208
олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10
Мбитк) Интернетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.
Ӛзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея,
АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне
сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының
контентін Қазақстан
жағдайына бейімдеп, дамыту.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға
ерекше кӛңіл бӛлуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында
педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше кӛңіл бӛле отырып, «Базалық
педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын
талаптарды күшейту қажет»,- деп атап ӛтті. Сондықтан жаңа модельге
педагогикалық мамандықтарға абитуриенттерді қосымша іріктеу,
жоғары оқу
орындарында мұғалімдерді даярлау стандарттарын қайта қарау, бітірушілерді
сертификаттау, біліктілікті арттыру жүйесі сияқты элементтер енуі тиіс– деді
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов ҚР Білім және ғылым
министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы сӛйлеген сӛзінде.
ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Білім және
ғылым министрлігі электрондық оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыс
жүргізіп келеді.
Электрондық оқыту үдерісінің оқушыларды дайындау сапасына қатысты
әлемдік
тәжірибесі зерттеліп, 2011 жылдан бастап Қарағанды облысында,
Алматы және Астана қалаларында 44 білім ошағында осы жоба қолға алынды.
Ағымдағы жылы осы жүйеге 537 мектепті қосу, ал 2013 жылы - 900 мектепті
қосу жоспарланған.
Шенеуніктің айтуынша, 2015 жылға қарай білім ошақтарының тең
жартысы, ал 2020 жылға дейін -90% жуығы "E-learning" жүйесіне қосылатын
болады. "E-learning" жүйесі енгізілгеннен кейін, оқу процесін басқару ауысады.
Сандық білім ресурстарын қолдану оқушылардың сабақ процесіне,
бағдарламаны игеруге деген ықыластарын арттырып, соның арқасында білімнің
сапасы да арта түспек.
Негізгі міндеттер:
-Білімді басқару жүйесін автоматтандыру;
- Білім беру үрдісін технологияландыру ;
-Отандық цифрлық білім ресурстарының индустриясын құру үшін жағдай
жасау.
Жасалынған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсек, курс ӛткізу үшін
келесі
нұсқаулар дайындалған:
-курстың оқу-тақырыптық жоспары;
-курс ӛткізу үшін таратпа материалдар.
Курс мазмұны нормативтік-құқықтық, мазмұндық және технологиялық
модульдерден тұрады. Нормативтік-құқықтық модульде мынадай тақырыптар
қарастырылған:
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары;
209
-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауындағы басым
бағыттар 2010-2015 жылдарға арналған электрондық оқыту жүйесінің
тұжырымдамасы.
Мазмұндық модульде:
-Білім беруді модернизациялау факторы ретінде мектептің ақпараттық
білім ортасын құру;
-«Оқытуды басқару жүйесі (LMS)» ішкі жүйесінің
қызметтеріне
қойылатын талаптар;
-Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу бойынша эксперимент
жүргізу әдістемесі;
-Электрондық
басқару міндеттерін жүзеге асырудың шарты –
психологиялық-мониторингтік жүйе ;
-Оқытудағы
ақпараттық-коммуникациялық
және
интерактивтік
технологиялар - тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын
қалыптастыру негізі;
Электрондық оқыту жүйесін қолданушылардың ӛзара байланыстарын
қамтамасыз етуде «Менің сабақтарым», «Менің бағдарламам», «Сандық білім
ресурстары» модульдерін енгізу технологиясы қолданылады.
Электрондық
портфолио
-
пән
мұғалімдерінің
ақпараттық-
коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру құралы болуы керек.
2012 жылы электронды оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін кадрларды
даярлау бӛлігінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на,
электронды оқыту жүйесін міндетті пайдалану бӛлігінде орта білім берудің
МЖМБС-на ӛзгерістер енгізілген.
Электронды оқыту жүйесінде қолданылатын,
электронды оқулықтарды
және оқу-әдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені
қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті,
техникалық регламенті (электронды оқытудың жүйесін алып жүру және
қолдану) әзірленеді және бекітіледі.
Педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі –
АКТ) – құзыреттілігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз
ету, электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау мен біліктілігін
арттыру қажет [2].
Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы
қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа
түрлері, КЖҚ-ға қол жеткізу және т.б.
Әкімшілік, оқу ісі жӛніндегі меңгеруші, мұғалім, оқушы,
медициналық
қызметкер, кітапханашы үшін
функционалдар әзірленуде.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін,
күнделігін алып жүреді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар
электронды дәптерді, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда
болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы
оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және
210
т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені,
сабақ кестесін,
үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагог қызметін,
есептілікті және т.б. оқу ісі жӛніндегі меңгеруші жүзеге асырады. Жүйе
әкімшісі локальды және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесі немесе
дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, кӛп қолданылатын компьютерлік
жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Оқу процесін автоматтандыру кезең-кезеңімен енгізіледі:
Бірінші кезең – 2011 - 2015 жылдар;
Екінші кезең – 2016 - 2020 жылдар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы – Алматы.
2.
«Мектептегі шетел тілі» әдістемелік журналы.
Достарыңызбен бөлісу: