Мәңгілікпен үндесу



бет27/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бельгер. Мәңгілікпен үндесу

Хатыңыз, Мұқа ой қозғайды. Ақи-тақи жауап беруге менде қазір әл-дәрмен жоқ. Жауабымның нобайын ауруханада түртіп қойып едім. Дәл қазір диванда там-тұмдап көшірудің қамындамын.

Сізге таныс Эйзенхауэр 8 инфаркт алған екен. Демек, мен оған әзір жете қойғаным жоқ»

Сұңғыла суреткер, айтар ойы да, жазу стилі де күрделі Асекең – Асқар Сүлейменов хақында күні бүгінге дейін біраз дүние жазылды. Оның ішінде әсерлі естеліктер де бар, суреткермен сырласып, сұхбат құрмаса да, бірге жүргендей болып, өтірікті шындай етіп сапырған мақалалар да жоқ емес.

Бірақ талантты қаламгердің ешкімге ұқсамайтын дарыны, телегей теңіздей білімі, шеңберге сыймайтын мінезі, советтік шындықты қабылдай алмаған тәкәппарлығын өте шебер суреттей алған бір адам болса, ол ұлты неміс, қазақ қаламгері – Герольд Бельгер. Нән кітап болып шыққан жазушының күнделігінде ең жақын досы болған Асқар Сүлейменов туралы ол бәрінен де жақсы жазды. Күнделіктегі Асекең жайындағы жазбаларды оқи отырып, белгілі бір ситуациялар барысында сан қырлы талантының табиғаты ашыла түскен нағыз Асқар Сүлейменовты жазбай танығандай әсер алдым. Бәрін болмаса да солардың бірін мысалға келтірсек те, сөзіміздің шындық екеніне көзіңіз жете түседі.

«Кеше Асқарда болдым. Сыр шертістік. Музыка тыңдадық. Горький туралы әңгімелестік. Мен оның данышпан екенін айттым. Асқар оны аса жақтырмай «Қарапайым Иван» деді.

Ол күйтабақ ойнатқышқа Тәттімбеттің «Сарыжайлауын» қойды. «Тәттімбет – ұлы композитор. Күңіренеді де отырады. Ол – музыкадағы философ. Еш уақытта да күлмейді. Қазақтардың – Бахы. Ол – Құрманғазының антиподы» дегенді айтты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет