Меңдігүл шындалиева


СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог



бет24/76
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#142883
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог
- Оның психологиялық әсерін айтады.
Тілші: Құлаққап киіп, әуеннің ырғағына көңілі ауғандар, жол-көлік оқиғасына да себепкер болып жатады. Мәселен жақында, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолдан өтпек болған жас жігіт, қоғамдық көліктің астанда қалып қоя жаздаған.
СНХ: Нұрбек Оразбаев – Астана қаласы №1 автобус паркінің жүргізушісі
- Жақында болған оқиғаны айтады.
Тілші: Музыка әуесқойлары әсіресе қоғамдық көлікте жүру ережесін сақтамайды. Өз кезегінде бұл, біздің жұмысымызға кедергі келтіреді - дейді кондукторлар.
СНХ: Саламат Досмұхамбетова - Астана қаласы №1 автобус паркінің кондукторы
- Наушник кигендер жұмыс істеуге кедергі.
СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог
- Үнемі кездесетін жағдай. Қоғамдық көлікте құлағына құлаққап киген адамдарды жиі көруге болады. Көп жағдайда ол адамның естігенін біз де естіп тұрамыз. Себебі ол, көлік қозғалтқышының дыбысын және өзге де шуды естімеу үшін музыка дыбысын интуитивті түрде жоғарылата қояды. Ал оның құлақ ішіндегі дыбыс түтікшелеріне кері әсері басым.
Тілші: Дыбысты қатты әрі жиі тыңдағаннан туындайтын кереңдік кондуктивті және нэросенсорлық болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысы дыбысты өткізу қызметінің бұзылуына, ал соңғысы дыбыс толқындарын қабылдаудың бұзылуымен байланысты.
СНХ: Жұлдыз
- Құрбым жиі музыка тыңдаймын деп, құлағынан айрыла жаздады...
СНХ: Мөлдір
- Ал мені көлік басып кете жаздады, тек соғып, аяғымды жарақаттады.
СНХ: Евгений Фетисов - Дыбысрежиссер
- Кезінде түңгі клубтарда диджей болып жұмыс істедім. Жоғарғы дыбыстық қысымдар менің құлағымның есту қызметіне кері әсерін тигізіп, нашар еститін болдым.
Тілші: Елімізде көлік рөлінде ұялы телефонмен сөйлесуге тиым салынды. Алайда блютуз немесе құлаққап арқылы музыка тыңдау, сөйлесу жүргізушінің өз еркінде. Ал Еуропаның көптеген елдерінде бұған да мүлдем тиым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет