«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ҦЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН СПОРТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет73/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

ҦЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН СПОРТТЫҚ 
ДЕҢГЕЙГЕ ДЕЙІН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Балғабек Е. Ә. 
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 
4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құлтанов Д.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, ӛнегелі 
тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық 
құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын 
(этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын 
халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның 
бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты 
бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты 
қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән 
ерекшеліктер. Жас ұрпақ ӛз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен 
ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп 
таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-ӛрісін жетілдірумен бірге, 
ӛз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу 
құралы[1].


203 
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. 
Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның 
нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың ӛзектілігі туындап отыр. Халық 
педагогикасының адам, отбасы, ӛскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-
мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып кӛрсететін 
педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері ӛткен мен қазіргінің арасындағы 
байланысты кӛрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар 
ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең 
алдымен, халық педагогикасы ӛскелең ұрпақтың еңбек пен ӛмір сүру 
бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің 
халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі ӛте ертеден бастау алады. Ертеден келе 
жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сӛз жоқ, еңбек болып табылады. 
Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа 
ӛмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль 
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен 
еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір кӛне тиімді 
құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны ӛз 
бетінше зерделейді. Сӛйтіп, ӛзінің ӛмірден байқағандарын іске асырып, 
қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде ӛзі кӛрген 
жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, 
қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Кӛкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», 
«Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасымен 
қабілеттерін арттырады[2].
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып 
ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін 
ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, 
ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі 
болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы 
сіңіру арқылы баии түседі. Халықтың қалыптасуын айқындайтын оның ділі
тілі және этикалық тарихи айнасының жалғасы ұрпақтан-ұарпаққа мұрагерлік 
мирас жолымен жететін оның сан салалы мәдениеті. 
Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып, бүкілдүниежүзілік саяси 
аренадағы орны айқындалып жатқан сәтте, қазақстандық әр жеке адамның 
әлеуметтік дамуы мен ұлттық санасының ӛсуіне, денсаулығын сақтау 
мәселесіне терең ден қойылуда. 
Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бағыт-бағдар беретін 
негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы
«Қазақстан–2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
Білім беру туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы болып 
табылады [3]
1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру 
және спорт заңында «Дене тәрбиесі дені сау, дене бітімі және рухани жағынан 
жетілген, моралдік жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, 


204 
адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық 
ғұмырлығы мен ӛмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» екендігін 
атап кӛрсетеді [4].  
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңарту процесі ұлттық спорт ӛнерін 
және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі тәрбие ісіне кеңінен пайдалануға 
қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық күрес ӛнерін қайта 
жаңаруына байланысты бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажеттілігі нақты сезілуде. 
Оның ӛзі ұлттық спорттағы күрес түрін жаңа айқындамалармен толықтыра 
түсетін асакүрделі педагогикалық проблема болып табылады.
Мұндай проблема жасӛспірімдердің алдында дене тәрбиесіне спорттық 
күрестің ұлттық түрлерін пайдалануға, жалпы адамгершілік құндылықтарды 
бойына сіңірген, рухани дүниесі бай, жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу 
міндетін қойып отыр. Елімізде дене тәрбиесі мен спорт бағыттарында Қ.І. 
Адамбеков, А.О.Аяшев, Б.У.Алимханов, Қ.А.Құланов, Ж.Божиг сынды 
ғалымдар ӛз еңбектерінің негіздері ретінде жасӛспірімдердің дене тәрбиесі 
дайындығын дамытуға арнаған. 
Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні зор және 
дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы. Ұлттық ойындар тек ойын сауық 
жағынан ғана емес, ол – спорт, ол – ӛмір сүру үшін тәрбие құрамы, сонымен 
қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа 
мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық 
ойындар бала денесін шынықтырып, рухани жағынан ой-ӛрісін кеңейтеді. 
Ұлттық ойындарды пайдаланумен студенттердің денсаулығын жақсарту 
жолында қан айналымын, тыныс органын, зат алмасу процесін және жүйке 
жүйелері жұмысын нығайтуда маңызы зор. Қазақтың ұлттық ойындары дененің 
шынығуына, тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. «Бала жасынан 
ойнаған ойындарының әсерінен болашақ жұмысшы ғана тәрбиеленіп қоймай, 
мүсінді, дені сау, қоғамның қиындығына тӛзімді азамат шығады» - деп атақты 
педагог А.С. Макаренко айтқандай, дене қозғалыстарын жүйелі қалыптастыру, 
Отанның болашақ азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге әсерін тигізеді
Ұлттық ойындар жіктемелері педагогикалық процесті ұйымдастыру 
формаларының бірі болып табылады. Ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі 
әдістері болып саналады. Кӛркемдік-эстетикалық және дене тәрбиесінің 
бӛлінбейтін бір бӛлігі саналатын ұлттық ойындарда адам ӛмірінің бейнесі, 
тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық 
туралы кӛзқарастары жатыр.Ұлттық ойындарда жылдамдық, шеберлік, әдемі 
әсем қимылдар, шығармашылық ойлау қабілеттері кӛрініс тапқан. Ӛз 
ӛміріміздің серігі болғандықтан, ұлттық ойындар іс-әрекеттерінен үлгі-ӛнеге 
үйреніп, ӛзінше ой түйініп, патриоттық сана қалыптасады [5]. 
Ұлттық 
ойындардың 
тәрбиелік 
мүмкіндіктері 
жасӛспірімдердің 
патриоттық сезімдеріне игі әсерін тигізеді
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамыз. 


205 
2. 
Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан–2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына 
жолдауы // - Алматы: Білім, 2001.
3. 
Қазақстан Республикасының ―Білім туралы‖ Заңы. (2007).
4. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. // ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 
желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген. 
5. 
Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы заңы. 
1999 жылы 2 желтоқсан №490-І 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет