174
білдіреді. Мысалы, Көтеш ақын: «Қонақтың, өкпеледім,
көрмен бетін» десе, онда сес көрсету де, серт беру де жоқ, жай
хабарлау ғана бар.
Есімдерге жалғанып, предикаттық және кәмілдік, ақиқат-
тық мән беретін
дүр/ды/ді форманты сөз болып отырған
кезеңнің поэзиясы тіліне де жат емес: «Айтар сөзім
осы дүр»,
«Қымызсыз жиын той болса, қызығы
жоқ-ты жаз күні»,
«Ақтың үйі
мешіт-ті»
(Бұхар). Байқалатын жайт бұл кезде
-ды параллелі басымырақ: «Киім кисең, қаптау ки. Найза кел-
се,
қалаң-ды, суық келсе,
панаң-ды»
(Ақтамберді), «Алғаның
жақсы болса,
қорғандай-ды, Жаман болса, қайтесің
сормандай-
ды»
(Шал).
Міне, қазіргі және алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда,
XVIII ғасырдағы қазақтың төл әдеби тілінің грамматикалық
ерекшеліктері (белгілері) – осындай. Бұл белгілердің біразы-
ның төркінін әдеби тіл дәстүріндегі жалғастылық принципіне
байланыстыра іздеу керек болса, енді бірқатарын грамматика-
лану, лексикалану сияқты процестердің ілгері қарай дамуының
және морфологиялық тұлғалардың қызметі жағынан саралана
түсуінің нәтижесі деп тану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: