Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап


-қадам. Әр партаға бір карточкадан үлестіріп шығыңыз. Онда ұқсас екі сөйлем  жазылған. Оның біреуі – факт, біреуі – пікір. Тапсырма



Pdf көрінісі
бет104/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138
4-қадам. Әр партаға бір карточкадан үлестіріп шығыңыз. Онда ұқсас екі сөйлем 
жазылған. Оның біреуі – факт, біреуі – пікір.
Тапсырма: Сөйлемдердің қайсы пікір, қайсы факт?
СЛАЙД № 7
3-ЖАТТЫҒУ. ФАКТ 
ПЕН ПІКІР 
ҰСЫНЫЛАТЫН 
УАҚЫТ: 10 МИНУТ
5-қадам. Оқушылар жұптасын жұмыс істейді.
1
а) Білім министрлігі қыстың қатты суық 
болғанынан СҚО мектептерінде қысқы 
демалыс уақытын ұзартты. 
б) Биылғы қыстың қаһары қатты, сондықтан 
Білім министрлігі демалысты ұзартуы ке-
рек.
2
а) Демалыс ұзартылды деген хабарлама-
ны естіп, бәлкім, ол қуанған болар.
б) Демалыс ұзартылды дегенді ести сала 
ол күлімдеп қоя берді.
3
а) Саған спортпен шұғылдану керек 
сияқты
б) Менің досым спортпен шұғылданған соң
денсаулығы жақсарды. 
4
а) Бірнеше миллион жыл бұрын Жерде 
динозаврлар өмір сүрген.
б) Жерде климат кенеттен бұзылған болуы 
керек, сол себептен динозаврлар қырылып 
қалды. 
5
а) 2018 жылы мамырда инфляция 2017 
жылғы желтоқсандағы 7,1% -дан 6,2%-ға 
дейін төмендеді
б) Инфляциядан компания табысы азаюы 
мүмкін
6
а) Егер CURIOSITY Марста адамдар бар 
екенін анықтаса, онда ғарыштан келген 
адамдарды аңдып жүргендер қуанатын 
шығар
б) CURIOSITY Марста тіршілік бар екенін 
анықтамады.
7
а) Салық ауыртпалығы төмендеген соң, 
елдегі экономикалық көрсеткіштер жақ-
сарды
б) Салық ауыртпалығының төмендеуінен 
елдегі экономикалық көрсеткіштер жақса-
руы мүмкін
8
а) Жақсы жұмысқа тұру үшін ағылшын 
тілін үйрену керек
б) Менің ағам ағылшын тілін үйреніп алды, 
одан кейін ағама жақсы жұмыс ұсынды
9
а) Менің ойымша, ол жақсы дәрігер бола 
алатындай биологияны жақсы білмейді.
б) Ол биология пәні бойынша өте жақсы 
дайындалды, сол себепті экзаменді беске 
тапсырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет