«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


біріншісі – кӛне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел»



Pdf көрінісі
бет46/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

біріншісі – кӛне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы [1].
Тоныкӛк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап 
отырған қаған мен ақылгӛй дана бірауыздылығы, сӛз бен істің ажырамауы, 
елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу 
қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, 
қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта кӛтеріле бастағаны, 
жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде 
ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін 
тӛккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да 
үндеу ретінде айтылғаны кӛрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» 
ұғымы қазіргі Қазақстанның тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп 
тұр. 
Екіншісі 
– 
Әл-Фарабидің 
«Қайырымды қала тұрғындары» 
шығармасында бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуы. Ұлы ғалым 
ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра 
отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық 
негіздемесін жасаған болатын. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі 
ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының кӛзқарастары туралы», 
«Мемлекет билеушінің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында 
баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық 
пен түсінушілік, бір-біріне кӛмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен 
тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір 
бӛлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеуметтік-саяси 
теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда ӛмір сүретін 
адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың негізгі механизмдері 
кӛрсетілді. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің 
ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби мемлекеттің міндетін 
және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы 
міндеті ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті 
сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. 
Ішкі міндеті ретінде мемлекеттің ӛз халқының бақытқа жетуі үшін кӛрнекті 
шараларды іске асыру керек: олар - әділеттілікті орнату, халықты оқыту
оларды 
керекті 
ғылыммен 
толықтыру, 
адамгершілікке 
тәрбиелеу, 
қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізетін әдеттерді бойға 
сіңіру. Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – 
негізгі міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани 
жетілуіне тәуелді [2]. 
XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, айдаһардай Қытайдың 
аузына түсірмей, ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған 
Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы және 
жалғастырушы тұлғаның ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан 


131 
Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін 
аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және 
«Мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. 
Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ. 
Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың 
бойында ақпараттарды електен ӛткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға 
қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Ӛйткені, қазіргі 
таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің 
қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Жастардың 
мұндай әрекетке баруының басты себебі ретінде олардың білім, сауаттылық 
деңгейінің тӛмендігін айтуға болады. Экстремистік идеялар халықты ӛзінің 
ертеден келе жатқан бай рухани құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас 
тартқыза отырып, мәдени, тарихи, рухани санасын жойып жіберуді кӛздейді.
Мұндай идеология кез келген мемлекет секілді Қазақстан қоғамының да 
ішкі тұрақтылығына елеулі қатер тӛндіреді. Бұған қарсы тұра білудің жолы 
жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, 
жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. 
Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен ӛркендеуі дәстүрлі ұлттық тәрбие мен 
рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де 
жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму 
жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып, ӛзіміздің рухани 
бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу - алда тұрған басты 
міндеттердің бірі [3].
Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының кӛздегені де осы 
болатын, яғни, тӛл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, 
дініміз бен тілімізді ӛркендету. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі 
дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар 
мен заманауи игіліктерді ӛз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, ӛз елінің 
нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мемлекеттің 
осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы - 
«Мәңгілік ел» идеясы.Қазақстан тағдыры үшін, ӛткен ата-бабалар мен болашақ 
ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға 
айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете 
білейік! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты халыққа 
арнаған жолдауы. « Егемен Қазақстан» газеті, 2014, 17 қаңтар.
2. 
Сатай Сыздықов. «Мәңгілік Ел» Бұл кӛне тарихтан тін тартқан идеяның 
жаңа дәуірмен ұштасуы», «Егемен Қазақстан» 2014 ж 4 желтоқсан
3. 
Амангелді Айталы. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи тамыры», «Егемен 
Қазақстан», 2014 ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет