Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет59/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   161
Тәтіғара, Үмбетей, Бұхар жыраулар мен Шал
120
, Көтеш 
ақындар. Зерттеуші М.Жармұхамбетов атақты «Елім-ай» 
жыр дастанының авторы деп Қожаберген Толыбайұлы де-
ген жырауды атаса
121
, Ы.Дүйсенбаев сол өлеңнің авторы бо-
лар деп Топыш ақын деген есімді атайды
122
. Әрине, үш-төрт 
ұрпақты қамтитыны бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде 
қазақ қауымынан шыққан сөз зергерлері бұдан әлдеқайда көп 
болғаны даусыз. Тіпті осы күнгі кітаптардың өзінде Жанкісі, 
Есет жырау, Қобылан жыраулардың аталып, олардың 
бізге жеткен бірді-екілі толғаулары ұсынылып жүргені мәлім 
(«Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты кітапты қараңыз. - Алма-
ты, 1967). Әдебиет зерттеушісі Қайым Мұхаметханов Бұхар 
жыраудың осы күнгі жарияланып жүрген мұраларының ішінде 
өзге жыраулардың да, атап айтқанда, Байдалы бидің толғаулары 
араласып кеткенін көрсете келіп, «Байдалы – Бұхардың заман-
дасы, сөз өнерінің өрен жүйрігінің бірі, XVIII ғасырдың ақын-
жырауларының қатарынан орын алатын адам», – деп түйеді
123

Демек, бұл пікірді құптасақ, бұл күнге дейін тек шешендік 
сөздердің авторы ретінде Байдалы би деп қана танылып келе 
жатқан адамға Байдалы жырау деп те қарауға тура келеді.
Бірақ олардың барлығының әлеуметтік үні бірдей болмаған. 
Сондықтан әдеби мұраны екшеуге, екшеп барып халық жа-
дында сақтауға келгенде талабы өте қатал «ауызша баспа» 
тақырыбы «ауыл-аймақ, бота-тайлақтың» төңірегінен ұзап 
шықпағандарын ысырып тастап отырған. Өйткені жер-жерде 
ру-тайпа мүддесінен туған поэзия үлгілері әрі құптаушылары 
120
Шал Құлекеұлының есімін, сірә, XIX ғасырдың I жартысының әдебиет әлеміне 
қатыстырып та сөз ету қажет болар. Егер оның туған-өлген жылдарын 1760-1831 деп 
тапсақ, ақынның шығармашылық жолының дені XIX ғасырға тура келеді.
121
Жарұхаметов М. «Елім-ай» жыр-дастаны //Қазақ әдебиеті. - 1981, 15 май.
122
Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы, 1975. - 14-б.
123
Мұхаметханов Қ. Бұхар жырау //Қазақ әдебиеті. - 1982, 6 август.


132
аз болғандықтан, әрі қазақ қауымының сол дәуірлердегі бы- 
тыраңқылық, сапырылыстық жағдайынан да тез ұмытылып 
отырған. Сақталатындар – ұсақ ру-тайпалық мүддеден я бол-
маса бір ханның жеке басының мүддесінен жоғары, жалпы- 
халықтық идеяны сөз ету негізінде туған өлең-жырлар болған. 
Сондықтан бір ғасырлық қыруар сөз дариясынан сүзіп алынған 
маржаны жоғарғы 7-8 ақын-жыраулардың есімдерімен шек- 
теліп отыр. Олардың өздерінің де түгел жетпегенін білеміз.
Бұлардың ішінде сөз үлгісі көбірек жеткені – Бұхар жырау. 
Оған себеп жырау творчествосының тарихи-әлеуметтік мәні- 
нің болғандығында, яғни Бұхар – «қазақ поэзиясында бұған 
дейін жоқ жаңа тақырыпты – халықты бірлікке шақыру, осы 
бірліктің ұйытқысы хандық мекемені нығайтуды уағыздау 
сияқты қоғамдық, дәуірлік тақырыпты көтерді» (Қ.Өмірәлиев). 
Мейлі хандық арқылы болсын, мейлі орысшыл, патшашыл 
хандарды тақтан тайдыру арқылы болсын (Исатай-Махамбет 
көтерілісінде), мейлі өздерінің дегеніне құлақ асатын хан-
ды сайлау арқылы болсын (Сырым Датұлы бастаған халық 
қозғалысы) – әйтеуір халықтық бірлікті сақтау, жер-су иелігінен 
айрылмау, сайып келгенде, тәуелсіздікті қорғау сияқты жалпы 
елдік арман-мұратқа үн қосатын әдеби мұраларды сақтауға да, 
таратуға да халық мүдделі болған.
Екіншіден, біздің топшылауымызша, мұсылманша сауатты 
болған Бұхар жыраудың толғаулары кезінде қолжазба түрінде 
хатқа түсіп, сол арқылы да таралуы мүмкін.
Ал Тәтіғара сияқты жыраулардан қазіргі көпшілікке ұсы- 
нылып жүрген мұрасы екі-үш шағын толғаулар төңірегінде 
ғана, оның өзінде де ел қорғап, жауға шабатын батырлар-
ды санамалап айтқан немесе ханы Абылайды қайрай айтқан 
бір-екі өлеңі ғана сақталған. Сірә, Қ.Өмірәлиев айтқандай, 
ертедегі ақын-жыраулар мұраларының бізге жетіп-жетпеуінде 
кездейсоқтық құбылыстың орын алғаны сөзсіз. Кезінде көп 
қайталанбай, ауыздан ауызға мұқият тапсырылмай қалған 
дүниелер сол күйінде мүлде жоғалғаны да – ақиқат. Олардың 
ішінде әлеуметтік үні бар, халық мүддесінен шығарылған 
туындылардың бар болуы да ықтимал. Көп сәтте көркемсөз 
мұрасын сақтайтын ортаның, сол орта ұстаған дәстүрдің де 
рөлі зор болған.


133
Екінші. Біз әңгіме етіп отырған дәуірде қазақ ауыз әдебиеті- 
нің мол нұсқалары бар-ды. Олар – әрине, тек сол ғасырдың 
өзінде пайда болғандар емес. Фольклор дүниесінің қомақты 
жанры – батырлар жырларының көпшілігі, зерттеушілердің 
айтуларына қарағанда, Алтын Орда дәуірінен бастап, XIV 
ғасырдың соңы мен XV-ХVI ғасырларда жасалған (жырланған) 
ескерткіштер
124
.
Сондай-ақ фольклор мұрасының одан да арғы кездердегі 
– Батыс Түркі қағанатының (VI-VIII ғ.), Ақ Орда, Ноғай Ор-
дасы және Өзбек хандығының (ХІІІ-ХVІ ғ.) тұсындағы ру-
тайпалардың ертегі-жырлары болғандығы да белгілі
125

Ауыз әдебиеті мұраларының XVIII ғасырда жырланған 
варианттары кейбір тілдік-көркемдік элементтерінің көрінуі 
жағынан осы күнгі бізге жеткен нұсқаларымен де, өздерінің 
пайда болған кездегі алғашқы үлгілерімен де дәлме-дәл 
түспейтіні анық. Фольклорлық шығармалардың XVIII ғасырда 
хатқа түскен нұсқалары болмағандықтан, эпостың немесе 
ертегінің, я болмаса тұрмыс-салт жырларының осы дәуірдегі 
варианттары тілі жағынан дәл мынадай болып еді деп сипаттай 
алмаймыз.
Үшінші. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына қызмет еткен 
тілді танытатын нұсқалардың тағы бірі – ресми іс-қатынасы 
қағаздары болды. Бұлар хан-сұлтандардың, старшындардың 
орыс патшасына, Ресейдің әкімшілік орындарына және бір-
бірлеріне жазысқан хаттары, арыз-өтініштері, мәлімдемелері, 
үндеулері т.б. Бұл әдебиеттің құнды бір ерекшелігі – хатқа 
түскендігі, сондықтан бұлар жазба тілдің белгілі бір стилінің 
қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал бола-
ды.
Төртінші. Бұл дәуірде қазақ өлкесін Ресей үкіметі тарапы-
нан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхат-
шылары мен ғалымдарының және қызмет бабындағы кейбір 
адамдардың орыс тілінде жазған материалдарының ішінде 
жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұлар әңгіме етіп отырған 
124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет