Мәңгілікпен үндесу


Әрдайым сау-саламатта болыңыз, құрметті Гер-аға!



бет20/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Бельгер. Мәңгілікпен үндесу

Әрдайым сау-саламатта болыңыз, құрметті Гер-аға!

Сексеннің сеңгіріндегі тойларда жолығайық.

Сіздің бапкеріңіз қадірлі жеңгеміз – Раиса Закировнаға алғысқа толы көңілмен сәлем жолдаймын.

                                               Құрметпен,    Мұхтар Құл-Мұхаммед»

Хаттағы соншалықты ыстық махаббатпен жазылған сөздерді қабырғалы қаламгердің сан қырлы творчествосына ғана емес, кісілік келбетіне, азаматтық болмыс-бітіміне, ең бастысы таудай талантына берілген баға ретінде қабыласақ та қателеспейміз. Қазақтың сөз өнерінде қанаты кеңге жайылмағанымен, тап осындай сұхбаттасу үлгісіндегі хат жазысу арқылы, көпшіліктің көңілінде қордаланған күрделі сауалдарға жауап іздейтін көркем сын Батыс әдебиетінде жақсы дамыған.

Хатпен танысқан соң ондағы ақиқатты танып-білуге талпынған жүйелі зерттеудің нәтижесінде туған салиқалы пікірлерге жазушы Бельгер жауап берді ме деген ойлар қайта-қайта менің көңілімді алаңдатып жүрді. Жазылған болса, ол хатта не айтылды   екен. Күрескер рухтың иесі жұрт көңілінде жүрген көп сауалға ұрымтал жауап бере алды ма? Өзіне деген ерекше ықыласпен жазылған хатты оқып шыққанда жаны нәзік жазушы қандай әсерді басынан кешті, қалай толқыды екен?

Өнердің өрелі-өрелі мәселелеріне жанын ауыртып, жүрегіндегі қиян-кескі арпалысты жеңе алмай, әділет үшін күресіп, қиянаттың аяғына жығылмайтын Бельгердің бұл хатты жауапсыз қалдырмағанын іштей сезгенмін. Реті келгенде сұраймын деп жүргенімде, кенеттен Герағаң дүние салды. Өмірдегі әділетсіздікпен жағаласып, адамдық табиғатына  шаң жуытпаған үлкен жүрек соғуын тоқтатты.  Адамдармен сөйлесуге, сырласуға құштар абзал жан мәңгілікке көз жұмды. Жылт ете қалған жақсылыққа баладан бетер қуанып жүретін Герағаңды  уақыт өте келе туған ағамдай қатты сағынатынымды мен ол кезде қайдан білейін. Күндер, айлар өткен сайын басылудың орнына жүрегімдегі жалыны өрши түскен сағыныш жұмбақ болып қалған сауалдың жауабын іздеуге итермелей түсті. Көңілімдегі тұманы тарқамаған сауалдың жауабын бір күні Мұхтар Құл-Мұхаммедтің өзінен сұраудың мүмкіндігі туды.  Ол кісі Герағаңмен болған достық қарым-қатынасы жайында әңгіменің майын тамыза отырып, хатына берген жазушының жауабын көзінің қарашығындай сақтап жүргенін айтты.  Мен Мұхаңнан аттай қалап, хаттың көшірмесін сұрап алдым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет