«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет43/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115
 
 
ЖҤЗУ САБАҚТАРЫН ӚТКІЗЕТІН ЖЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН 
ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР 
 
Мырзахметов А.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті  
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, Абилхаиров О.Е. 
Жүзу сабақтары мен жарыстары табиғи ашық суаттарда, ашық және 
жабық жасанды бассейндерінде ӛткізілуі мүмкін. Табиғи суаттар 
бұқаралык дене тәрбиесі мақсатында, суға түсетін және шынығатын 


123 
орындар ретінде пайдаланылады. Ол үшін суға түсетін орындар мен жаға 
жайлар ұйымдастырылады. 
Жүзуге алғашқы үйретуді гигиеналық тұрғыдан жарамды, ашық 
суаттарда бастай беруге болады. Егер суат оқытушы-машықтандырушы 
сабақтар мен спорттық жарыстар үшін пайдаланылса, мұнда жасалатын 
құрылғылар үлкен материалдық шығындарды талап етпейді. Ӛзенде, 
кӛлде, тоғанда, теңізде жүзу үшін жасалған табиғи бассейндер кең 
тараған. Күннің, ауаның және қоршаған табиғаттың жағымды әсерлері 
сабақтардың сауықтырушы эффектін едәуір кӛтерді [1]. 
Табиғи суаттан бассейнді таңдаған кезде су ағысының жылдамдығын, 
суаттың тереңдігін, түбінің, жағаларының санитарлық жағдайын есепке 
алу керек. 
Бассейндердің құрылысы алуан түрлі болады. Дегенмен оқу-
спорттық жұмыс пен жарыстар үшін жүзуге арналған дистанцияларға 
сәйкес, олардың ұзындығын 25 және 50 метр етіп жасайды. 
Ағынды суаттардағы кӛпшіліктің түсетін және жүзетін бассейндер 
суының алаңы ересек адамдар үшін кемінде 5 м
2
, балалар үшін 2 м
2
, ал 
ақпайтын суаттардағыдағы бассейндер суының алаңы жасына қарамастан 
бір адамға 8 м
2
кем емес болуы керек. Жүзу білмейтіндер үшін су 
базасында жәшік секілді арнайы ағаш бассейндерді орнатады. Су алаңы 
бір адамға 3 м
2
, тереңдігі 1-1,2 м, ересектер мен балаларға арнап су 
бетінің алаңы 0,5-0,8 м бекітіледі. Бассейн түбінің және қабырғаларының 
бүтіндігін күнде-күнде тексеріп, балшық пен сілекейден тазартып тұру 
керек. 
Суға түсуге берілген жерлердің шекараларына айқын кӛрінетін 
белгілер мен қоршаулар орнатылады. Қоршаулар тайғанақ емес (дем 
алған уақытта ұстап тұруға болатын) берік, суға шомылушылар 
сүйенгенде батып кетпеулері керек. 
Табиғи 
суаттардағы 
жүзуге 
арналған 
бассейндер 
қасында 
ұйымдастырылатын жағажайларда халықтың тығыздығына байланысты 
ыңғайсыздық пен жердің ластануын болдырмас үшін, әрбір келушіге 3 м
2
алаң қажет. Жағажайға жақын жерлерде ағаштардың егілгені дұрыс. Ол 
кӛрікті жай туғызады, жел мен шаңнан қорғайды, тенттер болмаса да, ауа 
ванналарын қабылдауға мүмкіндік береді. Жағажайларда әйелдер мен 
ерлерге арналған киім шешетін орындарды, душтарды, әжетханаларды, 
күтуші қызметшілер бӛлмелерін, ал үлкен жағажайларда - буфет
медпункт құру кӛзделеді. Канализация жоқ жерде, әжетханаларды 
жағажайдың және суаттың артқы шекарасынан кемінде 50 м жерге 
орналастырады. 
Жағажайлардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары, едәуір 
бактериялық ластануына байланысты, ерекше қадағалауды талап етеді. 
Мысалы, кейбір оңтүстіктегі курорттар жағажайының 1 гр құмында 7 млн 
микробтар табылған. 


124 
Жағажайлар ластануының алдын алу үшін, оларды тамақ қалдықтары 
мен қоқыстарды тастайтын урналармен қамтамасыз ету керек. 
Жүзуге арналған жасанды ашық бассейндердің табиғи суаттардағы 
бассейндермен салыстырғанда, бірқатар гигиеналық артықшылығы бар. 
Табиғи суаттағы бассейнге қарағанда, мұның суы күнмен шапшаң 
жылынады. Суды жылытатын құрылғысы бар болса, мұндай бассейндер 
жыл бойы жұмыс істей алады. Жасанды бассейндер сабақтардың 
қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді. 
Бассейн ваннасы, әдетте, темір-бетоннан жасалады. Ішкі беті 
кафельмен ӛңделеді. Бассейн ваннасының аумағына қарай кіші -
ұзындығы 25 м және үлкен - ұзындығы50 м, ені 10, 12,5, 15, 21, 25 м 
болып бӛлінеді де, әрқайсысының ені 2,25 м кем емес бірнеше жүзу 
жолдарын жасауға мүмкіндік береді. Қабырғаларының ұзын бойымен 
судың ең ластанған үстіңгі қабатын ағызып жіберу үшін науа құрады. Су 
деңгейінен 1,2 м тереңдікте ені 15 см шұғылданушылар демалып тұратын 
шығыңқы жер жасалады, сонда жаңағы науа қолмен ұстап тұратын тұтқа 
ретінде қолданылады. Старттық тумбалар бассейн ваннасының ең терең 
бас жағына қойылады. Тумбалар саны жүзу жарысы жолдарына сәйкес 
келеді. Судан шығу үшін, бассейн ішіне шығып тұрмайтын басқыштарды 
орнатады [2]. 
Ашық жасанды бассейндерге, суды ластанудан сақтауды, тазартуды 
және залалсыздандыруды, сапасын қадағалауды және т.б. шараларды 
жүргізуді 
қамтамасыз 
ететін, 
шұғылданушылардың 
келіп-кету 
қозғалысының белгілі бір графигін жасау және сақтау қажет. Судың 
мӛлдірлігі, диаметрі 20 см ақ дискіні бассейннің қай жеріне тастаса да 
кӛрінуі керек. Судағы асылып тұрған заттардың мӛлшері 6 мг/л шамасына 
дейін ғана болуы мүмкін, реңі — 40° дейін, гельминттер жұмыртқасы - 

3
суда 1 данадан артық емес.
Жүзуге арналған ашық бассейндер суының температурасы 28° тең, су 
добы спорты түрі үшін 29°, жүзуге үйрету үшін 30° болуы керек. 
Жүзуге арналған жасанды жабық бассейндер бірнеше аумақты 
ванналардан соғылады. Бассейндер ұзындығы 25 немесе 50 м, ал ені 10, 
12,5, 15, 21 м болады да, 4, 5, 6, 8 жүзу жарыс жолдарын жасауға 
мүмкіндік береді. Кіші бассейндердің бір сәтте ӛткізуші қабілеті 25-30 
адам, үлкен бассейндердің ӛткізуші қабілеті 50-60 адам. 
Ванна орналасқан зал - бассейннің негізгі орны болып келеді. Оның 
вертикалды қабырғалары мен түбі бар, тік тіректерге орнатылған 
темірбетон конструкция. Ванна астындағы кеңістік, бассейн ваннасының 
гидроизоляциясы бұзылса немесе суы жерге кетсе, ғимарат фундаментін 
бұзылудан сақтайды. Ваннаның ішкі беті ашық түсті кафель 
плиткаларымен ӛңделеді. Оның қас беті жүзуші айналған кездерінде, 
қолдары тайып кетпес үшін бедерлі плиткалармен ӛңделеді. Ваннаның 
қабырғаларына су кететін науалар шұғылданушылар дем алып тұратын 
шығыңқы жерлер мен судан шығатын басқыштар орнатылады. Ванна 


125 
бұрыштарынан 4 м шегіндіріп, су астында жүзушілерді бақылауға 
арналған терезелер жасалады. Ваннаның ең терең жері 4,5 м, таяз жері 1,1 
м, түбі еңіс болуы керек [3]. 
Бассейн 
залының 
қабырғалары 
ашық 
түсті 
плиткалармен 
әшекейленеді. Ванналар бойына ені 1,5 м, айналып ӛтетін ӛткелдер 
құрылады. Жолдар бассейн ваннасынан сыртқа қарай еңіс етіліп жа-
салады. Аяқтардың тоңазуын болдырмас үшін айналмалы жолдардың беті 
31° дейін жылытылып тұрады. Ваннаның жағасы айналмалы жол 
деңгейінен 8-10 см кӛтеріңкі болуы керек. 
Трибунаның бірінші қатарындағы еденін жолдан 1-1,1 м биіктікке 
кӛтеріп орнатады және 0,8 м биіктігі бар тосқауыл жасайды. 
Бассейн залының жасанды және табиғи әдіспен жақсы жарықтануы 
керек. Жарық коэффициенті кемінде 1/5-1/6 тең. Залдың терезелері, 
шұғылданушылар бассейнде терезелердің ойығынан соққан ауа 
ағындарын сезбеу үшін бойлық жақтарында айналмалы жолдың 
деңгейінен кемінде 1,5-2 м биіктікке орналастырылады. 
Санитарлық ережелер мен кӛптеген зерттеушілер ұсынысы бойынша, 
ересектер үшін жабық бассейндеріндегі су температурасы 24 - 26° 
шегінде тербелуі керек. Балаларға арналған бассейіндеріндегі су 
температурасы 26° кем болмағаны дұрыс. Суға секіру және су добының 
бассейндерінде28°, жүзуге үйрететін бассейндерде 29°. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. 
Алиакбарова 3. М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы
физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, 1993. -156 бет. 
2. 
Алимханов Е. Балуанның дене-күш қабілетін арттыру. - Алматы, 2004.- 
72бет. 
3. 
Александров А. А. Санитарно-эпидемиологический контроль. -М.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет