«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


  АЛАШ МҦРАСЫ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТЫ



Pdf көрінісі
бет47/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 


132 
АЛАШ МҦРАСЫ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ БАСТЫ 
ҚҦНДЫЛЫҒЫ 
 
Ӛміртай К. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Таутина Б.А. 
Ұлттық идея – ел тәуелсіздігінің берік тұғыры. Ұлттық идеясы жоқ елдің 
тәуелсіздігі тұрақсыз. Біз үш ғасырлық бодандықтан босап, тәуелсіздікке қол 
жеткізгенде елді жарқын болашаққа бастайтын теңдессіз идея таппай қалдық. 
Тек тәуелсіздік пен ерлікке толы тарихымызды ғана ӛнеге тұтып келдік. Алайда 
алысқа ұмтылған ел үшін бұл аздық етеді. Сол себепті шығар, Елбасы санаулы 
жылдан кейін халыққа «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды. Болашағымызға бағдар 
ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мұраттарға жетелейтін «Мәңгілік Ел» 
идеясының ұғымын, оның мазмұнын, мәңгілік мұраттарға қол жеткізудің 
құндылықтары мен тарихи сабақтастық ұстанымдарын зерттеу, насихаттау, жас 
ұрпақтың санасына сіңіру – қазақ қоғамы үшін аса кӛкейкесті мәселелердің 
бірі[1]. 
Әлемдегі кез – келген ұлт пен ұлыстың пайда болғаннан бірге жасасып, 
оны асқақ армандардың орындалуына жетелейтін ұлы мұраты – ұлттық идея. 
XXIғасыр ортасына дейінгі Қазақстан халқы ұстанатын ұлттық идея ол 
«Мәңгілік Ел» идеясы. Осы ретте Елбасы Н. Назарбаев: « Біз үшін 
болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін 
идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы» - деп атап ӛтті. Ұлттық идеяның тарихи 
орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс – бітімін, түсінігін тереңінен 
анықтау үшін ең алдымен, осы сӛз тіркесін құрап тұрған «ұлт», «идея» ұғым – 
түсініктеріне тоқталып кеткен жӛн. Ғалымдардың пайымы бойынша, «ұлт» 
термині Ежелгі Римде аз халықтар деген мағынада қолданылған екен. Бүгінде 
«ұлт» терминіне берілген анықтамалар қисапсыз кӛп. Бірінде этникалық 
қауымдастық, келесінде мемлекеттің барша халқы мағынасында түсіндіріледі 
және мемлекетті «ұлт» терминімен де сипаттайды.
Мәңгілік Ел қазақтың бүтін тарихын қамтиды. Бабалардың сара жолы, 
олардың ӛшпес ерлігі, ұлттың тілі, діні, тарихы, мәдениеті, ӛнері түгел 
«Мәңгілік Ел» деген екі-ақ ауыз сӛздің аясына сыйып кетеді. «Мәңгілік Ел» сӛзі 
біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан алынғанын дәлеледеп 
жатудың ӛзі артық. Десек те бірер мысал келтіре кетсек: Кӛне түркілік түсінікте 
«Ел» кең ауқымда, ұлыс, мемлекет, ӛлке, халық деген мағынада қолданылған. 
Сонда «Мәңгі Ел – халықтың күн сӛнгенше сӛнбей мәңгі жасауы» деген ұғымға 
келеді. «Мың ӛліп, мың тірілген» халқымыздың бағзы заманнан бері қаншама 
рет елдігінен айырылса да, халықтың қалпы мен айнымас салтын сақтап, 
бүгінге жетіп отырғаны да осы «Мәңгі Ел» идеясының ӛміршеңдігін кӛрсетсе 
керек. «Мәңгілік Ел» - ұлы ұғым. Халық болып құралу, мемлекет құра алу, 
дербес тұра алу, ұлт болуға бет бұра алу – осының бәрі Ел болудың белестері. 
Кӛк түріктері ел болуды халық ретінде қалыптасудың, мемлекет ретінде 


133 
мығымданудың, ұлт күйінде ұйысудың биік белесі деп білген. Соны тасқа 
қашап тұрып, «МИНГУ ЕЛ» деп жазып кеткен. Бұл туралы Елбасы: « Қандай 
қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық ӛршіл рухты, азат ойлы, жасампаз 
халықтың ізгі мұраты Ұлы Дала тӛсінде ӛзі құрған мемелекетті Мәңгілік Ел 
жасау!» деп атап кӛрсетті [2]. 
Кез – келген идея міндетті түрде ұлттың тарихына арқа сүйейді. Біздің ұлы 
даламызда Мәңгілік Ел идеясы алғашқы түрік қағанатын құрған Бумын 
қағанның заманынан бастау алады. Себебі, тұтас түрік жұрты біріккенде ғана 
тұрақты дамитын іргелі ел болатындығымызды бабаларымыз терең сезінеді. 
Осы арада Күлтегін бабамыздың «Кӛктен тәңірі баспаса, жер айырылып 
жатпаса – кім қорлар қалың түркі елін» деген ғажайып лебізі ойға оралады. YIII 
ғасырда: «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде 
ұйықтамадым, күндіз отырмадым, тӛрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт 
еттім, бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!» - , деген бабаларымыз «Мәңгілік 
Ел» құратынына сенімді еді. 
Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның ӛзегін мемлекеттікті нығайту, 
этникалық територияны қалыптастыру, бірде тілін, бірде тісін кӛрсеткен Ресей, 
Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым – қатынас 
орнату, бәсекеге тӛтеп беру құрады. XYIII ғасырда Қазақ хандығының басын 
қосып, Қытайдың билігінен аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік 
Мәңгілік Ел идеясын жандандырушы түлғаның ерлігі.Ел басына түскен үлкен 
қиыншылықтан Абылай хан елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында 
Қазақ елін аман сақтап қалды.
Ресейдің басыбайлы боданына айналған, қазақ даласындағы хандық билік 
ыдыраған, билер институтының қадірі кетіп, орыс сотына қараған, дәстүрлі 
тіршілік қалпы мен ӛмір салты елеулі ӛзгеріске ұшыраған, ұлттық рух 
бәсеңдеген шақ та, ӛзге жұрттың отарында ұзақ жыл отырып, ұлт мәдениетінің 
уызына ӛлердей шӛлдеген қазақ халқын бостандыққа жеткізу мақсатында 
«Алаш» идеясы – қазақтың ұлттық идеясы болып қалыптасты. «Алаш» идеясы 
– тәуелсіздік идеясының темірқазығы. «Алаш» идеясы қазақ ұлтшылдығының 
идеясы, ұраны болып, ұлттық бірлік пен қайта ӛрлеудің туы ретінде 1930 
жылдардың соңына дейін салтанат құрып тұрды. «Алаш» идеясын алға тартқан 
Әлихан: « Қазақ ұлтшылдығы – ол ӛз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін, 
ата – баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу» - деп насихаттады. 
Осы орайда бұл мәселеге қатысты кӛрнекті алаштанушы М. Қойгелдиевтің 
мына бір пікірін келтіре кеткен жӛн: «Алаш деген сӛз – қазақ деген сӛз. Ол – 
ұлттық қозғалыс Ұлтқа қажетті деп жасалған саяси бағдарлама. Ӛйткені, 
олардың мақсаты – қазақ ұлтын мәңгілікке бастайтын идеялар еді» - деп атап 
кӛрсетті [3]. 
Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жӛнінде 
Елбасы Н.Назарбаев ӛзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы 
және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті 
нығайту идеясын алға тартқан рухани – зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық 
идеясын жасау міндетін ӛз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан 


134 
шыққандар ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің ӛкілдері еді. XX ғасырдың 
басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы 
сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - дейді [4]. 
Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға 
алынды.Яғни, Президентіміздің « Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялауымен туды.Мәңгілік Ел 
идеясы- біздің мүдделерімізге, қоғамымыздағы тыныштыққа, ынтамастыққа 
қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол болмақ. Сол арқылы бізді 
бейбітшілік пен толеранттылықты сақтай отырып, сындарлы сәттерден 
сүріндірмейтін ұлы мұраты. 
Президент 
Н.Назарбаев: 
«XX 
ғасырдың 
алғашқы 
ширегіндегі 
Қазақстандық қоғамдық – саяси ӛміріндегі Алаш партиясының алатын орны 
мен қызметін зерттеу Отандық тарихымыздың ең ӛзекті мәселелердің бірі. 
Ӛйткені кезінде «Алаш» партиясының жетекшілер ұсынған қағидалары күні – 
бүгінге дейін ӛз маңызын сақтап отыр» және «Алаштың» басты мақсаты – қазақ 
қоғамын бірте – бірте ӛзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел жаңғыру, 
яғни модернизация бағытымызға сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік 
идеясын ту етіп кӛтеруді табыстап кетті. Алаштың асыл аманаты бізге тарихи – 
мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды 
қасиеттеп сақтауға міндеттейді. – деп әділ бағасын берді. 
Елбасы ӛзінің Қазқстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ұлы мақсаттарға жетелейтін – Мәңгілік 
Ел идеясы екенін атап ӛтті. Осы ретте, Елбасы жолдауында « Бабалардың 
ерлігі, ерен істері жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса 
ғана, біз «Мәңгілік Ел боламыз» дегеніне орай бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның 
«Мәңгілік Ел» идеясының ұстанымдарын «Алаш» идеясының ұстанымдарымен 
сабақтастыру керек. Себебі, осыдан бір ғасыр бұрын айтылған бұл ойлар, 
қазіргі заманның талабымен де ұштасып жатыр. 
Бірінші, «Мәңгілік Ел» дегенде тәуелсіз мемлекеттің жалпы ұлтқа ортақ 
және бӛлінбейтін ортақ меншігі болып табылатын жер мен территория 
тұтастығын сақтау; 
Екіншіден, жер үсті, жер асты байлығымызға ие болуымыз қажет; 
Үшіншіден, ӛзіміздің байлықтарымызды адалдықпен, еңбекқорлықпен, 
халық игілігіне жаратуымыз қажет; 
Тӛртіншіден, біздің рухымыз. Тіл, салт – дәстүр, мәдениет, тарихымызды 
терең біліп кӛкке ұмтылуымыз керек; 
Бесіншіден, ертеңіне сенімді, бүгінгі ӛршіл қазақстандықтарды сапалы 
білім, терең ғылым, ӛнегелі тәрбиесімен ӛркениетті 30елдің қатарына апаратын 
құдіретті күш ол – Білім [5]. 
Қазақты біртұтас ел деп танысақ, «Алаш» идеясын біртұтас қазақ идеясы 
деп мойындауымыз қажет, ендеше «Алаш идеясы» -біртұтас қазақ идеясы, ал 
бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Ел» идеясы – Түрік қағандарының, 
Қазақ хандарының қалауы, Алаш қайраткерлерінің ғасырлар бойы армандаған 
мақсат, мұраттарға жеткізетін ұлттық идеология екендігін ұғынды. «Мәңгілік 


135 
Ел» - болшақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығымен 
жалғасатыны мәлім. Сондықтан да, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын әрбір азамат 
жалаудай желбіретіп,келер ұрпаққа аманат ете білуі қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, 
бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы. 
2. 
Тӛлепберген Болатбек. Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры. Алматы: 
Алматы баспа үйі, 2011-240 б. 
3. 
Н.Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, «Атамұра» баспасы, 1999 ж. 
4. 
«Мәңгілік Ел» және Елбасы. /Егемен Қазақстан газеті. №12, 19 қаңтар 2014 
ж. 
5. 
К.Бегманов. «Дәстүр» ұлттық – этнографиялық журнал. №1(32) №2 (33), 
№4 (35), №5 (36). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет