197
Дулат ақынның тілі
Көркем әдебиет стилінде жаңа белгілерді анық көрсете
бастаған үлгілер – Дулат Бабатайұлының өлең-жырлары.
Дулат та – Махамбет сияқты, алдыңғы дәуірлердегі қазақ
поэзиясының тілдік-стильдік құралдарын барынша пайдалана
отырып, оларды жаңаға ұластырушы, жаңа үлгілерді ұсынушы
қаламгер. Біз бұл жерде стильдік-тілдік
сипаты жағынан
бұрынғы дидактикалық толғаулармен келетін «Ата-ананың
ақылы», «Бұл заманғы адамның» деп басталатын екі ұзақ
толғауы мен «Асқар таудың сәні жоқ» сияқты шығармаларды
Дулат шығармашылығындағы жыраулық мектептің жалғасы
деп танудан бойымызды аулақ салып отырмыз. Оған себеп – осы
толғаулар кірген «Өсиетнама» деген атпен 1880 жылы Қазанда
басылған кітапты күні бүгінге дейін түгелімен
Дулаттікі деп
келгеніміздің жаңсақтық екендігі. Зерттеуші Қ.Өмірәлиев бұл
кітаптағы өлең-толғаулардың көбі Шортанбайдікі, бірері Шал
ақындікі екендігін текстологиялық салыстырулар жүргізіп,
бұлтартқызбай дәлелдеп берді
155
. Біз бұл пікірге мейлінше ден
қоямыз.
Тегінде, Дулат – жыраулық дәстүрден бас тартқан, ақын-
дықтың жаңа үлгісін бастаған адам. Оның жыраулар поэзиясы-
на сырттай ұқсас түсетін жері – 7-8 буынды жыр ағымындағы
өлең өлшемі. Ақын Дулат өз поэзиясын тек қана осы өлшемде
жазған. Ал құрылымдық-тақырыптық бітімі жағынан оның
өлеңдері – бұрынғы толғаулардан мүлдем өзгеше түсетін
шығармалар. Қазақ өлеңінің шоғырларға
156
(яғни тирадаларға)
бөлінуі және әр шоғырдың тілдік құралдар арқылы бір-бірінен
айқын бөлініп көрінуі Дулаттан басталады. Шоғыр (оны кей-
де
абзац деп те атайды) – өлең құрылымына тән дүние. Әр
шоғырдың тармақтары бір ұйқаспен
топтастырылады және
әрқайсысы бір тақырыпты қамтиды. Мысалы, Дулаттың
«Тырнақтай меңі болған соң» деп басталатын өлеңі 9 шоғырға
бөлінген:
155
Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. - Алматы, 1983. - 216-237-б.
156
Біз қазақ өлеңінің синтаксисі мен композициялық құрылымы жағына қатысты
біраз категорияларды тұңғыш рет сөз ету үстінде бірқатар терминдерді де ұсынған
едік. Солардың бірі – өлендегі
тирада (абзац) дегенді
қазақша шоғыр деп атадық
(Сыздықова Р . Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. - Алматы: Ғылым, 1970.
- 99-б.).
198
1 - ш о ғ ы р:
Тырнақтай меңі
болған соң,
Тарлан тартып
оңған соң,
Түріне кір қонған соң,
Мінсіз, меңсіз, кіршіксіз,
Шаңқан болмай,
қылаң ба?
Мұның ұйқасы – болған соң, оңған соң, қонған соң.
2 - ш о ғ ы р:
Ту ұстап, тұлпар
жаратпай,
Алдынан топ
таратпай,
Елді аузына
қаратпай,
Жай отындай
оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел,
ұлан ба?
Мұның ұйқасы өз алдына: олар да – тұлғалас етістіктер:
Достарыңызбен бөлісу: