Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет59/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138
ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ:
● Интернетке қосылған смартфондар мектептің 
электронды поштасына кіруге, электронды фай-
лдар алмасуға, білім беруге арналған сайттарға 
кіруге, танымдық дүниелерді табуға көмектеседі;
● Мәтіндік хабарламаларды қосымша оқыту 
құралы ретінде пайдалануға болады;
● Шет тілдерін үйренуге арналған бағдарлама-
ларды жүктеп алуға болады. Соның арқасында, 
оқушылар өз бетінше шет тілдерін үйрене ала-
ды;
ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ:
● Көптеген балалар далаға шығып, жүгіріп ойнаудың орнына үйде смартфонға 
телміріп отырады. Соның нәтижесінде, балаларда жалқаулық, әлсіздік, семіздік 
пайда болады;
● Балалар кітап оқудың орнына телефонға телмірумен уақыт өткізіп жатыр;
● Балалар мен жасөспірімдер жалғыз қалып телефон шұқып, музыка тыңдауға 
өте көп уақыт жұмсайды. Нәтижесінде, сабақ оқуға зауқы болмайды, зейінсіздігі 
мен енжарлығынан сабақ үлгерімі нашарлайды;
● Жасөспірімдер шынайы өмірдегі қоғамдық қарым-қатынас ережелерін мең-
гермейді, әлеуметтік қарым-қатынастарын виртуалды әлемде орнатады. Нәти-
жесінде, баланың болашақта шынайы өмірде адамдармен қарым-қатынас 
орнатуы қиын болады. 
Диаграмма 4. Интернетке қосылу жолдары
Жасөспірімдердің смартфондарды пайдалануының қандай жағымды және жағымсыз жақтары бар екеніне қысқаша тоқталайық:
Кейбір ата-аналар балаларына ұялы телефонды ылғи байланыста болу үшін алып береді. Әрине, ата-атаның баласы үшін уайымдай-
тыны белгілі. Ұялы телефон көмегімен олар әрдайым балаларының қайда жүргенін, не істеп жатқанын бақылап отыра алады. Ұялы 
телефондарды, басқа да технологиялар қазіргі заман адамдарының қажеттіліктерінің біріне айналды. Дегенмен де, заманауи техноло-
гияларды пайдаланғанда да арнайы ережелерді есте ұстаған жөн. Сондықтан, бұл технологиялардың дұрыс пайдалану мәдениетін оқу 
және тәрбиелік мекемелерден бастап үйреткен дұрыс. Осылайша, қазіргі уақытта жүріп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа 
компьютерлік технологиялардың бірігуі жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалды саралауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет