МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ БІЗДЕР
Абдижалилов Е.
«Физика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Жумабаева С. Б.
ҚР Елбасының Үкіметке 2014 жылдан бастап еліміздің әлемнің дамыған 30
елі қатарына енуінің негізгі 15 бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Осыған дейінгі Жолдауда 2050 - жылға дейінгі стратегиялық бағыттар
айқындалса, енді осы стратегияның жүзеге асырылу тетіктері кӛрсетілді.
Мысалы, айтылған мерзімге дейін жеті бесжылдық болса, осы әрбір
бесжылдықта жаңа инновациялық идеялар іске асатын болады. Еліміздің
келешегі – жастар білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің
кӛкейіміздегі толғақты сауалдарды дӛп басып отыр. Жолдауына орай тағы бір
айтпағым, қазақ тіліне қатысты мәселе. Бүгінде біздің ана тіліміз ғылым мен
білімнің, интернеттің тіліне айналған. «Енді ешкім ӛзгерте алмайтын бір ақиқат
бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады.
Еліміздің ертеңі – жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап,
сабағымызды жақсы оқып, еліміздің ӛркендеп ӛсе беруіне ӛз үлесімізді
тигізуіміз керек. Біз тарихи динамикаға қарайтын болсақ, жолдаулардың мәні
мен мазмұны, ӛресі мен құрылымы тереңдеген сайын еліміздің ілгерілеуі
шапшаңдағанын, елдің ӛсуімен жолдаулар да кемелденгенін байқай аламыз.
Ӛзара байланыс пен ықпалдастықтың жаңа белесін биылғы «Қазақстан жолы –
179
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы алға тартып отыр.
Елбасының мұндағы «Біз үлгілі дамудың ӛзіндік моделін қалыптастырдық.
Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін
орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен
қарайды», деген пайым-тұжырымынан азаттық тұсында тындырылған істерге
ризалық сезіммен бірге жолдауларға да артылар жауапкершілік зор екенін
кӛрген ләзім.
Елбасының тағы да жаңа Жолдауы әдеттегідей ұлы ізденіске толы әрі
дәстүр жалғастығын үзбеген. Құжатта бұрынғы жолдауларға тән ғылыми
дәйектілік, саяси сергектік, шешім қабылдаудағы кӛрегендік, әлемдік
тәжірибені кәдеге жаратуға ұмтылыс тәрізді мәнді белгілер жаңа
ерекшеліктермен толыққан. Әсіресе, бір жыл бұрын жарияланған «Қазақстан-
2050» Стратегиясымен сабақтастығы, кең ауқымдылығы тәнті еткендей. Сол
жолы Елбасы қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағдарын әлемге паш
етумен қатар ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды 2050 жылға
дейінгі басты мақсат деп анықтаған еді. Қария тарих үшін бір жыл – қас-қағым
сәт [1].
Интеллектуалдық ізденістегі тұлғаға бұл мерзімнің берері мол екеніне
биылғы Жолдау күмән-күдіксіз кӛз жеткізіп отыр. Ӛйткені, Президент
«Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы басты мақсаттың, түп мүдденің,
армандай болашақтың берер жемісінің құпиясы мен сырын ашып берді.
Ал мол жемістен дәметтірген мақсат дегеніміз не? Баршаға ортақ мақсат
табу мүмкін бе? Ғылыми тұрғыдан да, практика үшін де қиын сауал. Ӛмірде
мақсат аз ба? Жолаушының мақсаты – жету, саудагердің мақсаты – ұту,
аурудың мақсаты – сауығу, шаршағанның мақсаты – тынығу… Осының бәрінің
басын қосатын, жай қосып қана қоймай, қоғамға, мемлекетке шарапатын
тигізетін формуланы ұсыну хас кемелдің ғана қолынан келеді. Мемлекет
басшысы басты мақсатты дӛп басып таба алмаса, пайдалы әсер коэффициенті
шамалы міндетті шешумен миллиондаған жан әуреге түсетінін коммунизм
елесін қуумен құрдымға кеткен КСРО тағдыры бұлтартпай дәлелдегені әлі
қаперімізден шыға қойған жоқ қой. Мақсаттың да мақсаты бар. Ғасырлар
тоғысындағы Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу,
мәдениетті қолдау, ауыл жылдары, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру секілді іс-шаралар ӛткені белгілі.
Бүгінде үдемелі индустрияландырудың бірінші бесжылдығы аяқталып
келеді. Тұтастай алғанда, бәрі маңызды мақсат, бірақ түбегейлі бетбұрыс
әкелетіндей басты деуге келмейді. «Алдымен экономика – содан соң саясат»
формуласы да кӛпшіліктің тағдырына тікелей қатысты болғанымен баршаны
ұшпаққа шығара алмайды. Басты мақсат дегеніміз – халықтың барлық
қауымдарын, мүшелерін, топтарын бүгін де, ертең де құлшына
әрекеттендіретін, ұрпақтан-ұрпаққа мирас нәтижеге жұмылдыратын және ең
кереметі, ой жеткенге қол жететін жол бар екеніне әр күні, әр жылы
иландыратын қажеттілік пен мүмкіндіктің, ізденіс пен серпілістің үйлесімі.
180
Мәселенің мәнісін Елбасы Жолдауындағы «2050 Стратегиясы айқын
шамшырақ секілді басты мақсатымыздан кӛз жазбай, азаматтарымыздың
күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50
жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.
Стратегия – күннен-күнге, жылдан-жылға елімізді, қазақстандықтардың ӛмірін
жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы», деген жолдар
қалтқысыз ашып тұр. Басты мақсатты анықтау мен болжамды нәтижесіне
жетудің арасын уақыт қана бӛліп жатыр десек, қателесеміз. Байыған үстіне
байи беруді кӛздеген әлемдік кереғар монополия мен бәсеке, елішілік және
трансұлттық жемқорлық, мемлекеттік билік (атқару, заң шығару, сот)
қызметіндегі олқылықтар туындататын жағымсыздықтың алдын алмаса,
азаттыққа қатер тӛндіруі, дүниетанымы солқылдақ жанды тура жолдан
тайдырып жіберуі мүмкін. Ендеше, президенттік республика Қазақ елінде
Елбасына түсетін жауапкершілік салмағы адам айтқысыз ауыр [2]. Бұл – бір.
Екінші жағынан, ХХІ ғасырдың Қазақстанын «нӛлден» бастап, екі
онжылдық ішінде құрған талантты, еңбекқор, толерантты халқымыз елін сүйген
Елбасына тіреу болған миссиясын атқаруды жалғастырғанда ғана басты мақсат
үдесінен шыға аламыз. Бірлік пен қауіпсіздік – бірін-бірі толықтыратын егіз
ұғымдар. Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға
алынды. Түрлі пікірлер ортаға салынды. Олар қоғамдық санаға игі әсер еткені
сӛзсіз. Алайда, ғылыми ізденістер бір арнаға тоғыспаған күйде қала берді.
Мемлекеттік биліктің ашық та жария қолдауынсыз ұлттық идея табылмайтыны,
тамырына қан жүгірмейтіні белгілі болды. Жұлдызды сәт Президентіміздің
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа
Жолдауын жариялаумен туды. Енді не істеу керек? Біріншіден, «Мәңгілік Ел»
идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол
бермеу керек. Бұл істен барша зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық
бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмауына Парламент пен
Үкімет, Президент Әкімшілігі жағдай жасағаны абзал. Екіншіден, заманауи
ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап
оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған артықтық
етпейді. Осылардың санасына, ӛмір салтына сіңген құндылық пен сенім
«Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.
Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер,
бизнесмендер, бай-бағландар қолдауының маңызы зор. Олар ғалымдармен
ынтымақтасуы арқылы мәселені тереңінен зерделеген еңбектердің дүниеге
келуіне кӛмектесер еді.Тӛртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды
Қазақстандағы барлық этностар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның
бір парасы ғана. Ол әлемдік ақпараттық, ғылыми кеңістіктерден ойып тұрып ӛз
орнын алуы керек.
Соңғы үш ғасырда қазақ даласында дүниеге келген озық ұлттық идеяның
бірде-біреуі жасампаз миссиясын толық атқара алмай, тарих қойнауына кірген
еді. Есесіне Кеңестік тоталитаризмнің таптық-партиялық қатыгез идеясы
тұлғаларымызды баудай түсіріп, Қазақстанды ӛркениет әлемінен жыраққа әкете
181
жаздады. Қазақ елінің мәңгілігіне, гүлденуіне қызмет ететін идея енді туды.
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» [2]. Жолдауының
мәңгілік ғұмыры басталды. Ӛз елімізді ӛркендету, кӛркейту бәрі-бәрі мына
жастар, яғни біздің қолымызда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Мәңгілік ел –халықаралық ғылыми – кӛпшілік журналы,.egemen.kz
2.
Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.- Қостанай,-2014
Достарыңызбен бөлісу: |