Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет49/180
Дата14.03.2022
өлшемі2,1 Mb.
#27901
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180
Сөз  тудыру  жүйесінде.  Туынды  түбірлердің  ең  бір  жиі 
қолданылған  сипатты  топтары  –  -лық, -лы,  -сыз,  -дай  жұр- 
нақтарымен жасалғандар. -лық жұрнағы бұл кезде тек дерексіз 
есім  жасайды:  ерлік,  өрлік,  зорлық,  беріктік,  әділдік,  ал  -лы, 
-сыз,  -дай  (-  дайын)  жұрнақтарының  беретін  мағыналары 
қазіргі кездегідей. Бір ерекшелігі бұл күнде жанаса байланыса-
тын қатысты сын есімдер біз талдап отырған үлгілер тілдерінде 
-лы  қосымшасымен  келеді:  алтынды  кесе,  айдынды  көл. 
Қалған жұрнақтардан -шы (қызметші, жарақшы),  (жүріс, 
беркініс), -ім (көрінім жер), шылық (сыпайшылық), - сын 
(сүйесін, демесін), -шық (сызашық, ботташық) қосымшалары 
бір-екі реттен ғана көрінеді. Демек, бұлар – әлі жүйелі түрде 
келетін, актив жұрнақтар емес.
Грамматикалық  ерекшеліктердің  қатарында  дүр  (-ды  /-ді, 
-ты /-ті) формантының қолданылуын көрсетуге болады. Мы-
салы:  «Жауынды  күні  көп  жүрме,  Жар  жағасы  тайғақ-ты» 
(Шалкиіз). «Сырым саған түзу-ді» (Жиембет). Есімнен болған 
баяндауыш  іс-әрекеттің  нақты  болған-болмағанын  білдіру 
мәнін  беретін  дүр  көрсеткіші  қазіргі  күнге  -ды  /-ді  түрінде 
жеткен.  XV-ХVII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясында,  сірә,  дүр 
варианты  басым  болғанға  ұқсайды.  Бұл  үлгілердің  кейін  (ең 


104
әрісі  XIX  ғасырда)  хатқа  түскенінде  -  ды/-ді, -ты/-ті  болып 
өзгертілуі мүмкін. Соған қарамастан дүр түрінде жеткен сәт- 
тері де бар: «Сайдың басы түгел-үр. Толған тоғай малы-дүр» 
(Жиембет). «Жалп-жалп еткен бәйтерек Жайылмағы желден-
дүр» (Ақын. - Қазан, 1912). Осы толғауды В.В.Радлов Қырым 
ноғайларынан  жазып  алғанда:  «Бәйтеректің  йалқалмағы  йел-
ден  дір»  деп  береді.  Демек,  бұл  көрсеткіш  аталған  қызметте 
қыпшақ тілдерінде бұрын актив жұмсалғаны байқалады.
Бұлардан  басқа  бұл  күнде  өзгеше  тұлғада  қолданылатын 
кейбір туынды етістіктер бар. Мысалы, «ырысымды сындай-
ын» дегендегі соңғы етістік қазірде сынайын түрінде болар еді. 
«Сұлу  үнмен  үндейін»  (Асанқайғы)  дегендегі  үндеу  етістігі 
бұл  күнде  сөйлеу  болып  айтылар  еді  немесе  үн  шығару  деп 
аналитикалық  жолмен  (тіркеспен)  берілер  еді.  Қазіргі  қазақ 
тілінде  бой  жеткен,  айдын  шүю  сияқты  есім  мен  етістік 
тіркестері бойға жету, айдынға шүю түрінде келеді.
Сөйтіп,  XV-ХVII  ғасырлардағы  қазақ  поэзиясы  тілінің 
грамматикалық  жүйесі  қазіргі  кездегімен  көбінесе  бірдей 
келіп отырғанымен, едәуір сәттерде ерекшеліктері де бар екені 
байқалады.  Ол  ерекшеліктер,  біріншіден,  әріден  келе  жатқан 
ескі тұлғалардың орын алуынан туса (-ғай, -ман, -дүр), екін- 
шіден, әдебиет жанрының сөз қолданыс тәсіліне байланысты 
(мысалы, -ар, -ман жұрнақты етістіктердің қолданысы) орын 
алғандар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет