Медиа ақпараттық сауаттылық МҰҒалімдерге арналған ресурстық кітап



Pdf көрінісі
бет103/138
Дата07.12.2022
өлшемі5,8 Mb.
#55506
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   138
ЖЕКЕ ДАРА
ОЙЛАУ
ӘРДАЙЫМ
БІІМДІ
ЖЕТІЛДІРУ
ДӘЛЕЛ 
КЕЛТІРУ
ӘЛЕУМЕТТІК 
ҚҰБЫЛЫС
АҚПАРАТ
1.
3.
4.
5.
2.
Тапсырмалардың жауаптары:
1. 87, суретті төңкеріп қарау керек. 
2. Жауап – 1, себебі ол эталон болып саналады, басқа фигуралар оның модификациясы, формасы, түсі немесе рамкасы өзгерген. 
3. Автобус алға қарай және оң жақта жүреді де қарастырсақ, онда ол солға қарай жүріп бара жатыр. Себебі, есіктері көрінбейді. 
http://cepia.ru/razvitie-mishleniya сайтынан алынды.
2-ЖАТТЫҒУ. СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
7-қадам. Сыни ойлау арқылы тапсырмаларды орындау.
1. Автокөліктің астында қан-
дай сан жасырыдған?
2. Қосымша форманы та-
быңыз. Мұны тек 15% адамдар 
жасай алады.
3. Автобус қайда бара 
жатыр?
194
195
СЫНИ ОЙЛАУ
СЫНИ ОЙЛАУ


1-қадам. Оқушыларға сұрақ:
1. Факт деген не?
2. Пікір деген не?
2-қадам. Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
3-қадам. Факт пен пікірдің не екенін түсіндіру. Мысал келтіру.
Факт латын тілінен аударғанда «болған», «жасалған» деп аударылады. Жалпы 
мағынасында ақиқат сөзімен синонимдес. Бұл – нақты болған нәрсе, жайт, оқиға. 
Ақиқаттығына шүбә келтірілмейтін, ойдан шығарылмаған, дәлелденген оқиға не-
месе қорытынды. Сіз қазір медиасауаттылық бойынша курс материалдарын қарап 
отырсыз, бұл – факт. 
Мысалы, «Біз медиасауаттылық негіздерін оқып жатырмыз. Себебі , ол бізге бола-
шақта керек болуы мүмкін». Сұрақ: бұл факт па, пікір ме?
«Біз медиасауаттылық негіздерін оқып жатырмыз», бұл – факт. «Себебі, ол бізге 
болашақта керек болуы мүмкін», бұл – пікір, себебі бұл әлі болған жоқ, керек бола-
тынын толықтай дәлелдей алмаймыз. 
Мысалы, Айбек медицина саласына оқуға түскелі жатыр. Сондықтан ол химия мен 
биология пәндерін тереңдетіп оқып, дайындалып жүр. Бұл – факт. Ол күнде кітап-
тарды оқып, қосымша сабақтарға барып, қарқынды дайындалып жүр. Оған анасы: 
«Сенен керемет дәрігер шығады» дейді. Бұл – пікір не болжам. Себебі, оқиға әлі 
болған жоқ, Айбек әлі дәрігер болған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет