Медицина факультеті



бет46/62
Дата26.05.2022
өлшемі0,51 Mb.
#35643
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62
Байланысты:
Медициналық химия

Кеңістіктік изомерия геометриялық, оптикалық изомерия болып екі түрге бөлінеді:
1) Геометриялық изомерия, көбінесе, қос байланысты қосылыстарда кездеседі: >С=C<; >С=N–; –N=N–. Изомерлердің болуына қос байланыс әсер етеді;
2) Оптикалық изомерия молекула құрылысының асимметриялығынан болады. Оптикалық изомерия молекулада көміртек атомының басқа түрі төрт атомдармен немесе топтармен (асимметриялық атом) байланысынан пайда болады. Мұндай атомды асимметриялық атом деп атайды, ал молекуласы екі изомерлік түрден тұрады. Изомерия заңдылықтары арқылы кейбір қосылыстардың қандай изомерлер бере алатынын алдын ала білуге болады.[


35. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері. Моносахаридтердің тотығу реакциясы: –он, -ар, -урон қышқылдарының түзілуі. Моносахаридтердің тотықсыздану реакциялары. Гликозидтердің түзілуі.

Көмірсулар негізінен үш топқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер.


Моносахаридтер деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды атайды. Альдегид тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал кетон тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады. Моносахаридтер - қатты заттар, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, реакция ортасы бейтарап. Монозалардың ациклді түрімен қатар циклді түрлері бар. Моносахаридтердің циклді түрлерін жарты ацетальді дейді. Сулы ерітінділерде екі циклді формалар – пираноза және фураноза болады.
Алты мүшелі цикл альдегид тобы ОН тобымен әрекеттескенде түзіледі, егер С5 болса, альдогексоза, Сболса, кетогексоза түзіледі. Осындай циклдер пираноздардеп аталады.Бес мүшелі альдогексоз циклі түзілу үшін С4, ал Сболса, кетогексоздар – фураноздартүзіледі.
Тотығу реакциясы. Барлық гексоза - альдозалар жеңіл тотығады. Олар альдегидтер сияқты күміс айна реакциясына түседі және Фелинг сұйығын тотықсыздандырып қызыл түсті мыс (І) оксидін береді. Бұл реакция альдоздар мен кетоздарды анықтауға қолданылатын сапалық реакцияларға жатады, глюкозанда альдегид тобы бар екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет