Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет27/85
Дата01.03.2023
өлшемі1,9 Mb.
#70870
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Сайраған орта жүздің бұлбұлымын,
Арғынның Алтай-Қарпық ақтан кері.
Барабар сөзі теңдес адам болса,
Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері.
Қырандай аспандағы желді күнгі,
Даусымның көтерілер шықса тері
Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.
Атадан Біржан сал боп тудым артық,
Ұраным. Ер Қарқабат, Алтай-Қарпық.
Аққумен аспандағы ән қосамын,
Қозғасам ащы күйді түптен тартып…
Сара:
Ей, Біржан, жасың үлкен өзің аға,
Қымбаттығым белгілі білсең баға.
Қамысты терең көлдің сұқсырымын,
Қаңғырған ілдірмейін қаршығаға.
Ұшырған тәрбиелеп ақ тұйғынмын,
Матайдың Қара-Керей сеңгірінен.
Даусыма аспандағы құс айналар,
Құбылып тоты құстай төңкерілген.
Сайраған тамам найман бұлбұлымын,
Қапаста жел тигізбей жем берілген [78, 402-405 бб].
Айтыстың бұл нұсқасының сөз қолданысында, айшықты, әсіре сөздің айтушының да, Сара-Біржанның да аузынан шығатын бірдей қолданыстар аз емес. Мұның өзі айтыстың әу бастағы қалпын сақтағанның өзінде басылым көргенше бір мәрте болсын, әлденеше рет болсын қайта жырланғанын, әуелгі қалпынан қайткенде де өзгеріске ұшырағанын байқатады. Жүсіпбек қожаның кіріспе жырында Сараны таныстыруда “Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті”, – дейді.
Сара айтыс мәнін ұғындырып отырған тұсында Біржан жөнін айтып: “Сырлаған домбырасын қолына алып, ән шырқап қоя берді, жүндей сабап” дейді. “Төңкеріліп ән шырқау” да бірде Біржан, бірде Сараның кейпі.
Бұл айтыста айтыс табиғатын танытып, ашып жатқан шарт түгел. Айтушы өзін ғана көтеріп сөйлемейді қарсыласын қанша тұқыртса да, құнын біліп сөйлеу, әділін айту – бұл да айтыстың бір шарты. Сол дәстүрге айтыста Сара қыз да берік, Біржан оның таным, талғамында биік, үлкен үздік өнер иесі де.
Түрінен мен таныдым осы Біржан,
Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған”.
Құланның дауысындай көмейің бар,
Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына” [78].
Сараның бұл бағасы – өнердің құдіретті күші, Біржан салдың бар бағасы. Кәдімгі ән құдіреті Біржан сал. Сандалтып Орта жүзді әнмен қырған Біржан…
Сол сал Біржан Сара қыздың да арман, сұлу жанын, өнерін танып келген, тауып келген Арқадан. Арқадан Жетісуға іздеп келген.
Жарайды, жаным Сара, осы сөздің
Тас түлек тұрымтайдай екі көзің.
Сөз айтар қандай кісі деген кезде,
Алдымнан құдай айдап келді кезің
Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың,
Сөйлейсің алтындай қып сөздің жезін.
Шырағым, Сара сендей тумас бала!
Шежіре туармысың мұндай дана!
Дұшпаның жамандайды не деп сені,
Бәйгіге жарар саған берсем нені?
Бір басты адам болмас сенен өнерлі,
Айбатың ғаламға айқын ай бедері.
Садаға, тырнағыңнан кетсін, Сара,
Сан жүйрік көріп едім мен нелерді!
Қылайын көп ұзатпай сөзді қысқа,
Өлеңге жан көрмедім мұнан ұста.
Аты ұрғашы демесең қарындастың
Адамның артығы екен осы тұста.
Шынымен баптап күнде дауға салса,
Ілеспес ақын түгіл, ұшқан құс та…[78, б.].
Айтыста Біржан – ақиық Мұзбалақ, кең қолтық Мұзбалақ.
Сара қыз – қанат қағып қарсы ұшқан тоты құс.
Айтыстағы осындай бір ағытылған, ашылған тұстар – өнер адамының ішкі күйік-жалыны, сезім селі, жаратылыс сыры.
Бұл айтыс – М. Әуезов айтқандай ең әуелі – ру айтыс. Негізгі желі, негізгі сарын, негізгі айтыс Арғын-Найманның артықшылығы мен кем-кетігін жарыстырып, салыстыру.
Жылқының арығындай Арғын кедей,
Тойғансып мас боласың ішпей-жемей.
Құр айғай салғаныңа кім шошиды?
Жеңермін иттей қылып, адам демей [78, б.].
Арғынның мінін теріп төпелете жыр төккен Сараға Біржан да арғын елінің артық туғандарын айтып дес бермейді. “Бармағына қырық түрлі күй байланған ардакер, Арғын асқан Тәттімбеттей” асылдарын аспандата сөйлейді.
Айтыстың негізгі мәні, әрине, Сараның кішкенеден атастырған күйеуі кісінің қоры Жиенқұлда, сан түрленіп сайраған Сара қыздың, өнер адамының дәстүр-салт жөніндегі дәрменсіздігінде. Шын жүйріктің тұсалған тұсы, биігінен құлаған тұсы – осы “Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнімнің” тұсы.
Біржанның Жиенқұлды айтқан тұстағы ащы үні – Сараның үнін басудың дауысы емес, әділетсіздікке жан айғайы. Ақынның сұлуға іңкәр, жарыққа құштар жанының түршігуі. Түңілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет