онжылдық
144
адам өмірінің бірін
ағып жатқан бұлаққа, екіншісін
ерттеп
қойған құр атқа, үшіншісін
жарға ойнаған лаққа т.т. теңеуі
де,
құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған деген
теңеулері де, аттың сынын бергенде,
от орнындай тұяқтым,
Достарыңызбен бөлісу: