«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


«МӘҢГІЛІК ЕЛ»ҦЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет70/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ»ҦЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ 
БЕРУ ЖҤЙЕСІ 
 
Әлиайдар Б. 
«География» мамандығының 2 курс студентті 
Ғылыми жетекшісі: Байгукин Ғ.Т.
«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан 
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.Ендігі ұрпақ – мәңгілік 
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен 
мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» 
стратегиясының түп қазығы етіп алдым». 
Н.Ә Назарбаев 
Алтын күмбезді кӛгімде қыран құсты байрағы желбіреген,айбарлы 
әнұраны асқақтаған,даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімізді мақтан 
тұтамыз. Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп,сұм соғыстың 
тауқыметін тартып,қыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды 
десеңші?! Мінекей туған еліміз небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе 
де,мойынсұнбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты ―Қазақстан‖ 
деген мемлекет орын алды [1].. 
Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі.Осындай 
еңсесі іргелі,тұғыры нық,ырыс пен ынтымағы,береке мен бірлігі жарасқан елдің 
ұланы екенімізді мақтаныш етеміз.Ата-бабамыздың қайссарлығынан қуат,ӛрелі 
ӛшпес 
сӛздерінен 
ӛнеге,тағылымды 
тәрбиесінен 
тәлім,батылдығынан 
бойымызға жігер жинап,керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны 
боламыз.Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын 
болсақ,әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес. 


194 
Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырған тоғыз жолдың 
торабынды орналасқан Еуразияның кіндігіндегі алып,дамушы мемлекет [2].. 
Мәңгілік ел Мәңгілік Қазақстан Ата бабаларымыздың мәңгілік арманы
мәңгілік аңсары болатын. Ертеңгі аймаңдай күннен үмітті біздің елдің ұраны 
да, жыр-әні де сол болуға тиіс. Алайда, байлық пен абырой, жаңарулар мен 
жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған жетуден үміткер елдің еңкейген кәрісі 
мен жел кӛкірек жасы тек нәтижелі Еңбек пен тұғырлы Ғылымға ғана арқа 
сүйеуі қажет. Қазақстанның Мәңгілік ел болуы дегеніміздің бір парасы 
осындай. Қазақстанда алдағы 15-17 жыл ішінде аса ауқымды ӛзгерістер мен 
жаңғыртулар болмақ. Дегенмен, 2050-ге жеткізер жолдағы ұлан қайыр 
бәсекелестікті де назардан шығармаған жӛн. Бүгінгі таңда мемлекеттің 
қарыштап дамуының басты кӛрсеткіші – оның Экономикалық Ынтымақтастық 
пен Даму ұйымына мүшелігімен ӛлшенеді. Біздің еліміз әлемдегі нағыз қой 
үстіне бозторғай ұя салар жұмаққа айналады. Бұл мұраттарға жету оңай емес. 
Әр бес жылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар 
дер кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттарымызға жетеміз [3].. 
Президенттің жалпы ұлттық идеясы – еліміздің рухын кӛтеретін,ұлы 
мақсаттарға жеткізетін ―Мәңгілік ел‖ – елімізді ӛз мақсатына талай дәуір 
сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама.Осының барлығы дамыған 30 
елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сӛзсіз.Бұл үшін бізде барлық 
мүмкіндіктер:ресурстар,білімді 
адамдар,жұдырықтай 
жұмлған 
ұлтымыз 
бар,деді Елбамыз.Ел басшысы ӛз сӛзін ары қара жалғастыра келе: ―Біз бәріміз 
бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреу-қасиетті 
қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-тәуелсіз Қазақстан. 
Біз болашаққа кӛз тігіп,тәуелсіз елімізді ―Мәңіглік Ел‖ етуді мұрат қылдық. 
―Қазақстан-2050‖Стратегиясы осынау әңгілік жолдағы буындар бірлігінің 
ұрпақтар сабақтастығының кӛрінісі.Бабалардың ерлігі,бүгінгі буынның ерен 
істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз 
―Мәңгілік Ел‖ боламыз. Рухани құндылықтарын жоғалтқан жұрттың болашағы 
бұлыңғыр екендігін, мемлекеттің негізін құрайтын халық – қазақ болса, оның 
тілінің, ділінің, салт-дәстүрінің басқа этностарды тӛңірегіне топтастыратынын 
үлкен рухани тірек болуы керектігін ескертеді...Міне, «Мәңгілік ел» 
тұғырнамасы философиясының кейбі ртараулары осындай тереңге тартады [4]. 
Түйіндей айтсақ, Қазақстан елінің тағдыры үшін ӛткен ата-бабалар мен 
болашақ ұрпақ алдында,қазақ халқы-басты жауапкер.Сондықтан да,біздің ілгері 
ӛркендеп, дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде ӛткен 
даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, ӛкпе мен ӛкінішке кӛміліп, тарих 
қалтарысында қаламыз ба?-ол қазақ халқының парасатына, ұлы мақсаттарға 
жетелейтін- Мәңгілік Елдің жасампаз ұрпақтарына байланысты болмақ! 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 


195 
2. 
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы – жастардың 
болашағын айқындау. 
3. 
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 
4. 
Нұрсұлтан Назарбаев.Нұрлы жол-болашаққа бастар жол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет