«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫНДА ҚИЫНДЫҒЫ БАР ЖАСӚСПІРІМДЕРДІ



Pdf көрінісі
бет71/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115
МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫНДА ҚИЫНДЫҒЫ БАР ЖАСӚСПІРІМДЕРДІ 
ПЕДАГОГИКАКЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҦРҒЫДА ТАЛДАУ 
 
Байтӛреева Ж. 
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Тәуекелова А.Е. 
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі 
пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті ӛмірде ӛз 
деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім 
оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің 
(түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сӛйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі 
дамытып отыруы қажет. Сондықтан жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл 
қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық 
тәуелсіз 
мемлекет 
орнату 
болшағына 
бағдарланған, ұлттық 
және 
жалпыадамзаттық құндылықтарға үйлестірілген ұлттық тәрбие берудің үлгісін 
жасау және білім беру кӛлеңкесінде қалып қоймайтын, керісінше тәрбие 
мәселесін тӛрге қоятын тәрбие-білім жүйесін іске қосу – бүгінгі күннің кезек 
күттірмейтін басты мәселелерінің бірі болып табылады [1]. 
Жасӛспірімдік жас мінездің қалыптасуы кезеңі. Дәл осы жаста мінездік 
типтердің кӛпшілігі қалыптасып, мінездік норманың түрлі типологиялық 
варианттары анық байқалады, себебі мінез қырлары әлі басылып, ӛмірлік 
тәжірибемен компенсацияланбаған. Мінездік норманың шеткі кӛріністері 
акцентуация терминімен беріледі. Акцентуация терминін алғаш рет неміс 
психиатры мен психологы Карл Леонгард енгізген болатын. Кеңестік 
психологияда мінез акцентуациясын зерттеп, классификациясын ұсынған 
балалар психиатры профессор А.Е.Личко болды. Қысқаша акцентуация мінез 
дамуының дисгармониясы, жеке қырлардың айқын кӛрінісі деп те анықтауға 
болады. Бұл анықтамадан тұлғаның белгілі бір әсерлерге әлсіздігін және белгілі 
бір жағдайларға бейімделуінің тӛмендігін байқауға болады. К.Леонгард 
еңбектерінде «тұлға акцентуациялары» және «акцентуациялы мінез қырлары» 
түсініктері қолданылады. Ал, Личко «тұлға акцентуациясы» дегеннен гӛрі 
«мінез акцентуациясы» деген орынды деді, себебі бұл жерде мінез 
типологиясының ерекшеліктері қарастырылып отыр. Ал қазіргі кезде екі 
терминнің қолданылуы да орынды деген кӛзқарастар бар. Акцентуацияны 
паталогияға жатқызу кең тараған қателіктердің бірі. Акцентуация мінездік 
норманың шеткі варианты деп те анықталады. Мінез акцентуациясы бар 


196 
адамдар қалыпты. Бірқатар еңбектерде акцентуацияның таралуының ӛзіндік 
факторлары бар. Олар ортаның әлеуметтік мәдени сипаттамалары, 
индивидтердің жастық және жыныстық ерекшеліктері және т.б. Неміс 
ғалымдарының зерттеулерінше ересек адамдардың 50% акцентуациялы. Әрине, 
акцентуция 
динамикасы 
мәселесі 
жеткілікті 
қарастырылмағанымен, 
акцентуация жасӛспірімдік шақта анық, ӛткір байқалатыны белгілі болды. Ӛсе 
келе анық акцентуация жасырын түріне ӛтеді немесе компенсацияланады. 
Н.Я.Иванова зерттеулері бойынша жасӛспірімдердің акцентуациясы жыныстық 
ерекшеліктеріне байланысты [2].
Мұғалім психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі 
тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу кӛп ойлануды, кӛп ізденуді қажет 
етеді.
Мұғалім мен жасӛспірім арасындағы қарым-қатынаста мұғалімнің негізгі 
жұмыс бағыттары:
Жасӛспірімнің жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің 
ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау
Жасӛспірімнің ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
Жасӛспірімді қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық 
түрлерін (жеке-дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.
Жасӛспірімдердің еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
Сыныпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар жасӛспірімдердің дара 
ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог 
К.К.Платоновтың кӛзқарасы бойынша «жеке адамның психологиялық 
құрылымы» тӛрт бӛліктен түрады:
Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас ӛзгешеліктері, яғни 
биологиялық қасиеттері;
Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлік, 
түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері жатады;
Үшінші, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі 
мен ептілігі;
Тӛртінші, оның жалпы адамгершілік қасиеттері- жеке адамның 
бағыттылығы. 
Сонымен қатар, акцентуация үлесі білім беру мекемесіне байланысты 
екенін анықтады К.Леонгард бойынша акцентуацияның негізгі типтерін 
сипаттап кӛрсетейік. Гипертимді тип. Бұл типтегі тұлға ерекшелігі ол үнемі еш 
себепсіз кӛтеріңкі кӛңіл күйде жүреді. Кӛтеріңкі кӛңіл күй жоғары 
белсенділікпен, 
әрекетке 
құштарлықпен 
қатар 
кӛрінеді. 
Қарым-
қатынасшылдық, шектен тыс сӛзшеңдік тән. Қиыншылықтар кезінде 
оптимизмін жоғалтпайды және ӛздерінің белсенділігінің арқасында 
қиындықтарды оңай жеңеді. Дистимді тип. Гипертимге қарама-қайшы тип 
акцентуация. Дистимдер ӛмірдің кӛңілсіз, қараңғы жақтарына ден қояды. Бұл 
ерекшелік олардың қарым-қатынасында, мінез-құлқында, ӛмірді қабылдау 
ерекшеліктерінде, жағдайлар мен басқа адамдарды қабылдауында анық 


197 
байқалады. Олардың мінезі салмақты. Белсенділік оларға тән емес. Циклотимді 
тип. Ерекшелігі гипертимді және дистимді күйлердің ауысып отыруы және бұл 
ауысу сирек және кездейсоқ болмайды. Гипертимді фазада қуанышты оқиғалар 
жағымды эмоциялармен қатар белсенділікті, сӛзшеңдікті, әрекетшілдікті 
тудырады. Кӛңілсіз оқиғалар жабырқаумен қоса адамның ұнжырғасын түсіріп 
жібереді. Бұл кейде реакциялар мен ойлау баяулап, эмоциялық араласу 
тӛмендейді. Шоғырланушы тип. Тұлға аффектінің жоғары тұрақтылығымен, 
эмоциялық әсердің, бастан кешулерінің ұзақтығымен сипатталады. Жеке 
қызығушылықтарымен намысына тиюді, реніштерін ұзақ есте сақтайды. 
Сондықтан да оларды басқа адамдар кекшіл деп сипаттайды. Оның себебі, 
аффекті бастан кешіру қиялдаумен, мүмкін жауаптарды ойластырумен, кегін 
алуды жоспарлаумен қатар жүреді. Олардың ӛкпешілдігі анық байқалады. 
Эмотипті тип. Нәзік эмоцияларға жоғары сезімталдықпен және сезімдерінің 
тереңдігімен сипатталады. Оларға ақкӛңілдік, мейірімділік, жұмсақтық, жоғары 
дамыған эмпатия тән. Бұл ерекшеліктер анық байқалады және түрлі 
жағдайлардағы сыртқы реакцияларында кӛрініс табады. Кӛңілі бостық, 
жылауықтық та эмитивтілерге тән ерекшелік. Педантты тип. Анық байқалатын 
белгілері шектен тыс ұқыптылық, реттілікке ұмтылыс, шешім шығара алмау, 
сақтық. Іс жасамас бұрын ұзақ ойланады. Педанттылықтың астарында жаңа 
жағдайларға, жауапкершілікті мойнына алуға бейімделе алмауы жатыр. 
Олардың ӛздерінің үйреншіті істерін жақсы кӛреді, жұмыстарын сирек 
ауыстырады. Жұмыста ӛте тәртіпті адамдар. Мазасыз тип. Мазасыздану деңгейі 
жоғары. Ӛз ӛмірі үшін, жақындарының ӛмірі үшін қорқу, мүмкін 
сәтсіздіктерден қорқу тән. Бұл қорқыныштардың объективті себебі мәнді емес 
не мүлдем жоқ. Ұяңдық, басыңдылық тән. Сыртқы жағдайлардан үрейлену ӛз 
күшіне сенбеушілікпен қатар жүреді. Демонстривті тип. Демонстривті 
тұлғаның негізгі ерекшелігі басқаларға әсер қалдыру, ӛзіне зейін аударту, 
әрқашанда ортада болуға деген қажеттілік. Бұл ӛз-ӛзін кӛрсетуге ұмтылыста 
кӛрінеді. Ӛз ӛзін мақтау, ӛзі туралы айтуды ұнатады, ӛзі туралы әңгімелердің 
кӛбі қиялдан туған не әсіреленген болады. Қозғыш тип. Мінез-құлқы 
импульсивтілікпен сипатталады. Олар қарым- қатынаста және мінез құлқында 
логикаға санаға жүгінбейді, импульсқа, құмарлыққа, қадағаланбайтын 
ұмтылыстарға бағынады.
Әлеуметтік қарым-қатынас пен ӛзара әрекеттестікте шыдамсыздықпен 
сипатталады. Экзальтацияланған немесе лабильді тип. Оларға буырқанған 
реакция тән, қуанышты оқиғадан тез әсерленіп, кӛңілсізден тез жабырқайды ӛте 
әсершіл. Ішкі әсерлері сыртқа айқын кӛрініп тұрады Акцентуация типі мінездің 
әлсіз тұстарын кӛрсетеді. Тәрбиешілер мен педагогтар «қиын бала» деп 
сипаттаған жасӛспірімдер тәртібі тӛмен, дӛрекі сӛйлейтін, сабақты себепсіз 
босататын, ішімдікке жақын; ер жасӛспірімдерге деликвенттілікке бейімділік, 
маскулиндік мінез-қырларының басымдылығы тән. Қиын қыз балаларда 
истероидтты немесе демонстративті акцентуация басым, деликвенттілікке, 
алкогольге бейім. Қылмыстық мінез-құлыққа жасӛспірімдерде эпилептоидттық 
және шизоидттық типтер, тұрақсыз және истероидтық қырлар байқалады. 


198 
Сабақ үлгерімі нашар, тәртібі нашар балаларда қырсықтық, негативизм, 
агрессивтілік, ұстамсыздық, конфликтіге бейімдік сияқты мінез-құлық 
ауытқушылықтарын кӛрсетеді. Олардың арасында конформды және тұрақсыз 
тұлға типтері кӛп кездеседі [3]. 
Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік 
маскүнем, бала тәрбиесіне кӛңіл бӛлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар мінез-
құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бӛледі:
а)сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) оқушылар (жьшауық, 
кекшіл т.б.);
б)агрессивті;
в)қыңыр, қырсық;
г)ұялшақ;
е) тынымсыз, белсенді бала
Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:
1.Қабылдамау
2. Гиперсоциалды
3. Қорқақ-секемшіл
4.Эгоорталықты
Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. 
бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде 
баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала 
кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді [4]..
Гиперсоциалды — мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана 
баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе 
ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте 
баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. 
Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты 
ӛмір сүреді.
Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы 
шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, 
жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде 
бала жиі-жиі ӛзіне«Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен ӛліп қалмаймын ба?» 
деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан 
тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген 
нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, ӛкпелегіш, 
ӛзіне сенімсіз болады.
Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-
қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың 
ортаға деген кӛзкарасы тӛмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық 
уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі кӛңіл бӛліп отыруы керек, 
«болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. 
Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді 
Қорытындылай келе осылай дұрыс тәрбиелемеуден баланың мінез-кұлқы 
қиын болып қалыптасады. Сондықтан әрбір отбасы дұрыс тарбие бермеуден 


199 
алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес 
мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, арнайы бағыттар 
бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты 
байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» 
қатарынан кӛрінбейтіндігіне сенімдіміз[ 5].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қайырова Ж. Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен 
факторлары /Қайырова Ж.// Қазақстан мектебі – 2006
2.Әбеуова И. Мінез-құлқында қиындық бар оқушыларды анықтау 
жолдары/Әбеуова И// Ұлағат – 2004Әлеуметтік психология 
3. Кон И. С. Психология старшеклассника. - М., 1980. 
4. Леонгард К. Акцентуированные личности. Киев, 1981.
5. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Л., 1983. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет