«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


ЕЛ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР



Pdf көрінісі
бет67/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115
 
ЕЛ ЕРТЕҢІ - БІЛІМДІ ЖАСТАР 
 
Ақболат А., Айтқалиева М. 
«Математика» мамандығының 2 курс студенттері 
Ғылыми жетекшісі: Ұзақова Б.З. 
 
Жастарсыз болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағынды ойла» - деген 
ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде 
жастарға білім мен тәрбие беру оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел 
келешегіне ӛз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай 
қалыптастырылған. Тек қана "Алға!" деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу 
керек. 
Ел ертеңi - бiлiмдi жастар. «Бұлақ кӛрсең кӛзiнаш» дегендей, қазақ 
жастарын бiлiмге бағытталуы керек деп ойлаймыз. Елбасы Н.Назарбаев 
«Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, 
Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап кӛрсеткен. Елiмiздiң болашағы 
жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар 
ата-бабаларымыздан мұра болып кележатқан құндылықтарымызды, тарихи 
дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, 
ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар 
еңбек жолына түскенде ғана қоғамын ӛрге бастыра алады. Отаншыл халық 
жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Ол, сӛзсіз, «ұрпақ қамы» деген 
ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру - сонау түркізаманынан бермен 
қарай желіс іүзілмей кележатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу - болашаққа 
ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, 


187 
ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие - ұлттық сана-сезімі 
жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің 
құрамдас бӛлігі [1]. 
Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам ӛзінің күшіне сеніп 
отыр, тауды да қопарып тастайтындай кӛрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, 
бизнесте болсын кӛшбасшылық танытады. Жастар тәрбиесінің жұмысты 
жақсарту, егемен еліміздің салауатты ұрпақтарын қалыптастыру - Елбасының 
«Болашақты іргесін бірге қалаймыз!» атты «Нұрлы жол - болашаққа бастар 
жол» жолдауында атап кӛрсетілген басты міндеттердің бірі. Болашағы зор 
айбынды Қазақстанның сенім артырар азаматтары - асқақ рухты жастар десек 
қателеспейміз. Білімді де, білікті жастар - еліміздің ертеңгі тірегі. Қазіргі 
жастарға кӛптеген мүмкіндіктер берілуде. Білім және ғылым министрлігі 
Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін 
бүкіл Қазақстанның білім беру жүйесіне тарату үшін олардың жетістіктерін 
жалпыға білім беру үдерісіне енгізуде. 
Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен 
маңызы 
күшейіп 
отыр. 
Ӛйткені, 
сапалы 
білім 
беру 
елімізді 
индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғы 
шарты болып табылады Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен 
тыныштығы ең басты назарда.
XXI ғасырдың басты капиталы - сапалы білім. Жастар ӛз күш 
жігерін,білімдерін тәуелсіз елінің гүлднеуіне жұмсаудан тартынбауы тиіс. 
Ендеше барлық жастар бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып 
кӛшбасшылардың салиқалы саясатын қолдап, игі істерді сӛзбен ғана емес, іспен 
дәлелдесе ұлт болашағының айқындалуының белгісі - сол. Ықылым заманнан 
бері қазақ атамыз " Білекті бірді, білімді мыңды жығады" деген сӛз қалдырған. 
Қазақтың бұл мақалының ӛзі бүгінгі күні айырықша мәнге ие болып отыр. Бұл 
заман білекке емес білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең 
алдымен біліммен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, 
тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Елбасы жастар саясатына 
соңғы жылдары зор мән беріп келеді. Кӛреген басшымыздың бастамасымен 
қазақтың барлық ӛңірінде біріңғай балалармен жасӛспірімдердің «Жас ұлан» 
және «Жас қыран» ұйымдарын құрып, болашақты ел ісіне араласатын тұлға 
тәрбиелеу ісі қолға алынды. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық - 
рухани күш, қуат кӛзі жоқ екені белгілі. Ӛйткені, білім - тек ғылымның іргетасы 
ғана емес, сонымен бірге тасы ӛрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең 
мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтыны. Білім және ғылым 
министрлігі Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері 
тәжірибесін бүкіл Қазақстанның білім беру жүйесіне тарату үшін олардың 
жетістіктерін жалпыға білім беру үдерісіне енгізуде. Жаңа заман тәуелсiз ел 
мұраты - жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп 
ӛсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық 
намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, кӛркеюi жолында терiңдi тӛгiп 
еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», - дейдi Елбасы бiр 


188 
сӛзiнде.Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында 
жалынды еңбек етуге даярмыз [2.б.132]. 
Қортындылай келсек қазақтың болашағы - жастар деген. Алда 
болашағымыздың Бәйтерегіне нәр беретін де тек намысшыл қазақ ӛреңдері. 
«Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу, аға болар азаматтың етегін 
жаппа жолын қу» деген осындай - ақ болар. Елбасымыздың жастарға «Сендерді 
ең алдымен қалыптасқан тұлғалар тамаша кәсіпқойлар және шынайы 
патриоттар тұрғысында кӛремін» деген сӛзін бүгінгі жас ұрпақ ашық сезініп, 
білім бұлағымен сусындауға зейін қоюда деп ойлаймыз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы

Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар 
жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет