Мәселе, «соңғы томдағы ишараға» байланысты. Ол «ишара» дәл Сізге бағышталмаған. Меңзегенім басқа тұлғалар еді. Оның біреуі неміс, біреуі орыс, үшіншісі қазақ болатын. Немісте ақша жоқ, орыстан қайыр жоқ, нысана баяғы қазаққа тіреледі. «Үш том шығаруға бейілмін» – депсіз. Рахмет! Бірақ оған мен құмбыл емеспін. Менің ниетім өзгешелеу.
Тартпамда шамасы 23 б.т. күнделік жазбаларға негізделген әдеби портреттер жатыр. Аты «Вблизи и рядом». Оған алты портрет кіреді: Шота, Мұрат (Әуезов), Әбіш, Баққожа, Асқар, Әбе. Алғашқы екеуі терілген, қалғандары жазба күйінде дайын. Әлбетте, бұл кітаптың жарық көргені жөн болар еді.