«МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ-АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТҦЛҒАЛЫҚ
ТҦҒЫРЫ»
Сайран С.,Сейдуалиева Н.
«Мектепке дейінгі оқыту жэәне тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Даулетова А.С.
«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.. Ендігі ұрпақ –
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!
Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050»
стратегиясының түп қазығы етіп алдым. »
Н.Ә Назарбаев
Талай жылғы дүбір,дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,
еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ
кеше жүріп,еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай
күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.
Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында
елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай
жалындаған желтоқсан қаһармандары. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін
жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білем.Еліміздің кӛк байрағы желбірегеннен
бері ӛшкеніміз жанды,ӛлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі кӛш
түзеп,халқымыз еңсесін кӛтеріп,жарқын болашаққа қол созды.Атап
айтқандай,бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, небір сұрапыл
оқиғаларды бастан кешсе де,мойынсұнбай әлем картасынан ойып тұрып
керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.Содан бері атқан оқтай
136
зулап, табандатқан 25 жыл ӛтті.Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл
ішінде кӛптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.Еліміздің тыныштығы мен
қауіпсіздігі,кӛп ұлтты Қазақстан қаласының жарастығы мен ынтымақтастығы
Президентіміздің
жүргізіп
отырған
парасатты
кӛреген
саясатының
негізі[1.15;1.24].
Қазақстанның
Тұңғыш
Президенті-Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаев
Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау
арнап,мәңгілік
ел
болудың
2050
жылға
дейінгі
жаңа
межесін
айқындады.Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы"Мәңгілік
ел" идеясын «Алаш» идеясымен де сабақтастыруға болады. Ӛйткені, Алаш
арыстары да ұлттық идеяны жасауға талпынды. Бұл туралы да Елбасымыз ӛз
еңбектерінде жазды. Ӛткен ғасырдың басында «ұлттық бірлікті нығайту
идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын
жасау міндетін ӛз мойнына алды». Мысалы, Смағұл Сәдуақасов кезінде ӛмір
үшін күресудің жолдарын саралай келіп, «Адам баласына жан - дүние қамы
үшін алдымен тамақ, киім, үй керек. Әсіресе, тамақ, киімсіз тұру мүмкін емес.
Мал асырау, егін салу, сауда қылу, ұсталық қылу, тіл, қолӛнерімен кәсіп қылу,
жалға жүру, тіленшілік қылу, ұрлық қылу бәрі де жан-дүниенің қамы. Осындай
жолдармен ӛмір үшін күрескендер кӛп. Бұлардың ішінен біреуінің тұрмысы
жақсы, біреуінікі орташа, үшіншісінікі нашар... Не іске де әдіс керек және заман
ӛткен сайын әдіс ӛзгеріп тұрмақшы» дейді. Одан әрі қарай қазақты
Германиядағы немістермен салыстырып, ӛз ұлтын жақсы ӛмір сүрудің әдіс-
амалдарын үйренуге шақырады. Осыдан бір ғасыр бұрын айтылған бұл ойлар,
қазіргі заманның талабымен де ұштасып жатыр. Биылғы Жолдауда Елбасымыз,
кӛптен бері түйіні шешілмей жүрген Қазақ елінің ұлттық идеясын бекітіп берді.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа жеткен «Мәңгілік ел» идеясы. Бұл идея Күлтегін
ескерткішіндегі арғы ата-бабаларымыздың бастапқы идеясы. Елбасы айтпақшы,
ұлтымыздың түпқазығы. Бұл ӛміршең идея, оның ӛзектілігі де осында»,– дейді
К. Ілиясова [2.7;2.28].
Елбасы Жолдауы тарихи құжат болғандықтан Қазақстанның жаңа саяси
бағыты әрі дұрыс бағдары болып табылады. «Біз осы идеямен сабақтас игілікті
істердің де куәгеріміз. Тәуелсіздік жылдарында осы идеяны жаңғырту
мақсатында Астана қаласында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы ашылды.
Сонымен бірге Ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұмыс
тобының мақсат-міндеттері аясында «Mangi el» халықаралық ғылыми-кӛпшілік
тарихи журналы оқырманға жол тартты. Бұл қадамдар тәуелсіздікпен бірге
есейіп келе жатқан бүгінгі ӛскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруды
кӛздейді. Ӛйткені, Жолдауда айтылғандай, «бұл Стратегия жастарға арналған.
Оны жүзеге асыратын да, жемісін кӛретін де жастар». Ал жастар – қай заманда
да елдің болашағы, тірегі, сенімі болған» сондықтан да Қазақстанның жарқын
болашағы бар,ол-Біз жастардың қолында!
137
Пайдаланылған әдебиеттертізімі:
1.
Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі,
2010
2.
ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Достарыңызбен бөлісу: |